01
сентябрь
2022
1 қыркүйек – Білім күні «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет»
Мақсаты: білім алушылармен бірге білімге ұмтылу, отаншылдық,
еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін талқылау.
Міндеттері: -білім алушыларға құндылықтар жөнінде жалпы ақпарат беру;
-білім алушылармен бірге құндылықтардың адам өміріндегі рөлін
талқылау;
-отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;
сыныптың жағымды микроклиматын және жаңа оқу жылына жағымды
көңіл-күй қалыптастыру.
Көрнекілігі: слайд-презентация, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, суреттер.
Сабақтың өту барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу. Гимн орындау.
2. Кіріспе бөлім.
Білімді, тәрбиелі ұрпақ - ел келешегі. Яғни сендердің мектепке келгендегі мақсаттарың білім алу. Білім - тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз үрдісі. Білім арқылы адамдарды, айнала отанды, ғарышты, әлемді танисыңдар, өз табыстарыңды, жетістіктеріңді көрсете аласыңдар, қоғамға қызмет етесіңдер. Егеменді еліміздің болашағы - білімді ұрпақ. Ол үшін білім қажет.
Оқу арқылы адам бойында білім жинақталады. Оқу білімнің бұлақ көзі болып табылады. Шырақ барлық уақытта да айналаға нұр сәулесін шашып тұрады. Сен де білімді болсаңдар өмірде шырақ сияқты жарқырайсыңдар. Біз білімді болуымыз үшін көп еңбектенуіміз керек.
«Еңбек» сөзіне тоқталайық. Еңбек адамды тәрбиелейді, қуаныш сыйлайды, жігерлендіреді, шынықтырады, пайдалы өмір сүруге үйретеді. Адамның адам болуында еңбек шешуші роль атқарған. Адамзат еңбекті, еңбектің құралдарын жетілдіре отырып, өзі де жетіліп кемелдене білген.
Отан дегеніміз – әр адамның туып – өскен жері, туған – туыстарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны-Қазақстан Республикасы. Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып 1991 жылы 16 Желтоқсанда жарияланды. 1992 жылы Қазақстан Республикасының нышандары бекітілді.
3.Негізгі бөлім.
Әрбір республиканың өз ерекшелігін білдіретін гимні, туы, елтаңбасы болады. Біз оны рәміздер деп атаймыз.Осы рәміздер туралы не білеміз?
Оқушылар рәміздерді сипаттап, авторларын атайды.
- Балалар, үлкен мерекелерде туымыз көтеріліп, әнұранымыз орындалады. Рәміздерімізді үлкен де, кіші құрметтеп жоғары ұстауы тиіс. Сендер елтаңба мен туды әрқашан қастерлеуге тиіссіңдер. Қазақстан республкасының рәміздері туралы кім тақпақ біледі?
Көк туымыз бетінде,
Қыран бүркіт қанатты.
Сол қырандай еркіндеп,
Біз өсеміз талапты.
Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда,
Биікке іліп қояды.
Елтаңбасы елімнің ,
Қандай әйбат әдемі
Тұнығындай көңілдің ,
Ортада аспан әлемі
Құт береке шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген.
Топтық жұмыс.
1-топ: Білім туралы мақал-мәтел айтады
1.Күш — білімде, білім — кітапта.
2.Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
3.Білегі күшті бірді жығады,
Білімі күшті мыңды жығады.
4.Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен жоқ болса кішіден сұра.
5.Ақыл — тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.
2-топ: Еңбек туралы мақал-мәтел айтады
1.Еңбегі аздың өнбегі аз.
2.Еңбегімен ер сыйлы, Өнбегімен жер сыйлы.
3.Еңбегіне қарай — құрмет, Жасына қарай — ізет.
4. Еңбек түбі-зейнет.
5.Еңбек етсең ерінбей,
тояды қарның тіленбей.
3-топ: Отан туралы мақал-мәтел айтады
1. Отан от басынан басталады.
2. Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
3.Отансыз – адам, ормансыз – бұлбұл.
4. Отан оттан да ыстық.
5. Отан үшін отқа түс күймейсің,
Арың үшін алыссаң өлмейсің. т.с.с мақал-мәтелдер айтылады.
«Сиқырлы қорапша» ойыны
Сұрақ қорапшасынан әр топ үш сұрақтан суырып, жауап беруі тиіс. Егер жауап бере алмаса келесі топтар жауап беруге болады.
1.ҚР тәуелсіздігін қай жылы алды? (1991 жыл 16-желтоқсан)
2. Еліміздің бас қаласы (Нұр-сұлтан)
3.ҚР президенті кім? (Қ.К.Тоқаев)
4. ҚР туының авторы (Шәкен Ниязбеков)
5. ҚР елтаңбасының авторлары (Жандарбек Мәлібекұлы, Шота-Аман Уәлиханов)
6. Әнұранымыздың авторлары (С.ж: Н.Назарбаев, Ж.Нәжімеденов. Ө.ж: Ш.Қалдыаяқов)
7. Еліміздің төл теңгесі қашан дүниеге келді? (1993 жыл 15-қараша)
8.Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл өзені)
9.Қазақстанның жер көлемі қанша? (2 млн. 724 мың шаршы километр)
3.Қорытынды бөлім.
Балалар! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы екен. Отансыз адам болмайды. Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді, тәртіпті болуымыз.
Байтақ дала жерім менің
Арта берсін даңқың сенің
Көк байрағың желбіресін
Қазақстан елім менің
«Жаса Қазақстан» әнін орындай отырып, сынып сағатымызды аяқтаймыз.