Мектептің сипаттамасы » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
октябрь
2021

Мектептің сипаттамасы

Бір сөйлеммен ,,,

1. Алтын ұяның тарихына үңілсек, 1931 жылы Жаркент өңірінде қазақ тілінде оқытып – тәрбиелейтін мектептердің тұңғышы болды, кейіннен мектеп жанынан интернат ашылды.

2.1934 жылы қазақ орталау,1936 жылы Молотов атындағы қазақ орта мектебіне айналып, мектеп жанынан интернат ашылды.

3. 1938 жылы 7 – сыныпты тұңғыш рет 8 оқушы бітіріп шықты.

4. 1957 жылы мектебімізге халқымыздың даңқты перзенті, тұңғыш педагогі Ы.Алтынсарин есімі берілуі мектеп тарихындағы айтулы оқиға болды.

5. 1964 жылы сол кездегі аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Сейдәлім Тәнекеевтің бастамасымен 520 орынды жаңа мектеп пайдалануға берілді. 150 орындық бюджеттік және 50 орындық пансиондық интернат қосылып, мектеп жанындағы 200 балалық ірі интернатқа айналды. 

6. 2007 жылы мектеп күрделі жөндеуден өтіп, жаңа үлгіде жабдықталды.

7. Бұрынғы 520 орындық ескі ғимараттың жанынан 2010 – 2011 оқу жылында 450 орындық жаңа ғимарат салынып, іске қосылды.

8. 90 жылдың ішінде  мектепте  19 директор, 30 оқу ісінің меңгерушісі еңбек еткен.

9. Мектеп басшыларының ішінде 1954 – 1987 жылға дейінгі 33 жыл бойы мектебімізді басқарған, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мұғалім, ҚР Білім беру ісінің үздігі, Панфилов ауданының «Құрметті азаматы»,   ұстаздардың ұстазы Жақсыбай Исаевтың еңбегі ерекше.  

10. Мектепті бітірген түлектеріміздің ішінде қан майданда ерлік көрсеткен Кеңес Одағының Батырлары Хамит Көбіков пен Сульги Лутфуллиндердің болғандығы – мектеп үшін үлкен мақтаныш.

11. Мектепті бітірген түлектеріміз -   Социалистік Еңбек Ерлері Әбілмәжін Қасымбеков, Мәриям Ниязова  - еңбек мақтаныштары.

12. Бүкіл дүниежүзіне еліміздің атын шығарған Бейжің Олимпиадасының қола медаль иегері Нұрбақыт Теңізбаевтың біздің мектебіміздің түлегі екендігін мақтан тұтамыз. 

13. Саясаттану ғылымының докторы, белгілі қоғам қайраткері , депутат Қуаныш Сұлтанов – мектеп мақтанышы.

14.1946-2021жылдар аралығында  36214 оқушы мектеп қабырғасынан орта мектепті бітіргендігі жөнінде аттестат  алып шықты.

Мектеп ұстаздары мен оқушылардың 90 жылдық мерейтойға және тәуелсіздікке тартуы


1.  Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өткізілген облыстық «Мерейлі отбасы» байқауына мектебімізден Көбенбаевтар отбасы қатысып жүлделі І орынмен марапатталды.

2. Химия пәнінің мұғалімі – Иманбаева Аяулым «Берекелі шаңырақ» атты облыстық жас отбасылар байқауында жүлделі І орынға ие болып, бағалы сыйлықпен марапатталды.

3. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі – Жумабекова Аиида   жас мұғалімдерге арналған «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» облыстық педагогикалық олимпиадасының аудандық кезеңінің 3 - орын жүлдегері

4. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары , қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі – Көбенбаева Сандуғаш Батықанқызы   Бейсен Құранбек атындағы «Ұлтты сүю - ұлылық» атты аудандық мақалалар байқауында  І орын иеленіп,облыс көлемінде 3-орынға ие болды.

5.10-сынып оқушысы Макен Анеля  Дарын» РҒПО жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» интеллектуалды конкурсының аудандық кезеңінің 1 орын жеңімпазы, облыстық кезеңінің қатысушысы .

6. 11-сынып оқушысы Жомарт Әмина жаратылыстану- математикалық цикл   пәндері  бойынша өтетін Президенттік олимпиаданың   аймақтық кезеңінің    І   дәрежелі диплом жүлдегері, облыстық кезеңінің қатысушысы. 

7.  9-сынып оқушысы Базарбай Аружан - Республикалық «Дарын» ғылыми – тәжірибелік орталығының Ғылыми жобалар конкурсынан география пәнінен  1-орын алды.

8.  1-сынып оқушысы Тоқан Сафура - Республикалық  «Тіл және тәуелсіздік» балалар мен жасөспірімдер арасындағы байқаудың бейнелеу өнері бойынша бас жүлде иегері.

9.  11-сынып оқушысы Күндеш АяулымUstaz tilegi» ғылыми- әдістемелік орталығының информатика пәнінен оқушылар арасында  онлайн олимпиаданың І дәрежелі диплом иегері жеңімпазы.

10.  11-сынып оқушысы Рашитов Амир  - Ustaz tilegi» ғылыми- әдістемелік орталығының информатика пәнінен оқушылар арасында  онлайн олимпиаданың ІІІ дәрежелі диплом иегері.



Похожие публикации:

01 сентябрь 2021 Мектеп төлқұжаты
28 апрель 2017 Олимпиада