«Әлеуметтік желі және біз» сыныптан тыс тәрбие сабағы » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
январь
2022

«Әлеуметтік желі және біз» сыныптан тыс тәрбие сабағы

                                                                         «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп» КММ

                            5 «Г» сынып оқушыларымен 

                                            өткізілген  сыныптан тыс тәрбие сабағына 


Анықтама 


Күні: 21.01.2022 жыл

Барлығы - 26  Қатысқандар-23

Қатыспағаны – 3     Себепті - 3


21.01.2022 күні  5 «Г» сынып оқушыларымен «Әлеуметтік желі және біз»тақырыбында сыныптан тыс тәрбие сабағы өтілді. 

Мақсаты: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушыларда толық ой қалыптастыру, пайдасы мен зиянын түсіндіру. Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін жетілдіру, шығармашылыққа баулу. Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта білуге, өздерін сабырлы әрі тәртіпті болуға, басқаны тыңдай білуге тәрбиелеу. 

Күтілетін нәтиже: Оқушылар  интернет туралы толық мәлімет алады, интернеттің пайдасы мен зиянды жақтарын толық түсінеді және онымен қолдану, компьютермен жұмыс істеу ережелерін танысады.

  Сабақ барысында оқушыларға –  әлеуметтік желі – бұл тек адамдарды бір-бірімен байланыстыратын вебсайт қана емес, сонымен қатар өз айналасындағы адамдардың тағы да кімдермен байланыс- таныс екенін білудің, сондай-ақ, сол арқылы өз таныс-білістігіңді арттырудың жолы. Демек, әлеуметтік – халық, адамдар, топ болса, желі –байланыс, қарым-қатынас. Енді осы жерде «желі» сөзі – интернеттегі сайт болса, «әлеумет» – бұл сол сайттың тұтынушылары, яғни сіз бен біз екендігі айтылып , видеоролик көрсетілді.

Сондай –ақ, оқушылар мен қатысып отырған мұғалімдерге тақырыптық сұрақтар қойылып , пікірлері тыңдалды.Оқушылар өз ойларын ортаға салып, өлең жолдары мен   тақырыпқа сай заманауи ән де шырқады. Балалар интернет желісінің бізге қаншалықты зиянды және пайдалы екендігін ажыратып, өз пікірлерімен бөлісті. 

Сабағымызды қорытындылай келе, әлеуметтік желілердің маңыздылығын ешкім жоққа шығара алмайды. Әлеуметтік желі жайлы кім қалай ойласа да ол өз еркі. Бәсекеге қабілетті жеке тұлға негізі ұлттық құндылықта десек, айтар ойға тұздық болған әлеуметтік желі оқушы өмірінде қандай орын алса да, ұлттық мәдениетіміз бен рухани қазынамыздың ойға, бойға қажет нәрін жоғалтып алмасақ деген оймен біз болып, сіз болып жас ұрпақты алтын уақыттарын бағалай білуге, әлеуметтік желілердің жетегінде еріп кете беруіне жол бермейік деген  тұжырым жасалды. 



  Сынып жетекші: Г.Қ.Касымжанова