Жол тәртібін жадыңда ұста!
Сабақтың тақырыбы: Жол тәртібін жадыңда ұста!
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жол ережесімен таныстыру. Жол қауіпсіздігін сақтаудың адамдар өміріндегі маңыздылығын ұғындыру, көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын дамыту. Оқушыларды зейінді, епті болуға, сақтыққа, саналылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, интерактивті тақта,жолда жүру ережелері туралы фотосуреттер, слайдтар, қызыл, жасыл, сары түсті жетондар, стикерлер
Сабақтың түрі: сайыс жарыс сабағы.
Сабақтың барысы:
Мұғалім: Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан қаншама адамдар зардап шегуде. Оның себебі көптеген жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер жолда жүру ережелерін сақтамайды әрі өте нашар біледі. Міне, осы мақсатта біздің сыныбымызда бүгін «Жол тәртібін жадыңда ұста!» атты жол ережелеріне арналған тәрбиелік шара өткізбекшіміз. Ендеше, қош келдіңіздер!
Бағдаршамның шығу тарихы «Тарих тағылымы»
1– оқушы: Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапқанын білесіңдер ме? Ал, ендеше тыңдап көрелік.
Алғашқы бағдаршам темір жол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Оны көше қиылысына ыңғайлап қайта жасаған ағылшын инженер – механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты.
2 – оқушы: Алдымен түрлі – түсті сигнал қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды. Өкінішке орай, бірде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады да, содан жарты ғасыр бойы ұмыт болады.
3 – оқушы: Тек 1914 жылыАмериканың Кливленд қаласына, сосын Нью-Йорк, т. б. қалаларындапайда бола бастайды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана: қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолданыла бастады.
4 - оқушы: Бағдаршам – өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек. Оның беретін сиқырлы өмір сөздері бар.
Менің үш көзім бар.
Біркөзім «кідір» дейді,
Біркөзім «жүгір» дейді.
Біркөзім «абайла» дейді,
Қарапқалмамаңайғадейді.
5 - оқушы: Жолдар қиылысында,
Қалтарысып қысылма.
Көлденеңнен жол болса,
Кібіртектеп тоспа оны.
Бос болмаса алайда,
Сақтық жаса абайла.
Қалмас үшін соқтығып,
Ол өткенше тос тұрып.
6 – Оқушы Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, жүріп – тұруды реттеу қажеттілігі сонау бір машинаның аз кезінде туған көрінеді. Алғашрет 1868 жылы Лондон қаласында теміржол бағдаршамы орнатылды. Ол қолмен алмастырылатын және алмастыру үшін арнаулы адам тұратын еді. Әрі ол көп уақыт алатын болды. Кейінірек, 1870 жылы Америкада электр бағдаршамдары пайда болды.
7-Оқушы: Ресейде алғаш жолдарды I Петр салдыра бастаған. Автокөлік жүргізушілеріне жолда дұрыс жүру қатаң ескертілді. Ресейде үштүрлі бағдаршамдар 1920 жылдары іске қосыла бастады. Бертін келе оны автомат жүйесіарқылы басқару ойластырылды.
8 - Оқушы: Ал, бүгінгі таңда бағдаршамды электронды есептеу машинасы арқылы басқару жүзеге асырылған. Қазақстанда бағдаршамдар барлық ірі қалаларда орнатылған. Қазақстанда 1917 жылға дейін небәрі 127 км ғана жол бар болатын. Елуінші жылдары республикамызда асфальт жолдардың ұзындығы отыз мың км болды. Ал қазір сегіз жүз миллион км – ден асады.
9- оқушы: Көреген дәу қырағы,
Көшемізде тұрады.
Ол бергенде команда,
Бағынамыз әманда!
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
Тоқта! Сақтан! Жолашық!
Жүрме жолға таласып.
10-оқушы Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзінашқанда
Өтебергін жасқанба!
11 - оқушы: Үйрен таппай тыным бір,
Белгілердің тілін біл.
Егер оны білмесең,
Тартар жолың бұлыңғыр.
12 - оқушы: Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,
Хабарлайтын бар қауіпті оң сапарға жолдаған.
Маған қарап жүрер болса жүргізуші, жаяу да,
Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған
13 - оқушы: Есігінен артқы
Көлікке сен мінгін.
Енді есіктен алғы
Түсеріңді білгін.
14 - оқушы: Тоқта, жолдас!
Тоқта, жолдас! Бұзба көше тәртібін,
Өткізе алмай, өміріңнің артығын.
Жүрсіңбе сен, қалай – қалай басасың,
Тоқта! Байқа, ойла, қателесесің,
Ал кеп қалды, автобус пен трамвай.
Тоқта, жолдас! Тәртіп бұзба, жүр былай,
Саспа босқа ақтық па да аптық па.
15 - оқушы: Көше заңын білмесең,
Үлкенменен жүр бірге сен.
