Қыз ұзату дәстүрі
Еркебұлан:
Бөлеп нұрға әнімен айлы аспанды
Шырқатып жұртқа бүгін тойбастарды.
Қуанышқа кенелген бір әулетте
Тағы да міне үлкен бір той басталды.
Құрметті құдалар, қадірлі ағайын-туыстар! Бүгін, Ұлыстың ұлы күнімен тұспа-тұс келіп отырған ұзату тойымызға қош келдіңіздер! «Алтынсарин ауылында» үлкен той болып жатыр. Ал құдалар келген қадамдарыңызға нұр жаусын, төрлетіңіздер,төрге шығыңыздар.( құдалық туралы музыка)
Құдаларға шашу шашады. (Нұржамал апай,Балжан апай) (құдалар төрге шығады)
Еркебұлан:Үкілеп өсіріп отырған қызымыз -Меруерт қазақтың салт-дәстүрі бойынша ұзатылып, үлкен өмір жолына аяқ басқалы тұр.Осы жастарымызға жүрек жарды ақ тілегіңізді білдірсеңіз.(әкімге сөз береді)
Еркебұлан: Құдаларды басқарып келген бас құда, шыққан төріңіз, төрден алған орныңыз құтты болсын! Қазақтың салт-дәстүрі бойынша шапан жауып жөн-жоралғысын жасайық. ( Бас құдаға шапан жабу (Тілеужан, Тұрсынай, Гүлнар апай-әкімге жапады, Камшат)
Еркебұлан: -«Ұлын ұяға, қызын қияға қондыру» әрбір ата-ананың тілегі, әрі парызы. «Әке-асқар тау». Олай болса, қызымыздың Әкесінен әумин деп бата сұрайық.
Тілеужан бата береді.
Жұлдыз сөйлейді. Анасы сәукеле кигізеді, әжесі өсиет айтады (Ақботам әні)
Жеңгелердің сөзі:
Ақ жаулығың құтты болсын, құтты болсын қадамың,
Тәтті болсын сүйіп тапқан адамың,
Оңай емес жатқа келіп жақын болып жарасу,
Ақ ниетпен адал болып,Бақытты бол қарағым.
Екінші жеңгесі сөйлейді:
-Еркежан, сенің жолыңды берсін, достарыңа үкілеріңді бере ғой. (достарына үкіні таратып береді, ән бітеді)
Жұлдыз:- (қалта қарау дәстүрін көрсету)
-Қош келдің күйеу жігіт, қазақтың салтымен күйеу жігіттің қалтасын ақтарайық
-бізге қандай кәде әкелді екен?
Жұлдыз: - Қол ұстату дәстүрін көрсету
(бал, сүт, қол ұстатар)
Екі жеңгесі қызды күйеу жігітке табыстайды. Жігіт қыздың қолынан ұстап күймеге отырғызады. Құдалар барлығы қол бұлғап қоштасады.
Еркебұлан:
- Құрметті құдалар, қадірлі ағайын-туыстар! Қолымыздан ұшып бара жатқан қызымыздың қонған жері құтты болсын! Барған еліне тастай батып, судай сіңсін! Бақытты болсын!
-Үйге кіріп, дәмнен ауыс тиіңіздер.Той тойға ұлассын!
1.Құдалар келеді, құдаларға шашу шашады.
2. Бас құдаға шапан жабу (Тілеужан, Тұрсынай, Гүлнар апай-әкімге жапады, Камшат)
3. әкімге сөз береді
4. Тілеужан бата береді
5. Анасы сәукеле кигізеді
6.Әжесі өсиет айтады
7. Жеңгелердің сөзі (үкісін таратады)
8. Қалта қарау дәстүрін көрсету
9. Қол ұстату дәстүрін көрсету
10. Екі жеңгесі қызды күйеу жігітке табыстайды.