"Мен өмірді жырлау үшін келгенмін" » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
февраль
2023

"Мен өмірді жырлау үшін келгенмін"

             Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі










« Мен өмірді жырлау үшін келгенмін »

               ( М.Мақатаевқа арнау)


 







Ұйымдастырушы: Тұрсынхан Б.Б.

                              








                                     2022-2023 оқу жылы



          «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін»

  Мақсаты:  Мұқағали Мақатаевтың өмірбаянымен оқушыларды таныстыру, поэзияға деген қызығушылығын арттыру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  ақын портреті, слайд, плакатқа жазылған өлеңдері, кітаптары.


Жүргізуши:

«Сырым да осы,

         Жырым да осы

         Алдыңда.

         Байқашы бір,

         Бықсыдым ба, жандым ба?

         Махаңдар жоқ,

         Махаңдардың сарқыты

         Мұқағали Мақатаев бар мұнда»,- деп бір күндік жарық сәуледей өте шыққан қысқа ғұмырында ұлан-ғайыр мұра қалдырып кеткен, қазақ поэзиясының Хантәңірі – Мұқағали Мақатаев тірі болса 92 жасқа толар еді. Ақиық ақын, халқының қара өлеңін құдіретке айналдырған Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған 5-8 сыныптар аралығындағы  «Мен өмірді жырлару үшін к»

атты Мұқағалиға арнау кешіне қош келдіңіздер!

         Бүгінгі сайысымызға қатысатын оқушыларымызбен танысып алайық

6-сыныптан: Тұрған Айбарыс


7-сыныптан: Абилбай Айзере, Байболат Нұрай, Нұрқанат Рахат


8-сыныптан: Жұмабай Жанель


9-сыныптан: Бақкелдіқызы Ақтілек, Дүйсен Ельдана


10-сыныптан: Серікбай Бөпенай










         Алдымен сайыс жоспарымен танысып алайық.


1.  «Жырлайды жүрек». Қатысушылар Мұқағалиға арналған арнауларын оқиды. Жоғары балл - 10

         2 . «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» Қатысушыларға «Жүреги оның жанартау» тақырып беріледі, сол тақырып бойынша 10 минутта бір шумақ өлең шығару керек.

       ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ поэзиясының дамуына үлес қосқан ақиық ақынның жыл сайын 9 ақпанда туған күнін еске түсіріп, Мұқағали әндері, Мұқағали оқулары өткізіліп тұрады. Мұқағали көптеген отты өлеңдердің, жүйрік поэзияның, небір әсем әндердің авторы!



І бөлімі – арнауларын мәнерлеп оқу.


ІІ бөліміміз – берілген тақырып бойынша өлең шығару

Мұқағали Мақатаев кезінде ән жайында «Бүгін де халық әнді көп айтады. Шүкір, өлеңді сүйетіндер де аз емес. Бірақ жақсы әнге жақсы өлеңге қосылса, бір ғажап қой» деген екен. Сол айтқандай Мұқағали сөзіне жазылған көптеген әндер дүниеге келді. Соның бірін қазір көрермен жүрегіне жеткізетін мектебіміздің әншісі Сағынова Жарқынайға кезек берейик. «Айтатын саған сырым бұл».

Мұқағали – мінсіз поэзияның нағыз жасаушысы. Тәңірдің өзі жасағандай Мұқағали жырлары – поэзияның сұлуы әрі тереңі, шексіз мұхиты, соққан желі, қара дауылы, сімірсең мейірің қанбайтын мөлдір бұлақ, тіліңді үйіретін шәрбат, жан рахаты


Сонимен сайысымыз өз мәресіне жетті. Енді әділқазы алқасына сөз кезегін ұсынсақ.

Мұқағали өлеңдері – мәңгі жасай беретін мол мұра. Бүгінгі сайысымызда ақынның өлеңдеріне, өміріне барлау жүргізіп, өзімізде ақынша жыр жазып, жырынан сусындап барынша моллы рухани байқ алдық деп есептейміз. Бүгін ақынның көзі тірі болса, 84 жасқа толар еді.

Мәзір етіп мәпелеген жемісің,

Мәуелесе, баққа толы өрісім,

Барлығы да,

Поэзия сен үшин! – деп Мұқағали жырласа,

Биздер:

«Күйінішті, сүйенішті өлеңің,

Татып дәмін мен де өсіп келемін.

Өлген жоқсың, сен әрдайым тірісің,

Біздер үшін, қазақ деген пенденің» - деп ақын өлеңін мәңгілікке, ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіп табыстау – сіз бен біздің парользымыз!



«





«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін»

           6-10 сыныптар арасында Мұқағалиға арнау кеші


                                              Анықтама 


     3 ақпан 2023 г күні 6-10 сыныптар арасында «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» тақырыбы бойынша арнау кеші өтілді. 

Мақсаты:  Мұқағали Мақатаевтың өмірбаянымен оқушыларды таныстыру, поэзияға деген қызығушылығын арттыру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

        Мүшәйра екі бөлім бойынша өтті.

І бөлімі – арнауларын мәнерлеп оқу.


ІІ бөліміміз – берілген тақырып бойынша өлең шығару


      Мүшәйраға жалпы 7 оқушы қатысты. Бірінші бөлім бойынша Мұқағалиға арнауларын мәнерлеп оқыды, екінші бөлім бойынша 10 минут ішінді «Жүрегі оның жанартау» тақырыбы бойынша 1 шумақ өлең шығарды. 

Қатысушылардың мәнерлеп оқуларын, шығарған арнауларың ұйқастарына қарап, төмендегідей орындар иеленді:

10-сынып оқушысы 1-орын Серікбай Бөпенай

9-сынып оқушысы 2-орын Бақкелдіқызы Ақтілек

8-сынып оқушысы 2-орын Жұмабай Жанель

9-сынып оқушысы 3-орын Дүйсен Ельдана

6-сынып оқушысы 3-орын Тұрған Айбарыс

7-сынып оқушылары «Жас Ақын» номинациисымен Байболат Нұрай, Абилбай Айзере, Нұрқанат Рахат марапатталды