«Алғыс айту – парызым!» ата-аналар жиналысы
2021-2022 оқу жылында
«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1 - наурыз Алғыс айту күніне арналған, өзін-өзі басқару ұйымының «Алғыс айту – парызым!» атты құттықтау видеороликтің
АНЫҚТАМАСЫ
Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп» КММ 1 – наурыз «Алғыс айту» күніне орай Жас Ұлан оқушы жастар ұйымы «Алғыс айту парызым!» атты тақырыбында Ата-аналарына, мұғалімдерге, мектеп қызметкерлеріне, достарына, сыныптастарына видеоролик арқылы алғыстарын білдірді.
Мақсаты: Оқушылардың ата – анаға, ұстаздарына деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым – қатынастарын қалыптастыру.
Елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, салт – дәстүрін, мәдениетін өзіндік үлгі өнегесін оқушылардың бойына сіңіру. Бейбітшілікте татулықпен өмір сүруге баулу.