Ән - көңілдің ажары ән байқауы(Мұқағали Мақатаев) » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
февраль
2023

Ән - көңілдің ажары ән байқауы(Мұқағали Мақатаев)

Мұқағали жырлары мәңгілік

Мақсаты : Ғасырлар тоғысында ғасыр ақыны атанған М.Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату,сол арқылы олдың бойында поэзия әлеміне,жалпы сөз қакістынеріне с ӯлійіспеніне сӯлійіспеніне үялату. Отанды туған жерді сүюге тәрбиелеу,ақын жырларынан үлгі алу.

Көрнекілігі  Ақынның портреті,слайдттар,кітап көрмесі,шығармалары,ақын туралы естеліктер,ақын туралы жазылған пікірлер,нақыл сөздер,техникақ құрал-жабдықтар .

Мұқағали Мақатаев бар мұнда,-деп бір күндік сәуледей ағып өткен қазақ жырының шоқ жұлдызы Мұқағали Мақатаевтың бүгін туған күні.

1-оқушы:

Бүгін менің туған күнім

Ой, бәле-ай!

Мына адамдар неғып жатыр тойламай

Банкет жасап берер едім өзім-ақ

Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойған-ай

Мына дүние неге жатыр үндемей,

Алаулатып тойдың шоғын үрлемей,

Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып,

Мынау-шапан,мынау атың,мін! демей

Мынау жұртқа жақпады ма әлденем,

Бекер өмір сүргенім бе әлде мен?

Халқым, сенің қасиетіңді білем деп,

Босқа өмірім өтті ме екен әуремен?!

Айтамын деп қуанышын,мұңынды,

Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды?!

бәрібір өзіңменен бір болам,

Өзегіңнен тепсең дағы ұлыңды.

Қуат алып Абайдың тіл-күшинен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден,-деп жырлаған Мұқағали Мақатаев биыл 85 жасқа толып отыр.Жыл керуені алға жылжыған сайын М.Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай,өркендей өсіп,айшықтала түсуде.Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық-шынымен бақытты халық.

 Аламан бәйге оза шауып,өлең жырда шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік,талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан.Оны біріміз білсек,біріміз білмейміз.қыран тағдырлы ақын Мұқағали Мақатаевтың өмір жолына тоқталып өтуді жөн көрдік. Слайдттан суреттер көрсетіліп тұрады.

М.Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келді. Әкесі Сүлеймен осы өмірде колхоз ұйымдастырушы болды. 1941 жылы майданға аттанып, содан оралмады. Шешесі Нағиман карапайным шаруа адамы еді.

 Ақынның балдай тәтті балалық шағы жаралы соғыс жылдарына дәл келген,өз тұстары сияқты болашақ ақын да ерте есейіп,арба айдап,соқа салып,тырма тартып,шоп шауып,масақ терді.

Мұқағали алғаш рет ақындық қабілетін танытқан өлеңі неше жаста еді? Мұқағали әкесі Сүлеймен 1941жылы соғысқа аттанғанда Мұқағали небәрі 10-жаста еді. Ақынның алқашқы өлеңі сол соғысқа кеткен әкесіне деген сағыныштан туған екен. Рұқсат болса сол жырымды оқып берейін.

Сол жерде Сырымбеттей тау барма екен,

Жайдақтың шөбі шүйгін қаулар ма екен.

Мінеки көп ай болды хабары жоқ,

Әкем кеп көңілімізді аулар ма екен?

Әкеміз бір әкеден жалғыз еді,

Судағы жаңа біткен жалбыз еді.

Мінеки көп ай болды хабары жоқ,

Біз-дағы әкемізге зармыз энді.

Шетінен өлең жыры шұғылалы,

Біз түсініп болған жоқпыз ұғып әлі,-демекші шын поэзия жасырынып тұрған дүние сұлулығының шымылдығын сыпырып тастайды» деген еді Шелли хан. Мұқағалидың поэзиясымен қалай сырласқанын тыңдап көрелік.

«Поэзия»

«Туған жер»

«Қарасаз»

Балалық шағынан-ақ ақын ерте есейді,еңбекке ерте араласты. Орта мектепті бітірген соң ауылдың хатшысы,қызыл отаудың меңгерушісі,комсомол қызыметінде болды.1954-1962жылдар арасында қазақ радиосында диктор болды.1962-1972жылдар аралығында Социялистік Қазақстан,Қазақ әдебиеті газетіндеМәдениет және тұрмыс,Жұлдыз журналдарында білім меңгерушісі,1972-1973жылы Қазақстан Ж азушылар одағында әдеби кеңесші болып жұмыс істейді. 2-жүргізуші Ақынның тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол ауданындағы Советтік шекара газетінде жарық көрді.Осы орайда ақынның Менің анкетам атты өлеңіне арналған көрініс айтылғандарды нақтылай түседі деп ойлаймыз

Ән:  «Сарыжайлау»

Пай,пай киелі неткен жер!

