Жұлдыз бірлестігі » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
февраль
2023

Жұлдыз бірлестігі

Дене шынықтыру сабағы арқылы оқушыларды үлкен спортқа тәрбиелеу
АӘД және дене шынықтыру «Жұлдыз » пән бірлестігінің мақсаты: Оқу процесін ұйымдастыруға жаңа технологияны тиімді пайдалану.Дене тәрбиесі сабағында ,үйірме жұмыстарында адамгершілік-эстетикалық талғамды тәрбиелеу. Дене шынықтыру пәні арқылы жұмыс қабілеттілігін арттыру аясында денсаулықты нығайту.Оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау,үйірмелерге жүйелі түрде айналысуға тарту.Оқушылардың денсаулықтарын нығайту , дене және ой еңбегінің қабілеттілігін арттыру.
Біздің бірлестігімізде 17 мұғалім ,«Ұлар патриоттық клуб» жетекшісі және АӘД пән мұғалімі жұмыс істейді.Оның жоғары санатында 1 мұғалім,бірінші санатта 1 мұғалім,2 педагог-сарапшы,4-педагог модератор,4 жас маман жұмыс жасайды.
Біздің мектебіміздің 90 жылдық тарихында АӘД және дене шынықтыру«Жұлдыз » пән бірлестігінің мұғалімдері осы жылдар ішінде елге сыйлы ,құрметті азаматтар және әлем деңгейіндегі спортшылар тәрбеиелеп шығарды.


Еліміздің тірегі болып өсіп келе жатқан өскелең ұрпақты спортпен шұғылдануға бірлестік мүшелері баулып келеді.Спорт –денсаулықты нығайтатын ,саламатты өмір салтын қалыптастыратын үлкен сала. Ата –бабамыз «Бірінші байлық-денсаулық»-деп бекер айтпаған.Осы қағиданы берік ұстанған мектебімізде оқушылардың дені сау болу үшін бар мүмкіндік жасалуда.
Мектебімізде спорттық секциялар жұмыс жүргізеді.Соның нәтижесінде спорт жағынан ерекше дараланып аудандық және облыстық мектеп лигаларында жүлделі орындарға ие болып жүрген шәкірттеріміз аз емес.
Болашақта еліміздің намысын қорғап ,әлемге атын шығаратын спортшы осы мектебімізден шығатыны сөзсіз.Дене тәрбиесі сабағы арқылы оқушыларды жан-жақты жетілдіріп,денсаулықтарын нығайтып ,дене мүсінінің сұлулығын қалыптастыруға ,олардың өмірде белсенді болуларын ,елін-жерін қорғауға дайындаймыз.