2021-2022 оқу жылында тәрбие жұмысы бойынша 1 тоқсанда жүргізілген жұмыстарға анықтама
«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп»кмм
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
С.Б.Көбенбаеваның
2021-2022 оқу жылында тәрбие жұмысы бойынша
I бағыт: Жаңа Қазақстандық патриотизм
мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие
бойынша жүргізілген жұмыстың
Анықтамасы
2021-2022 оқу жылындағы мерейтойлық күнтізбелік күндерге арналған іс-шара жоспары жасалып, мынандай жұмыстар атқарылды: 1қыркүйек күні «Кел,балалар, оқылық!»атты салтанатты жиын өткізіліп, 1сынып оқушыларына Әліппе тапсырылды. Сынып жетекшілер Қазақстанның Тәуелсіздік кезеңіндегі жетістіктерін насихаттау мақсатында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» атты әдеп сабағын өткізді.
18-25 қазан аралығында «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!» атты апталық өтті.Іс-шара жоспары құрылып, бекітіліп мынандай жұмыстар атқарылды. 5 «В» сынып жетекшісі А. Сламжанова «Жол ережесін жадыңда ұста!» атты ашық-тәрбие сағатын өткізіп, оқушыларға қауіпсіздік ережесін жан-жақты түсіндірді. 21 қазан күні мектеп инспекторы А.Сағатов пен М.Е. Нурахметов құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында түсініктеме жұмыстарын жүргізді. Түсініктеме жұмыстары барысында кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдерге қала көшелерінде , ойын-сауық орталықтарында, беймезгіл уақытта себепсіз жүруге, зиянды заттар (алкаголь, темекі т.б) заттарды қолдануға болмайтынын заң жүзінде түсіндіріп өтті.
18-25 қыркүйек аралығында «Тіл-менің тағдырым» атты қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі бірлестіктерінің апталығы өтті. Айдана Жакупбаева «Тіл тағдыры-ел тағдыры» атты ашық-тәрбие сағатын өткізді. », 4 «А» сынып жетекшісі Нұрымова Мира Сейітқазықызы «Тіл мәртебесі-ел мәртебесі» ашық тәрбие сағатын өтті.Атқарған жұмыстар жинақталып, желі парақшаларында жарияланды. . 9 «ә» сынып жетекшісі Мусаева Балжан «Дін және тәрбие» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
8«Б» сынып жетекшісі Г. Қылышбаева «Терроризм-елге төнген қауіп» атты ашық-тәрбие сағатын жоғарғы дәрежеде өткізді.
«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп»кмм
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
С.Б.Көбенбаеваның
2021-2022 оқу жылында тәрбие жұмысы бойынша
II бағыт: Ұлттық тәрбие
бойынша жүргізілген жұмыстың
Анықтамасы
Қыркүйек айында «Дәстүр мен ғұрып» жобасы ұйымдастырылды. Қыздар мен ұлдар арасындағы жеке бас гигиенасы және ерте жыныстық қарым-қатынастың алдын алу мақсатында 8-11 сынып оқушыларымен кездесулер ұйымдастырылды .2 «Ә»сынып жетекшісі Р. Керимкулова «Отбасы-Отанымыздың ошағы» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. 6 «Б» сынып жетекшісі Сламқұлова Нейля Кадирбаевна «Ш.Уәлиханов» музейіне ZOOM-мен виртуалды саяхат жасады. 7 «В» сынып жетекшісі Гүлзада Оңғарбаева Қайдаулқызы «Ұлттық тәрбие-ұлағат көзі» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді, ақпараттар желі парақшаларында жарияланды.
«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп» кмм
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
С.Б.Көбенбаеваның
2021-2022 оқу жылында тәрбие жұмысы бойынша
III бағыт: Отбасылық тәрбие
бойынша жүргізілген жұмыстың
Анықтамасы
«Ата-ана мектебі» 1-11 сынып жетекшілері жиналыстар ұйымдастырды, хаттамасы жазылды. Психолог Г.Сарсембекова үлгерімі нашар, әлеуметтік жағдайы төмен, мінез-құлқында қиындық келтіретін, девиантты, оқушылармен жұмыс (мониторинг)жүргізіп, анықтамасын жазды. Медбике, сынып жетекшілер кеңес беру мақсатында 8-11 сынып оқушыларымен қыздар, ұлдар арасындағы жеке бас гигиенасы және ерте жыныстық қарым-қатынастың алдын алу жұмыстарын жүргізіп, кездесу өткізіді.
14-17.09.21 ж.Өнер бірлестігі «Мен және менің отбасым» тақырыбында сурет байқауын өткізді. 17.09.2021 ж. 2 «А» сынып жетекшісі Б. Исабекова «Отбасы-өмір аясы» атты ашық тәрбие сағаты өткізді. 15.10.2021 ж. 3 «В» сынып жетекшісі Н. Крыкбаева «Отбасым-күншуағым» атты ашық тәрбие сағатын өткізіп, әлеуметтік желілерге жүктеді.