Батырлар дүрілдеп өткен жер,

Тұлпарлар дүбіреп төккен тер,

Ғашықтар бір-бірін өпкен жер.

Ақынның туған еліне деген махаббатында шек барма?! Бізде ақынмен туған жерді жырлайық.

« Үш бақытым», «Елім барда» өлеңдері жатқа оқылады.

Өлеңдері қандай еді ақынның,

Ештеңе жоқ әсем сенің күлкіңдей,

Бақыттысың сен әрдайым бақытты.

Бағалай біл күрсінбей.

«Майгүлге», «Шыбық»  өлеңдері жатқа айтылады.

 Өлеңдері қандай еді ақынның,

Себелетіп жүрегіңе нұр шашқан,

Ал әндері қандай еді мөп-мөлдір,

Тыңдай бергің келе беред тыңдасаң.

Ән:  «Арулар, асыл жан

- Айналайын Атамекен, Ақ мекен,

Қандай қазақ іздеп сені тапты екен!

Туған өлке тәтті екен ғой, тәтті екен.

«Мен таулықпын»  өлеңдері жатқа айтылады.

- Хас шебердің тұмшалайды даңқын кім?

Кеш түсінді шын бағасын нарқыңның,

Қара өлең деп қапа болып көңілің,

Осы жолда сан сүріндің, сан тұрдың.

«Поэзия» өлеңі мәнерлеп жатқа айтылады.

1-жүргізуші:  - Ақынға бір кездері ақ қанат құс арманын қуып келген аруның төрінен көшенің аты берілді. Аспантаудың ақиық ақынына аспанмен таласқан биік ескерткіш те қойылды. Бұл – Мұқағалидың мәңгілік ғұмыр екенінің айқын айғағы.

Ән. «Көгершіндер маршалы».

 Қандай ғана анадан туады адам,

Сәбилердің ұйқысын қуалаған?!

О, тыныштық! Тыныштық қандай рахат,

Қандай рахат сәбилер жыламаған.

«Көшеде», «Қайран жеңгем», «Шеше сен бақыттысың»  өлеңдері жатқа айтылады

 Шарасында шаттықтың мұңы басым,

Нұр-сәуле боп жүректе жыры қалсын.

Мұқағали – мұзарттың мұзбалағы,

Шашып өткен әлемге шұғыласын,-демекші, ендігі кезекті ақынның поэмаларына кезек берейік. Жазушы Ғабит Мүсірепов осы поэманы оқып шыққаннан кейін, поэманы қатты ұнатып, жазушы Ғабит Мүсірепов өзінің алтын қаламсабын ақынға сыйға тартты. Ендігі кезекті ақынның өз поэмасына берейік.

«Аққулар ұйықтағанда»  поэмасынан үзінді жатқа айтылады.

 Ақын жүрегі нәзік, сезімтал. Кейде өмірден безініп, ол да өзіне сүйеніш, тірек болар адамды іздейді. Кез- келген адам ақын жанын түсіне бермейді. Сондай уақытта Мұқағали Фаризаны тапты. Ақын ағамыз қазақтың ақын қызына арнап өлең шығарды. Ақиық ақын Мұқағали жырға қосқан Фариза қызда қаңтардың қытымыр күндерінде өмірден өтті. Қош алып жүрек қос ақын!

 «Фаризаға» өлеңі оқылады
 
 

- Мұқағали жыры күшті жыр. Сондықтан да, ол – ер ақын, ерен ақын, ерекше ақын. Ер ақын дейтініміз – ол шындықты бүкпесіз бетке айтады. Ерен ақын дейтініміз – сөзі шырайлы, тілі қарапайым, тың өлеңдер жазды. Ерекше ақын дейтініміз – ол ер ақын және ерен ақын болғандықтан ерекше.

«Есіңе мені алғайсың»

Қарасаз қара шалғын, өлеңде өстім,

Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім.

Иә, ақынның өлеңдері, тамаша туындылары біздің жүрегімізде мәңгі сақталып қала бермек.

Қорытынды. Мұқағали есімі қазақ поэзиясының символына айналған ұлы ақын. Қазақтың қаншама Мұқағалидан кейінгі ақындар Мұқағали жырымен рухтанды. Мұқағали қаншама ақынға шын жылаудың қалай болатынын көрсетті. Сондықтан да Мұқағали жырлары мәңгілік.