Менің Қазақстаным-менің болашағым
Тақырыбы: Менің Қазақстаным-менің болашағым
Мақсаты: Отанды сүюге. Ата Заңымызды қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген
сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету
Тәуелсіз, бейбіт ел туралы ұғым. Оқушыларды достыққа,адамгершілікке,
саналылыққа, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан туралы слайдтар, суреттер, нақыл сөздер
Сабақтың барысы:
1-жүргізуші
Құрметті ұстаздар мен қонақтар бүгінгі 5 Ә сыныбының «Менің Қазақстаным- менің болаша
Тәуелсіз ел – Қазақстан арайлы
Бүгін саған әлем түгел қарайды
Тәуелсіздік тұғыры бұл халқымның
Бейбітшілік таңы әр кез арайлы
2- жүргізуші
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы
«Менің Қазақстаным – менің болашағым»
Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Бүгінде Қазақстан елі дүние жүзіндегі көптеген елдермен достық қарым-қатынас орнатқан әлемге танымал елге айналды.
Қазақстанның тұңғыш рет өз Ата заңы қабылданды. Тәуелсіздік туы, көк байрағы желбіреп, асқақтаған Әнұраны шырқалуда Қазақстанның жаңа Астанасы күннен күнге жаңарып гүлденуде. Егеменді тәуелсіз Қазақстанды бүкіл әлем таныды.
Ақнұр
Қазақстан дейтін менің бар елім
Жатыр алып жарты дүние әлемін
Бұл даланы анам жаспен суарған
Бұл далада атам қолға ту алған
Бұл далада жылап келіп уанғам
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам
Бұл далада өскен жанда жоқ арман
Мансур
Қазақ жері көп шеккен қасіретті
Қазақ жері өнерлі, өсиетті
Египетті билеген Бейбарыстай
Елі текті, киелі, қасиетті.
Раяна
Көк байрағын көтеріп
Желбіреткен қазақпыз
Түбі бірге бауырды
Елжіреткен қазақпыз
Бостандықты сағынып
Қолына алған қазақпыз
Жұлдызымыз жарқырап
Жолы болған қазақпыз
Ақжүрек
Азамат бүгін байлыққа тұнған жерім
Азап жүгін ел жауын қуған ері
Әділет пен бірлікке жанын қиып
Әділ өткен билердің туған жері
Санжар
Қазақ жері – қонақжай төрлер жері
Қазақ елі – қас сақтай ерлер елі
Елі кедей болмаған, жері байтақ
Едігедей, Бабырдай шерлер елі
Амина
Мәнге толы қазағымның ғұмыры
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры
Кеше ғана керексіз ғып тастаған
Ғажап екен әдеті мен ғұрыбы
Айсана
Шетсіз, шексіз қиырсыз ұлы дала
Шуақ болып шашылмай жылына ма
Сүй, Отанды
Шынымен сүйіп өт те
Гүл боп қадал, ойына, қырына да
2- жүргізуші
Алиханның орындауында тамаша әнді қабыл алыңыздар
2- жүргізуші
Рәмізім – елдігімнің белгісі
Білу керек баладағы ең кіші.
Рәміздерім – Гимн, Ту, Елтаңба,
Рәміздері жатқа білген жөн кісі
1- жүргізуші
Қыран құсым көк аспанда самғасын
Желбіресін көк байрағым сан ғасыр
Жас ұландар, берік ұста туыңды
Жарқыратып туған елдің таңбасын - дегендей, Қазақстан Республикасының өз рәміздерін мақтаныш етеміз.
Эльдар
1992 жылы ҚР жоғарғы Кеңесінің сессиясында Республикамыздың Туы, Елтаңбасы және Әнұраны қабылданды.
Тудың ашық көгілдір түсі соғыссыз бейбіт ашық аспанымызды білдіреді.
Жобасын жасаған – Шәкен Ниязбеков
Айнымайды аспаннан. Біздің тудың бояуы,
Оны халық қашанда. Биікке іліп қояды.
Көк аспанда алтын күн. Көк аспанда жас қыран,
Естілгендей біздің үн. Сол ғарыштың астынан.
Арайлым
Туымызға жас туған,
Бір қарамай өтпейміз.
Сол көк тудың астында,
Көгереміз көктейміз.
Нұрай
Елтаңбаның авторлары – Жандарбек Мәлібекұлы және Шота Уәлиханов. Елтаңбадан елдің тарихы, дәстүрі рухы толық танылуы керек. Сондықтан да Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Қазақта шаңырақ биік, керегең кең, босағаң берік болсын деген сөз бар. Осы ұлы тілек негізге алынған.
