Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
август
2021

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп

                                                                                                I бөлім   Кіріспе


2020-2021 оқу жылының оқу-тәрбие жұмыстарына қорытынды сараптама



Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау.  Заман талаптарына сәйкес қазіргі мектеп «білімді тұлға», яғни білім, білік пен дағдылары қалыптасқан жеке тұлғаны дайындаумен ғана шектеле қоймай, «өмірдің өзгерістеріне дайын болатын», белсенді және шығармашыл ойлайтын, интеллектуалды және жан-жақты дамыған дара тұлғаны дайындау тиіс.
 

 
1.2020 - 2021 оқу жылын аяқтау және мектепте білім алушыларды  қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы.

Сапалы білім жүйесі - ел экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі және ол мемлекет дамуының түп қазығы.Бүгінде 90 жыл толып, ғасырға жуық тарихы бар облыс,республика  бойынша іргелі мектептердің біріне айналған, оқытудың жаңа технологияларын меңгерген 130  мұғалім 55 сынып - 1375 оқушыға жан-жақты сабақ беріп келеді. 

    2020-2021 оқу жылының басында 55 сынып комплектісі, 1386 оқушы болды.Мектеп алды дайындық тобында – 92 оқушы мектеп партасында отырды.Биылғы оқу жылында 1сыныпқа мектеп оқушылары электронды форматта өтініш жазып,146оқушы қабылданды. 

1-сыныптан – 6, 2-сыныптан-6, 3-сыныптан – 5, 4-сыныптан -5, 

5-сыныптан – 7, 6-сыныптан – 5, 7-сыныптан – 6, 8-сыныптан -5, 

9-сыныптан – 4, 10-сыныптан-3, 11-сыныптан – 3.Жалпы сынып -55

10-сыныптағы оқытудағы басты ерекшелік білім алушыны нақты мамандануға  және оның болашақ кәсіби қажеттіліктері мен болашақта таңдауы мүмкін мамандығына сәйкес стандартты және тереңдетілген деңгейлердің оқу пәндерін таңдауға бағытталған болып табылды. 10а ,ә сынып оқушылары өз өтініштеріне сәйкес химия -  биология , биология – география, химия –физика таңдап,топтар бойынша оқытылды.10б сыныбы құқық –география,ағылшын тілі - д.ж.тарих таңдады.Жалпы 10-сыныпта 81 оқушы бар. 


11а,ә сыныптарында  жаратылыстану-математикалық бағытта -52 оқушы оқыды,қоғамдық - гуманитарлық бағытта 16 оқушы болды.Оқу жыл аяғында 1- сыныпта -  144,  2-сыныпта -148, 3-сыныпта - 132, 4 – сыныпта -133, барлығы бастауыш сыныпта - 557 оқушымен аяқтады.    

5 сыныпта-175,6-сыныпта  - 120, 7-сыныпта -151, 8-сыныпта - 121, 9-сыныпта- 101, 10-сыныпта - 82, 11- сыныпта 68оқушы болды. Денсаулығына байланысты  4оқушы  үйден  оқыды. 

«Алматы облысы білім басқармасының Панфилов аудандық білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы №114н/қ бұйрыққа сәйкес  2020-2021 оқу жылы   25 мамырда аяқталды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген  Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидалары сәйкес аяқтау туралы бұйрығы негізінде оқу жылының қорытынды есебі мынадай болды: қорытынды аттестаттауда 9сынып оқушылары 3 пәннен   , 11  - сыныптардың білім алушылары төрт пәннен емтихан тапсырды.9 сынып оқушылары 28 мамырда қазақ тілінен жазбаша түрде эссе жазды,2 маусымда математика пәнінен жазбаша  тапсырды,5 маусымда орыс тілінен жазбаша емтиханда  мәтінмен жұмыс жүргізді.11сынып оқушылары екі бағытта мемлекеттік емтихан тапсырды.11а,ә жаратылыстану - математикалық бағытта,11б сынып оқушылары қоғамдық гуманитарлық бағытта тапсырды.Емтихан тапсырмалары электронды  почтаға келді.1 маусымда қазақ тілінен /жазбаша/ ,4 маусымда алгебра және анализ бастамаларынан /жазбаша/, 7 маусымда Қазақстан тарихынан /тестілеу/, 10 маусымда орыс тілінен / тестілеу / емтихан тапсырды. «Алтын белгіге» үміткер 8 оқушының жазба жұмыстары облысқа жіберіліп,хаттамасы тігілді.

2-4,5-8,10 сыныптар жаңартылған бағдарламаның аясында тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысы бойынша,№5 педагогикалық кеңестің шешімімен   сыныптан - сыныпқа көшірілді.  1 сынып оқушылары БЖБ,ТЖБ тапсырмай, қалыптастырушы бағалау арқылы сыныпты бітірді.Негізгі  мектепті 101оқушы бітіріп , 9 маусымда негізгі білім туралы аттестат алды.Жалпы орта мектепті 68оқушы бітіріп,14 маусымда   жалпы  орта білім туралы аттестат алды. Негізгі мектепті 12 оқушы «үздікке»  бітірсе,   орта мектепті 8 оқушы «Алтын белгі» ,     4оқушы «үздік»аттестатқа ие болды. 11 сынып оқушылары өз өтініштерімен 4 рет мүмкіндік пайдаланып,ҰБТ-ге қатынасып,онлайн түрде тест тапсырды.Біліміндегі олқылығы бар оқушылармен жұмыс жүргізіліп,ата – ана өтінішіне сәйкес 490оқушымен «Жазғы мектеп» ұйымдастырылды.


