Спорттық отбасылық сайыс » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
февраль
2023

Спорттық отбасылық сайыс

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп КММ- нің
5 сынып оқушылары және ата-аналарының
арасында ұйымдастырылған спорттық отбасылық
сайыстан

А Н Ы Қ Т А М А
2022-2023 оқу жылының оқу тәрбие жоспарына сәйкес «Денсаулық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу,денсаулықты сақтау, нығайту қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту,денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру және ата - аналар мен балалары арасындағы қарым - қатынасты нығайту мақсатында «Менің сүйікті отбасым» атты спорттық отбасылық сайыс ұйымдастырылды. Сайыс алты кезеңнен тұрды ( Таныстыру;Таяқшамен жугіріп барып, есепті шығарып қайту; Баскетбол добын кедергілер арасынан алып журу; Секіргішпен жугіру Ракеткамен шарикты құлатып алмай алып журу; Әкелер қол күрестіру)
Сайысқа әр 5 сынып арасынан 5 отбасылық топ құралып, қатысты.
Сайыс барысында әр топ өз тобын, ұранын таныстырып, кезеңдер бойынша сайысқа түсті. Сайыс өте тартысты, әрі қызықты өтті. Ата аналар мен оқушылар белсенділікпен қатысып, өз шеберліктерін көрсете отырып, төмендегідей орындарға ие болды.
«Алғыр» тобы Iорын
«Алаш»тобы IIорын
«Қыран» тобы IIIорын
«Болашақ» тобы Жүйріктер номинациясы
«Тұлпар» тобы Алғырлар номинациясын иеленді.
Сайыс соңынде мектебіміздің педагог ұйымдастырушысы Ұлжан Сұлтанғалиқызы әр топты марапаттап, құттықтап сөз сөйледі.