Қатар шапқан қос тұлпар
Ай астында қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар
Шарықтаған таза күй
Дамир
Бұл - таңбасы елімнің
Елдігімнің белгісі
Мұнда да бір ерлігім
Мұнда да бар жер күші
Айкөркем
Қара –шаңырақ – ел күні.
Асқақтатып тұр мұны
Елтаңбасы – елдігім.
Елдің тыныш тірлігі
Ақжол
Республикамыздың Әнұранының сөзін жазған ақын Жұмекен Нәжімеденов және Н.Назарбаев.
Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.
Әнұраным, жанұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам – Әнұраным
Інжу
Шексіз көк аспанды жамылады
Уақыттың басылған жоқ дауылы әлі
Бірігіп бір жүрекпен шырқай тұғын
Әнұран – Мемлекеттің халық әні
Бірге
Біздің еліміз
Қазақстан Туымен тұғырлы
Елтаңбасымен еңселі
Әнұранымен айбатты
2- жүргізуші 5 Ә сыныбының қыздарының орындауында қазақша би. Қабыл алыңыздар!
- жүргізуші
Қазақстан – қазақ елі, қашаннан ата-бабамыз қоныс еткен жер. Қазақ жері – ұлан – байтақ. Жер көлемі дүние жүзінде 9 орында тұр. Жерінің кең – байтақ болуына байланысты. - жүргізуші
Қазақстан жері мөлдір көлдерге сай, қайың мен көктеректі ормандарға, кең алқапты жазық далалы жерлерге бай Қазақстанның жер қойнауынан барлық қазба байлықтар кездеседі.
Ақын – жазушыларымыз
Қандай сұлу, қандай көркем,
Осы менің туған өлкем! – деп тамсана жырлаған.
Ержігіт
Әйнегі күн – шатыры аспан
Кең дала, төсі толқыған егін.
Көлдері көкке күмістер шашқан
Қазақстан – Республикам менің!
Ақпейіл
Айқаста жаудың алқымын сыққан
Ажалға қимай намысты елін
Төлеген, Мәншүк батырлар шыққан
Қазақстан – Республикам менің
Санжар
Абай туған, Сәкен Туған
Құрметте досттым қазақтың жерін
Қамбаға жылда мол астық құйған
Қазақстан – Республикам менің!
Мағжан
Көгінде күн нұрын төккен
Жерінде гүл жұпар сепкен
Неткен сұлу неткен көркем
Осы менің, туған өлкем!
Алтын дәнді даласы бар
Ақ күмістей қаласы бар
Неткен сұлу неткен көркем
Ер еңбегі шалқып тасқан
Ел еркіндей бақыт тапқан
Неткен сұлу, неткен көркем
Осы менің туған өлкем!
Нұрәлі
Мен, қазақпын биікпін, байтақ елмін
Қайта тудым өмірге қайта келдім
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім.
Жасай бер, жаса Қазақстан!
Менің елім – Қазақстан, Отаным,
Жырлар жазып, өзіңді әнге қосамын.
Мәңгілікке қымбатсың туған ел,
Арта берсін абыройың, атағың!
Абай туған, Сәкен туған,Құрметте, достым қазақтың жерін!
Қамбаға жылда мол астық құйған,
Қазақстан Республикам менің!
-Әлемге атың жайылсын жарқын,
Жасай бер, жаса Қазақстан!
Баянды болсын бақытың халқым,
-Отаным кең далам арманды,
Болаттан соғылған қорғаны,
Бақыттың, шаттықтың мекені,
Қолдаймыз, қорғаймыз Отанды!
- Менің елім – Қазақстан жүрегім
Тек өзінсің Отан – Ана, тірегім.
Аман болсын елім, жерім, ұрпақтар,
Тәңірден осы менің тілерім!
-Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,
Көрсең ашық Алатаудың күндерін.
Жерінде гүл, көгінде бір жүзген,
Ұлан байтақ Республикам бұл менің!
1- жүргізуші
- Егеменді еліміздің алдағы мақсаты- жер әлемдегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде алдыңғы қатарлы мемлекет болу. - Ел болашағына үлкен жауапкершілікпен қарауға, елдің ертеңі ертегіге айналу үшін ерінбей еңбек етуге, Қазақстанның болашағы үшін оны әрдайым қорғауға, сүюге және ұлттық патриотизмді біз сақтауға дайынбыз!
2- жүргізуші
Осындай ғажайып елдің болашағы- біздің қолымызда! Біз жас, өскелең ұрпақ білімді, саналы болып өсуіміз керек!
Біз осындай
Болашағы зор елде туғанымызға бақыттымыз. Жаса, жаса Қазақстан!
1- жүргізуші
Жаса, жаса Қазақстан,Өркен жая бастаған!
Болашақтың есігін,
Өз қолыңмен аш маған!
Өлең: Атамекен