"Қарым – қатынас жасау ережесін сақтау. Сен өз құқығыңды білесің бе?" әдеп сабағы » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Қарым – қатынас жасау ережесін сақтау. Сен өз құқығыңды білесің бе?" әдеп сабағы
10
сентябрь
2021

"Қарым – қатынас жасау ережесін сақтау. Сен өз құқығыңды білесің бе?" әдеп сабағы

Сабақтың тақырыбы:  Қарым – қатынас жасау ережесін сақтау. Сен өз құқығыңды білесің бе?
 Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан  түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру. Адамгершілік ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру. Оқушыларды жаңа тақырыпты талқылауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, ой өрісін, ойлау қабілетінің белсенділігін арттыру.

Мұғалім: - Құрметті оқушылар ! Мемлекетіміздің Ата Заңының 1-бабында «Қ.Р. - құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы-адам және  адамның  өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі  сөздерді енгізген. Адамның шыр етіп жерге түскен сәтінен бастап оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң- 1948 жылы 10-желтоқсанда қабылданған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқықтары декларациясы». Міне, осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 жылы 20-қарашада «Бала құқығы туралы конвенция» қабылданды. Бүгінде бұған 91 мемлекет кіреді.

Конвенция дегеніміз – арнаулы мәселелер жөніндегі келісім шарт. Осы Конвенция негізінде 2002 жылы 8 тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы» Заң қабылданды. Бұл Заң 10 тарау, 53 баптан тұрады. 2002 жылы 2-қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қойды.Бүгін біз адам дүниеге келгеннен бастап, тұлға боп қалыптасқанға дейін қандай құқықтарға ие болатынын білеміз, яғни сіздердің құқықтарыңыз жайлы әңгіме қозғайтын боламыз. Әрбір елдің басты құндылығы байлығы – адам .Бүгінгі пікір алмасу сабағымызда «Бейбітшілік », «Заңгерлер», «Ақиқат» топтары қатынасады.

Конституция сөзінің аудармасы қалай? (латынша, «құрылым» «өкілім»)Қ.Р Мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы?(халық)Бала құқығы туралы Конвенция қашан қабылданды? (1989 жылы 20- қарашада)Оқушы неге міндетті?Білім алуға, ата-анасын тыңдауға, басылымдарға жазылуға,оқулықтарын таза ұстауға, үй тұрғызуға.

Мұғалім: Егер біз бәріміз заңды жақсы біліп, мүлтіксіз орындасақ- әділ де парасатты, бақытты өмір сүретін боламыз. Сіздер Ата Заңды құрметтеп, Отанға адал қызмет етер азамат болыңдар. Осымен «Сен өз құқығыңды білесің бе?» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңыз үшін рахмет. Қош сау болыңыздар.


«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп» кмм 

                             7«а» сынып оқушыларымен 

                         өткізілген әдеп сабағына 


                                             Анықтама 

Күні 03.05.2021 жыл

Барлығы 32

Қатысқандар-30

Себепті-2


5-қазан  күні 7 «а» сынып оқушыларымен уатсап желісінде «Қарым-қатынас ережесін сақтау. Өз құқықтарыңды пайдаланып,өзгелерге зиян келтірме» тақырыбында сабақ өтілді. 

            Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өз құқықтарын білу және олар жайлы ақпарат беру. Балалар туралы заңдармен таныстыру. оларды еркінен тыс жұмысқа тартудың заңсыздық екенін түсіндіру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы жайлы мәлімет беру.Сабақта оқушыларға сынып жетекші бала құқығы, сенің құқығың, «Білім туралы» заң бойынша мәлімет берді. Баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына, қадір – қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауға құқығы.

1.Әрбір баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауға құқығы бар.

2.Мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді, оның тәнін және жанын жәбірлеуден, адамдық қадір-қасиетін қатыгездікпен, дөрекілікпен қорлаудан, кемсітуден баланы қылмыстық әрекеттерге және қоғамға жат әрекеттер жасауға тартудан, оның құқықтары мен бостандығына қысым жасаудың өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге асырады.Жұртшылық пен балалар арасындағы Конвенция туралы хабардарлық деңгейі бұрынғысынша төмен күйінде қалып отыр. Білім беру саласында балаларды олардың құқықтарымен таныстыру факультатив сабақтар деңгейінде жүргізіледі, алайда мұндай сабақтарды міндетті түрде оқу бағдарламаларында нормативтік деңгейде бекіту тиімді болар еді.

Тұтастай алғанда, баланың оның көзқарасын құрметтеуге, туылғанын тіркеуге, тиісті ақпаратқа қол жеткізуге, отбасының болуына, денсаулығы мен медициналық қызмет көрсетуге, білім алуға, бос уақыты мен мәдени қызметіне, кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігінің іске асырылуына, азаптаудан және қатігездікпен қараудан қорғалуға, сондай-ақ панасыз балалар мен мүгедек балалардың ерекше қорғалуына құқықтарымен байланысты қалған мәселелер бойынша Қазақстан Комитеттің Ұсынымдарын орындау үшін ауқымды шараларды қабылдады.






                                                                        Сынып жетекші       С.Б.Көбенбаева