24
ноябрь
2022
"Кітап - жан азығы"
Тақырыбы: Кітап – жан азығы
Мақсаты: Оқушыларды кітапты сүюге, оны күтіп ұстауға тәрбиелеу, кітаптың адам өміріндегі аса маңызды рөлін түсіндіріп, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқулықты күтіп ұстауға үйрету.
Көрнекілігі: Кітап көрмесі, дана адамдардың кітап жөнінде айтқан сөздері: «Кітап – жаз азығы», «Кітап - өмір ұстазы, «Кітап оқымай, өмірді білу, білім алу мүмкін емес», «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» Абай Құнанбаев, «Жақсы кітап оқу ақылды адаммен сырласқанмен бірдей» Лев Толстой, «Кітап дегеніміз – біздің заманымыздың өмірі» В.Г. Белинский
Барысы:
Мұғалім: Жұмбақ шешу
Тіл жоқ өзінде,
Сөзі бар ізінде. (Қаламсап)
Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (Сызғыш)
Төрт қырлы, өзі аппақ,
Тақтадағы ізі аппақ. (Бор)
Қабат - қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін. (Кітап)
Ой қозғау:
Асанәлі: - Мектепке балалар не үшін келеді?(Білім алу үшін)
Айзере: - Оқу, білімді алу үшін оқушыға не керек? (Кітап)
Асанәлі: Кітаптың пайдасы туралы қысқаша әңгімелеп беріңдерші.
Айзере: Алғашқы кітаптар осыдан бірнеше жыл бұрын пайда болған. Ол біздің қолымыздағы еш ұқсамайды. Алғаш рет кітап жұмсақ балшықтан жасалған. Жұмсақ балшыққа үшкір нәрсемен жазу жазып, оны кептіріп, кейін күйдірген. Ол кәдімгі кірпіш тас сияқты болған. Бамбук өсімдігінен таяқшалар әзірлеп соған да жазған. Ежелгі Египетте кітапты тасқа қашап жазған. Кейін жануарлардың терісінен пергамент деп аталатын материал жасалып, кітап соған жазылған. Еуропада кітап шығарудың негізгі материалы қағаз XIII ғасырда пайда болды. Кітаптың шығу тарихы мыңдаған жылдар мен ғасырларды артқа тастаған.