Мамандықты дұрыс таңдаудың маңызы қандай? » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мамандықты дұрыс таңдаудың маңызы қандай?
25
апрель
2022

Мамандықты дұрыс таңдаудың маңызы қандай?

Мамандықты дұрыс таңдаудың маңызы қандай?


Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі жар -таңдағанда,екіншісі - мамандық таңдағанда". Бұл екі таңдаудан біздің келешек өміріміздің қандай болатыны шешіледі. Сол себепті, бұл мектеп бітіруші жастардың алдындағы болашаққа деген ең алғашқы және де ең ауыр ауыр қадам болып табылады. Сондықтан бұл іске бей-жай қараған ақымақтық.

Мамандық таңдау бұл әрбір адамзат үшін – өмірлік таңдау.Десекте, көптеген жастар мамандық болашақпен тікелей байланысты ұғым екенін естен шығарып жатады. Қазір жағдайға келсек, өкінішке қарай, басқа мүмкіндік болмағандықтан қазіргі жастар ата-ананың кеңесі, үлкендердің ақылы мен тәжірибесіне ғана сүйену арқылы мамандық таңдауға мәжбүр. Соңғы кездегі Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне қарағанда, жоғары оқу орнын бітірген түлектердің 50 пайызы өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді екен. Сонда қалған 50 пайызы ғана диплом бойынша қызмет атқарады. Ал бұл дегеніңіз ата-ана мен мемлекеттің грантқа бөліп жатқан қаражатының 50 пайызы желге ұшады дегенді меңзейді Осындайда, мамандықты дұрыс таңдау-еңбек қызметінің өмір сүру көзі және жауапкершілік пен дайындықты талап ететін маңызды бөлігі екенін,алдағы өмірін өкінбейтіндей, өз қабілетіне, бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдай білсе деймін. Егер ертең өзің емес,өзгенің қалауымен басқа мамандық таңдасаң,сен өміріңнің соңына дейін өкініп өтесің. Біріншіден,сен жұмысқа өз сүйген ісіңмен айналысу үшін емес,тек қаражат табу үшін ғана баратын боласың,өмірің тек күйбең тіршілікпен өтетін болады. Ал егер өз жүрегіңнің үніне құлақ түріп,өзіңе сеніп,өз шешіміңді таңдасаң ше?! Онда сен өз сүйікті ісіңмен айналысасың,істеген ісіңнен ләззат аласың. Уақытыңның қалай өткенін де байқамайтын боласың. Әр адамның өзіне тән бейімділігі болады. Тек сол бейімділікті дұрыс пайдаланып, дамыта білу қажет деп ойлаймын. Сонда ғана қандай маман иесі болатыныңызды біле аласыз.

Қорытындылай келсем, Дұрыс таңдалмаған мамандықтың салдары, тек адамның өзіне ғана емес, қоғамға кері әсерін тигізеді. Сондықтан мамандық таңдауда шалыс баспаған жөн!