«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп»кмм
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
С.Б.Көбенбаеваның
2021-2022 оқу жылында тәрбие жұмысы бойынша
IV бағыт: : рухани-адамгершілік тәрбие
бойынша жүргізілген жұмыстың
Анықтамасы
Әлеуметтік педагог Г.Жетенова, психолог және сынып жетекшілер оқушылардың әлеуметтік жағдайын, бақылап анықтады /қажетті оқушы-ды бақылауға алу/. 07-17.09.2021 ж Кітапханашылар «Кітап-білімнің түпсіз аспаны, терең бастауы» деген бастамамен 1-2 сынып оқушыларымен кітапханамен таныстыру мақсатында кітапханаға саяхат жасады. ДТІЖО ,сынып жетекшілер «Жолда жүру ережесін білесің бе?» тақырыбында 1-11 сыныптармен мектеп инспекторы А.САғатовпен кездесу ұйымдастырды. |
«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп»кмм
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
С.Б.Көбенбаеваның
2021-2022 оқу жылында тәрбие жұмысы бойынша
V бағыт: : Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
бойынша жүргізілген жұмыстың
Анықтамасы
29.09.2021 ж. Г. Оңғарбаева 7 «В» сынып оқушыларымен «Еңбек түбі-береке» атты ашық тәрбие сағатын жоғарғы деңгейде өтті. Фотокаллаж жасап әлеуметтік желілерге жүктеді. |
«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп»кмм
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
С.Б.Көбенбаеваның
2021-2022 оқу жылында тәрбие жұмысы бойынша
VI бағыт: : Интеллектуалды тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу
бойынша жүргізілген жұмыстың
Анықтамасы
23.09.2021 ж Г. Нартбаева 4 «Б» сынып оқушыларымен «Кім білгір, кім алғыр?»
білгірлер сайысын өтті. Педагог ұйымдастырушы М. Бақтыбаева 5-10 сынып оқушыларымен «Білімді ұрпақ кемел мемлекеттің тірегі» атты білгірлер сайысын ай сайын ұйымдастырып, жеңімпаздарды марапаттап, әлеуметтік желіге жариялап отырды. |
«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп»кмм
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
С.Б.Көбенбаеваның
2021-2022 оқу жылында тәрбие жұмысы бойынша
VII бағыт: : көпмәдениеттік және көркем-эстетикалық тәрбие
бойынша жүргізілген жұмыстың
Анықтамасы
Педагог ұйымдастырушы М. Бақтыбаева оқушыларды ынталандыру мақсатында 5-10 сыныптар арасында «Ғажайып күнделік» байқауын өткізіп, марапаттап, анықтамасын жазды. І тоқсан бойынша 5-11 сыныптарарасындағы
оқушылардың күнделіктерін тексерудің қорытындысы
5-11 сынып оқушыларының күнделік ұстауы жай-күйі тексерілді. Тексеру барысы 11 параметр бойынша жүргізілді.
Нәтежесінде:
- Күнделік ұстауы-барлық сыныптарда күнделіктің сырты қапталған, сырт көрінісі жақсы.
- «Есіңе сақта», «Тех, қауіпсіздігі»- оқушыда толық жазылған.
- Оқушы туралы мәлімет-барлық сыныптарда толған.
- Сабақ кестесінің толтырылуы 5г-5, 6а-6, 6ә-5, 10ә-5, 11а-5, 11ә-5, 11б-5 оқушыда толтырылмаған.
- Қосымша сабақ кестесінің толтырылуы І тоқсан бойынша толмаған атап айтсақ 8д-3, 9а-2, 9ә-2, 9б-2, 9в-3, 9г-3
- Үй тапсырмасының нақтылығы 7г-2, 8в-1, 8г-2, 8д-2 сыныптарында толық жазылмаған.
- Оқушының баға қоры-барлық сыныптардың баға қоры орташа.
- Ата-ана қолы-барлық сыныптарда ата-аналардың қолы қойылған.
- Сынып жетекшінің уақытылы тексеруі – барлық сыныпта уақытылы тексерілген.
- Мұғалімнің жазбаша түріндегі ескертулері-жазылған, ескертулер бар.
- Күнделіктің эстетикалық жағдайы – жақсы тек 5ә сыныбының күнделіктерін эстетикалық талапқа сай толтыру қажет.
«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп»кмм
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
С.Б.Көбенбаеваның
2021-2022 оқу жылында тәрбие жұмысы бойынша
VIII бағыт: дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
бойынша жүргізілген жұмыстың
Анықтамасы
ДТІЖО, педагог ұйымдастырушы, мектеп медбикесі «Тазалық-денсаулық кепілі» деген атпен оқушылардың жеке бас тазалығын тексерді. Пед. ұйымдастырушы М.Бақтыбаева спорттық үйірмелерге тарту жұмысын ұйымдастыруды. 5 «Б» сынып жетекшісі А. Иманбаева «Салауатты өмір салтын сақтайық» ашық тәрбие сағатын өткізді. 3 «Б» сынып жетекшісіЧ. Нурдинова «Денсаулық –зор байлық» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Анықтама жазылып, әлеуметтік желілерге жүктелді. |