"Үздік сынып жетекші-2022" байқауы
Үздік сынып жетекші -2022» байқауы
Айсұлу: Армысыздар, аяулы,ұстаздар!
Медет: Қайырлы күн, құрметті қонақтар!
Қазір ХХІ ғасырда ең бірінші орынға білім қойылды. Ұрпақ тәрбиесі мен оларға сапалы білім беру ұстазға байланысты .«Тәрбие болмаған жерде шын ақылды, мәдениетті өмір болмақ емес» деп Ж.Аймауытов атамыз айтқандай, бала тәрбиелі болмаса берілген білімнің нәтижесі болмайды.
Айсұлу:
-Иә, дұрыс айтасың, Медет. Баланың біліміне қоса тәрбиесіне мектепте сынып жетекші жауапты. Ал сынып жетекші қандай болуы қажет?
Медет: Сынып жетекші– оқушыларға үлгі болатын, өмірдің сан тарап жолынан адаспай өтуіне оған бағыт-бағдар беретін адам, баланы адамгершілікке, адалдыққа сол секілді ізгі қасиеттерге баулитын жан.
Айсұлу: Бүгінгі сынып жетекшілердің кәсіби деңгейлерін көтеру және біліктілігін бағалау мақсатында ұйымдастырылып отырған «Үздік сынып жетекші- 2022» байқауына қош келіңіздер!
Медет:
Жан шуағы, күн шуағы арай ма?,
Ұстаз деген әулиедей талайға.
Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,
Әл-Фараби, Омар Хаям, Адай да.
Айсұлу
Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға,
Тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға.
Қошеметтеп, асыл халқым, қол соғыңдар,
Сайысқа қатысушы ұстаздарға.
Медет:
«Үздік сынып жетекші -2022» байқауына үміткер ұстаздарымызды қошеметпен ортаға шақырайық:
Медет:1.«Здравствуйте, ребята!» деп бастайтын сабағын,
Ешқашан да кек сақтап, түймейді ол қабағын
Альфия апайдың жүрісінің өзі қандай?
Мейірім мен шапағаттан жаралғандай.
Айсұлу 2.Біздерді тек алға қарай жетелеген,
Риза боламын Бегайым апайға мен.
Анамыздай әрқашан жанымызда
Жүреді жарқыраған жүзіменен.
Медет:3.Айтқан сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Іңкәр апай – ұстаздардың ұстазы
Бар сабағы есте қалар мәңгілік!
Айсұлу 4.Бала десе ойламайды өз қамын,
Көрсем дейді күнге де кол созғанын.
Бағлан апай әрқашан да қалайды
Шәкірттердің өзінен де озғанын
Медет:5.Шаршамайды, қанша есеп сұраса да, .
Өткізіп өз алдынан талай бала,
Бойына құйды ақыл, ой мен сана
Асел апай әр балаға ақылшы , болды ана
Айсұлу 6.Жан түсінбес бұл апайдың сырларын,
Үйретеді алгебраның қырларын.
Тәрбиелейді Ардақ апай мектепте
Бір үй толы қыздары мен ұлдарын.
Медет:7.Әрқашанда сабаққа асықтырар,
Келбеті де білім нұрын шашып тұрар.
Айдана апай тілімізді жаттықтырып
Қазақтың бай тіліне ғашық қылар.
Айсұлу 8.Ойы- озық, Ұлжан апай қалықтаған
Өнері көкке қарай, шарықтаған
Көкірегі ояу, парасатты ой иесі,
Тәрбие беру жолында жалықпаған
Медет:9.Биология миға кірер білінбей,
Жануарлар әлемін жүрем кейде түсінбей
Мадина апай –жаңа келген жас ұстаз
Отырады анда санда күлімдей.
Айсұлу 10.Көрмеден жұрттар оның ісін көрер,
Шеберліктің сырларын түсіндірер.
Мектептен шыққан небір шедеврлер
Әлия апайдың қолынан мүсінделер.
Медет:11.Жанұя мен мектебін ол асыраған,
Жүзінен мейірімі шашыраған.
Ақерке апай мектептегі ең жақсы апай
Қайырымды, алтын адам, асыл адам.
Айсұлу 12.Ағылшын тілін білген орасан зор талабы,
Әрқашанда ашық - жарқын қабағы.
Гүлбақыт апайдың әрбір берген сабағы
Оқушылардың мәңгі есінде қалады.
Айсұлу: Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,
Өнерліге өз басым таң қаламын.
Өнерді әділдікпен бағалайтын,
Таныстырайын әділқазы алқаларын
- Ал енді сайыскерлерімізге баға беруші әділқазы алқаларымен таныс болыңыздар:
1.Кәсіподақ ұйымының төрайымы-Қайранбекова Эльмира апай
2.Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары-Қашқынова Назира апай
3. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Болатбекова Алуа апай
4.Бастауыш сынып мұғалімі- Бекмұратова Шағала апай
5. Технология пәнінің мұғалімі-Жұмабеков Есен ағай
Медет: «Үздік сынып жетекші 2022» байқауының бөлімдерімен таныс болыңыздар!
1- бөлім Портфолио
2- бөлім Сынып сағаты (10-15 мин)
3 -бөлім «Мен және менің сыныбым» презентация (5-7мин)
4 -бөлім «Сынып жетекші модулі» шығармашылық жұмыс (3-5мин)
5 -бөлім «Сіздің хоббиіңіз... «Яғни ұстаздарымыз бос уақытында немен айналысқанды ұнатады екен?
Айсұлу Сайыста қаймықпайды, тайынбайды,
Қиыннан ешқашанда мойымайды.
Сайыстың бұл кезеңін бастайық біз
Әр ұстаз айта кетсін сыныбы мен өзі жайлы.
«Мен және менің сыныбым» презентация (5-7мин)
(Әділқазылар 1 бөлімге баға береді).
Медет:Ұстаз деген ерекше қауым, дара шың,
Ол шығармашыл, жаңалық іздеп табатын.
Әр жетекшінің еңбегінің жемісін
Уақыт келді ортамызға салатын
-дей келе, сынып жетекшілерінің шығармашылық жұмыстарына назар аударып, тамашалайық. «Сынып жетекші модулі» кезеңі
(сайыскерлер ортаға шығады, таныстырады)
Әділқазылар 2 бөлімге баға береді.
Айсұлу:
Асыл сөздің атасы,
Ақын болар ұрпақпыз,
Өнер, білім, еңбекке
Жақын болар ұрпақпыз,- дей отырып, сайысымыздың келесі кезеңіне көшейік
Келесі бөлім «Сіздің хоббиіңіз?» Яғни ұстаздарымыз бос уақытында немен айналысады екен?
Медет:Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін әділқазы алқасына берейік.
Арамызда тапқыр ұстаздар көп екен,
Солардың біз нәтижесін көрейік. – деп бүгінгі сайысымыздың да өз шешімдерін шығарғанша «ән - шашуға» кезек берейік.
Айсұлудың тамаша әнін қабыл алыңыздар!
Сөз кезегі мектебіміздің директоры Баякеева Раушан Бердібекқызына беріледі.
Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз(Үздік сынып жетекшіні анықтау, құттықтау, марапаттау)
Айсұлу Бойларыңда от бар екенін байқадық,
Жүректерде шоқ бар екенін байқадық.
Әрқашанда осы шоқты сөндірмей,
Жалындатып шарықтаңдар, әрдайым.
Медет:Еңсесі биік егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы, адал азамат ұл - қыздарына саналы тәрбие, сапалы білім беруде шаршамай, талмай еңбек етіп, еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер. Біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше күн нұрлы болсын! – дейміз.