Күй анасы- Дина Нүрпеисова
Тәрбие сағатының тақырыбы: « Күй анасы – Дина Нұрпейісова »
Тәрбие мақсаты: Батыс өңірінің хал ы қ композиторы Дина Нұрпейісова туралы толық мәлімет алу, күйді тыңдату арқылы балалардың эстетикалық талғамын ояту, оқушыларды Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыру.Көрнекілігі: Дина Нұрпейісованың суреті , слайд .
Мұғалім: Күй- қазақтың бағына біткен дара өнер, қастерлі дүние. Ұлы таланттар сан ғасырлық тарихымызды домбыра үні арқылы күй құдіретімен жеткізген Күй өнері – қазақ халқының ең құнды, бағалы мұраларының бірі. Қаны мен жанында күй ойнаған ұлтымыз тума таланттарға кенде емес. Сондай дарын иелерінің бірі – қазақ өнерінде өзінің өшпес ізін қалдырған күйші, композитор Дина Нұрпейісованың туғанына биыл 160 жыл толып отыр.. «Дина Нүрпейіс келіні Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданына қарасты, Бекетай құмы деген жерде дүниеге келген. Ол тоғыз жасының өзінде-ақ Дәулеткерей, Мүсірәли, Әлікей, Түркеш, Баламайсан сияқты күйшілердің күйлерін нақышына кельтіре орындап «Домбырашы қыз» атанған. Әйгілі Құрманғазы Динаны өзі іздеп келіп, батасын берген. Дина тоғыз жасынан, он тоғыз жасына дейін қашан ұзатылғанша Құрманғазының баулуында болады. Сол Дина 9-жасында Құрманғазының күйін шабыттана тартып,
Муғалім: «Ия, дұрыс айтасын Інжу. Ұлы Құрманғазы шәкіртінің жетістіктеріне қуанып , мақтан этетін. Ол: «Менің оң қолымның, ал Динаның сол қолының шеберлігі күшті. Егер менің оң қолым мен Динаның сол қолының шеберлыгі бір адамның бойына табылса, дүниеде одан асқан домбырашы болмас еді»- дейді екен.
Ұстазының жарқын образы, оның айтқан ақыл –кеңесі Динаның үлкен өнер жолындағы сілтер темір қазығы, сүйеніші болады. Ұлы күйшінің өзінің ескібырасын шәкіртіне табыс эткен кезде айтқан мына сөздерін Дина әрқашан ерекше толқып ризашылықпен еске алатын: «Домбыра менің өмірлік серігім. Ол ғұмырымның ұзақ та қиян-кескі қиын жолында сенімді серік, берік сүйеу болды. Енді осы қимас серігімді лайықты мұрагерім- саған тапсырамын».
Дина қазақтың күйшілік өнеріне өшпес із қалдырған біртуар дарын. Егер оның күйшілік бастау алған тегін іздеу керек болса Дәулеткерей мен Құрманғазыға қарай бұру керек. Екі ұлы күйшіден сусындаған Динаның өзіндік өрнегін тапқан күйші. Дәулеткерей мен Құрманғазының өршіл рухы Динаның қос қанатындай болған. Динаның күйлері: «Ана бұйрығы», «Әсем қоңыр», «Байжұма», «Бозшолақ», «Бұлбұл», «Домалатпай», «Жеңіс», «Жігер», «Кербез», «Қосалқа», «Тойбастар», « Шынар», «Науаи», «Еңбек ері», «Сауыншы» т.б.
· Дина апамыздын нәзік лирикалы « Әсем қоңыр», динамики және салтанатты «Той бастар» туралы Мухамеджанова Әдемі мен Қайырберген Аян айтып береді.
- Аружан: « 1940 жылы Қазақ республикисы өзінің жыырма жылдығын тойлады. Осы данқты оқығаға Дина Нурпеисова «Той бастар» атты күй арнады. Бұл шығармада автор аспаптың барлық көркемдік мүмкіндіктерін пайдалана отырып, еліміздің сол кездегі тірлік – тынысын паш этт»і.
- Ерн ұр: «Бұл шығармалардың жоғары дәрежелі көркемдік деңгейі, әуенінің әсемдігі , музықалық ойының табиғи дамуы Динаның творчестволық күш –қуатынының молдығын, дарынының түпсіз терендігін айғақтайды. Осы күйлер әлі күнге дейін қазақ халқының қазіргі аспаптық музыкасынағы озық туындалардын бірі. Сүйікті немере қызының есімімен аталған «Әсем қоңыр» - күрделі дамыған формасы, бай динамикасы, қарама-қарсы эпизодтарының жиі алмасуы, ырғақтық суретінің алуан түрлілігі, варианттық өзгерістердің молдығы, сезім тереңінен пайда болған әуен күйін ерекше мазмұндылыққа бөлейді.
Мұғалім: « Дина Қазақ филармониясына жұмысқа алынып, оған «Еңбек сіңірген өнер қайраткері» атағы берілді. Осы жылы ол Жамбыл Жабаевпен танысады. Ол 1939 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық ұлттық аспапта орындаушылар байқауында бірінші орынды иеленеді. 1944 жылы 83 жастағы Дина Ташкентте өткен Орта Азия республиканские музыкасының 3-ші онкүндігінде өнер көрсетіп, сол жылы ол «Қазақ ССР-інің халық әртісі» атағын алады».
· «Науаи» күйінің шығыу тарихын айтып береди.
· 1944 жылы 83 жастағы Дина Ташкентте Қазақстан мен Орта Азия республиканская музыкасының 3-ші декадасы өтті. Бұл өнер мерекесінде атақты Құрманғазының шәкірті қазақстандық домбырашының асқақ өнері тындаушыларды таң қалдырып , таңдай қақтырды. Білгір мамандараны Динң суырыпсалма өнерінің әсер күшіне, асқан виртуоздық шеберлігіне ерекше назар аударды. «Науаи» күйінде Дина қолдаған шеберлік әдістері оның бұдан бұрынғы домбырашылық өнерінде байқалмайтын- ды. Бұл күйі онкүндік кезінде туысқан халықтардың өнерін бағалап, құрметтеу сезімінен туған, және Өзбекестанның ұлы ақыны әрі ойшылы Науаидың туған жерінде өткендіктен Дина жаңа шығармасын – «Науаи» күйін соған арнайды.
Мұғалім: « Дина Нұрпейісованың домбырада орындаушылық өнеріне қайран қалған композитор Ахмет Жұбанов: «Дина ұзын да сүйріктей саусақтарымен домбыра пернесінде, сағағында небір алшақі пернештір аракслырір. Симфония сазындай сиқырлы әуен 62 тамырыңды бойлата, шымырлата, буырқана небір әсерге түсіреді» деп күйшінің өнеріне тәнті болған екен.