Хабарландыру!!! » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
июль
2023

Хабарландыру!!!

Құрметті жаңа оқу жылында мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндердің ата-аналары  және олардың заңды өкілдері! 
Оқу-ағарту министрлігі 1- сыныпқа құжаттарды қабылдау бір аптадан соң, яғни 2023 жылдың 1 тамызында аяқталатынын ескертеді.
Өтініш беріп үлгермегендер құжаттарды Egov.kz  электронды үкімет порталы және  облыстық E-zhetysu.kz  электронды қызмет көрсету жүйесі арқылы тапсыруға болады. 
Бірінші сыныпқа балалар 6 жастан бастап ата-анасының немесе баланың заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Ол үшін баланың денсаулық жағдайы туралы құжаттар (026/у-3 нысаны және 065/у) және 3х4 өлшемді 2 фотосуреті қажет. 
Жалпы бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 сәуірде басталған, 4 айда аудан бойынша  2190 өтініш түскен. Олардың  75 пайызы қазақ тілінде оқытатын мектептерді таңдап отыр. Алдын ала болжам бойынша жаңа оқу жылында ауданда 2758 бала бірінші сыныпқа барады деп күтілуде.
https://www.instagram.com/p/CvG6x-mInUQ/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==