Мектептің  білім сапасы  - 65%


сыныптар аралығында

Барлық бала саны 

оның  қызы

оқу озаты 

Оқу екпіндісі

Білім сапасы

2-4сыныптар 

413

199

156

152

73%

5-9сыныптар

668

312

144

262

60%

10-11сыныптар

150

64

31

61

62 

1-11 сыныптар

1375

653

334

473

65%


2.Мектепішілік бақылаудың қорытындысы


2020-2021 оқу - тәрбие жоспарына сәйкес құрылған мектепішілік бақылау қашықтықтан жүргізілді.

Тақырыптық,жан-жақты,сыныптық жинақтық бақылаулар жүргізіліп, директор жанындағы, педагогикалық кеңесте  қаралып,  қаулылар қабылданды. Директор жанындағы кеңес 10 рет, педагогикалық кеңес 7 рет өтілді.Барлық шешімдердің жүзеге асырылуы қадағаланды. 

Мектепішілік бақылау 6 бағытта жүргізілді.

   1.Баланың сапалы білім алу құқығын қамтамасыз ету үшін бақылауда жалпыға бірдей міндетті оқу    талаптарының орындалуы бақыланды,оқушылар оқулықпен толық қамтылды.Мектеп жасына сәйкес оқушылар ата-ана өтінішіне негізінде 1сыныпқа 146 оқушы қабылданды.Денсаулығына байланысты 4 оқушы үйден оқыды. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған отбасылардан шыққан әлеуметтік қолдау көрсетілетін оқушылар анықталып,мектептен компьютер,ноутбук,роутерлер берілді. Оқу пәндерінің оқытылуы   және жалпы білім мазмұнының   мүмкін деңгейі қашықтықтан зерделенді.9,11сынып оқушылары 5 ақпанда офлайн оқыды.

2. Мектеп құжаттамасының жүргізілуін бақылауда мектептегі білім алушылардың іс құжаттары,оқушылардың толық НОБД енгізілуі,электронды журналға сәйкес базалары әр ай сайын назарға алынып ,жан-жақты жүргізілді. Пән мұғалімдерінің Kundelik.kz журналымен жұмыс жүйелілігі үнемі зерделеуде болды. Қараша айында   жалпы   орта  білімі  туралы   «Алтын белгі», үздік   аттестатқа  үміткер оқушылардың   құжаттары    тексерілді.Маусым айында негізгі   және орта мектепті  бітіргені туралы аттестаттардың дұрыс толтыруына комиссия құрылып, бағалардың шынайы қойылуы бақыланды.

 3. Базалық және қосымша білім беруді  бақылауда әр айға бөлінген білім сапасы төмен сыныптардың,пәндердің сапалы жүргізілуіне ,қашықтықтан сабақтарға қатысып,ЗООМ платформасымен вебинарлар жүргізілді.Оқушылармен топтық видеозвонок  құрастырып, сұхбат жүргіздік.Жоспардағы сыныптардың сабақтарына қатысып,қорытындысы директор жанындағы жиналыста қаралды. Әр сыныптың білім сапасы,үлгерімі педагогикалық кеңесте қаралып, жақсы, орта оқитын оқушылардың білімдерін жоғарылату мақсатында деңгейлік тапсырмалар  құрастырылды.Мектептің оқу - тәрбие жұмысының әр бөліміндегі іс-шаралар дер кезінде орындалып, кемшіліктер бойынша талдау жұмыстары жүргізілді.  Ақылы,ақысыз үйірмелердің жүргізілуі бойынша есептер жинақталып, сараланды. «Күнделік кз» бойынша әр бөлім бойынша  аккаунттары тексеріліп , рейтінгіленді.Үйде денсаулығына байланысты оқытылатын оқушыларға өткізілетін сабақтар әр айда тексеріліп, пән мұғалімдері мен ата-ана арасындағы сабақтастық күшейтілді. 

  2020-2021 оқу жылындағы икемді сабақ кестесіне сәйкес пән мұғалімдері «Білім ленд»платформасында  тапсырмалар  дайындап,білім стандарты бойынша  оқу бағдарламасын  жүргізді.Оқушының білімін бағалады.Мұғалім мен оқушы арасында кері байланыс жүргізілді. Ал әр сыныптағы пәндердің білім сапалары,сыныптың салыстырмалы білім сапасы  тоқсан қорытындысы бойынша мониторингіленді.

Похожие публикации:

31 август 2021 Жылдық жоспар
28 апрель 2017 Мектеп ұжымы
27 апрель 2017 Тәрбие жұмыстар