Олардан кетпе алыстап
Қолдарынан алыстап,
Көше заңын оқижүр,
Көңіліңе тоқи жүр.
Жасама әсте ағаттық,
Аялдай тұр ағаттық.
Викториналық сұрақтар
1) Жүргіншілер деген кімдер? (көшеде жаяу жүрген адамдар)
2) Қала көшелерінде жаяу адамдар қандай жолмен жүруге тиіс? (тротуармен)
3) Тротуар деген не? (жаяу адамдарға арналған жол)
4) Автобусқа қай есіктен мініп, қай есіктен түседі? (алдан түсіп, арттан мінеді)
5) Адамға машинаны жүргізуге қандай құжат керек? (жүргізуші куәлігі)
Ойлан тап
Мұғалім: Ал енді менің жұмбақтарымды шешуге дайынбыз ба?
Ала таяқ ұстаған
Жол тәртібін нұсқаған
Өміріңді күзеткен
Ысқырығы түзеткен (полиция)
Көше бойлап аяңдайды
Адам тасып аялдайды (автобус)
Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та
Бақырайған үш көзі бар бірақ та (бағдаршам)
Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді
Жүк емес жануар да жүз адам да,
Шылбырын сымға байлап тез жөндейді (трамвай)
Қатар жатқан қос білек
Үстінен келер күш үдеп (теміржол)
Жерасты даңғылы
Көлігінің зулаған
Естіледі соңғылы (метро)
Арқаным бар тым ұзын
Ала алмайсың бір үзім
Ақылға салып ойланып
Тапшы мұны пысығым (жол)
Құстай ұшар, қанатты тұлпар (ұшақ)
Сөйлегенді білмейді
Бірақ «Тоқта, жүр» - дейді (бағдаршам)
Сен білесің бе?» (Әр топ өздеріне берілген жол белгілері бойынша сөйлейді)
Мұғалім: Қазір балалар 3 топқа бөлінеміз. 3 топқа жол белгілерінің суреттері беріледі. Сол белгілердің ішінен өздеріңе тиістісін ғана теріп алып, сол белгілер туралы айтасыңдар.
Сонымен:
Қызылдар тобына «Ескерту белгілері»
Сарылар тобына «Нұсқау белгілері»
Жасылдар тобына «Тыйым салу белгілері» беріледі.
(Оқушылар топ болып, бірлесіп жұмыс жасайды.)
1-топ
- Ескерту белгісі туралы не айтамыз?
-Көк бояумен көмкерілген бұл белгілер жол бойында жағдайсыз, яғни қауіпті жерлер бар дегенді білдіреді, жол көрсетіп тұрады.
2-топ
-Нұсқау белгілері нені білдіреді?
-Нұсқау белгілері жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер жүретін жерлерді көрсетеді, қандай да болмасын көлік түрлерінің қозғалысына рұқсат береді.
3-топ
- Тыйым салу белгілері нені білдіреді?
-Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен берілген белгілер қозғалыс атаулының бәріне тыйым салады.
Ескерту белгісі
Баратын сапардың қашығын, тұрағын,
Үн – түнсіз жол сілтеп көрсетіп тұрамын.
Күндіз де, түнде де от болып жанады,
Көкпеңбек боялған төртбұрыш шырағым.
Нұсқау белгісі
Белгімін көрсетер жылдамдық бағытын,
Ой, шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті.
Барлығын анықтап, көрсетіп жіберем,
Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.
Тыйым салу белгісі
Мен бәріне әрқашанда тыйым салып тұрамын,
Қайда болса алда тұрып жібермеймін бір адым.
Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,
Осы жолы үндемейін, бар ма тағы сұрағың.
Бағдаршамның 3 көзі өлең жолдарын оқиды
Бағдаршам: Көрегенмін, қырағымын.
Үш көзім бар, үш сыншым.
Сақтап халық өмірін
Тәртіпті мен орнаттым.
Ортаға үш көмекшім, үш сыншымды шақырамын,
Қайдасыңдар достарым?
Қызыл көз: Мен көзімді ашқанда,
Ешқашанда баспа алға.
Орнында тұр қозғалма,
Ереже бұл «Сен тоқта!»
Сары көзі: Мен көзімді ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жүруге әлі болмайды,
Дайындықты сақтайды.
Жасыл көзі: Мен көзімді ашқанда,
Көліктер саған тоқтайды.
Ережені білгендер,
Өтугеешқорықпайды.
Үш сыншы бірге: Жолды кесіп өтерде,
Сол жағына қарайла.
Жарты ортаға келгенде,
Оң жағына қарайла.
Білгенінді басқаға
Үйрете жүр, жарайма?
Қорытынды
Мұғалім:
Қымбатты қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Сонымен бүгінгі «Жол тәртібін жадыңда ұста! деп аталатын іс-шарамыз аяқталды. Балалар сендерге айтарым жолда жүру ережесін әрқашан есте сақтап, бұлжытпай орындап, сақ жүріңдер демекпін.