«Әке – шаңырақтың тірегі» » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
апрель
2022

«Әке – шаңырақтың тірегі»

Анықтама

Мақсаты: Отбасындағы әке мен ер азаматтың ролінің мәнін ұғындыру, әрбір тұлғаны тәрбиелеу туралы ой - пікірлермен бөлісу. Оқушыларға отбасының ұйтқысы, негізгі тірегі әке екенін, әкеге деген сүйіспешілікке тәрбиелеу. Бала мен әке арасындағы тығыз әрі ыстық байланысты ұғындыру.


: «Ана - сая болар бағың болса, Әке - асқар тауың» дейді қазақта.
 Бір күн бар, жылатар күн, жұбатар күн,
 Бір күн бар, мұңайтар күн, қуантар күн.
 Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын,
 «Әке» деген сезімді ұмытар кім,- дей отырып құрметті әкелерімізге арналған «Әке шаңырақтың тірегі атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. «Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз. Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз, бүгінгі ашық тәрбие сағатымызда әке туралы ой қозғалады. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке - отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл - береке, ынтымағы үшін отаға-сының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласа-ды. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғам-дағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше. Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір - шапағат көзі – әке. Әкенің бұл рөлі бала - шағаның әкеге, анаға деген сүйіспен-шілігімен, қамқорлығымен нығая биіктей береді. «Өмірге ұрпақ келтіріп, оны асырау арқылы әке өз міндетінің үштен бірін ғана орындайды. Ол адамзатқа адам, қоғамға қызметкер, мемлекетке азамат беруге міндетті. Осынау үш міндетті орындауға қабілетті бола тұра кімде - кім оны орындамаса айыпты» деген екен педагог Жан Жак Руссо. Құрметті әкелерімізге зор денсаулық, жанұяларыңа мол бақыт, еңбектеріңе жеміс тілейміз

Шешесін ұқпайтын
 Әкеден ықпайтын
 Ұл болмайды.
 Шешеге тартпайтын,
 Әкеге жүк артпайтын
 Қыз болмайды - деп тегін айтпаған. Оларды жақсы тәрбиелеп, өнегелі еңбекке баулып, еліне пайдалы азамат етіп өсіру сіздердің абзал борыштарыңыз. Ерте ме, кеш пе сіздің тәрбие беру жолындағы еңбегіңіз белгілі бір табыстарға жеткізері сөзсіз.