2021-2022 оқу жылында тәрбие жұмысы бойынша I тоқсанда жүргізілген жұмыстардың есебі » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2021-2022 оқу жылында тәрбие жұмысы бойынша I тоқсанда жүргізілген жұмыстардың есебі
29
октябрь
2021

2021-2022 оқу жылында тәрбие жұмысы бойынша I тоқсанда жүргізілген жұмыстардың есебі

2021-2022 оқу жылында тәрбие жұмысы бойынша I тоқсанда жүргізілген жұмыстардың  есебі

        «Әркім өз жолын тауып  кететіндей  бала тәрбиесі  жеңіл  нәрсе  ме? Жоқ. «Бала тәрбиесі – өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер», — деген екен М.Жұмабаев. Қандай  тауып  айтылған  даналы  сөз  десеңізші! Тәрбие  арқылы  адам  тағдыры  шешілетінін, оның  білімді  тұлға  болып  қалыптасатынын, елдің  берік  тірегі  болатынын  көрсетеді. Балаларға тәрбиелік жұмыс жүргізуді, жан-жақты қарастырып, тиянақты көрсететін тұлға – ол сынып жетекшісі. Олай болса, сынып жетекшілердің және ұстаздардың I тоқсанда жүргізілген жұмыстарының  есебіне тоқталғым келеді.

     2021-2022 оқу жылындағы мерейтойлық күнтізбелік күндерге арналған іс-шара жоспары жасалып, мынандай жұмыстар атқарылды: 1қыркүйек күні «Кел,балалар, оқылық!»атты салтанатты жиын өткізіліп, 1сынып оқушыларына Әліппе тапсырылды. Сынып жетекшілер Қазақстанның Тәуелсіздік кезеңіндегі жетістіктерін насихаттау мақсатында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» атты  әдеп сабағын өткізді. Әлеуметтік педагог Г.Жетенова сынып жетекшілермен бірлесе отырып, оқушылардың әлеуметтік жағдайын анықтау мақсатында  қажетті оқушыларға бақылау жүргізіп анықтады.  «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізді. Мектеп кітапханашылары, Іңкәр Сабырбекова, Алия Тазабекова, Меруерт Қапарова сынды мұғалімдер « Семей ядролық полигонының жабылуына 30 жыл» атты апталықтың өтуіне ат салысты.

  14.09.-17.09.2021 ж «Мен және менің отбасым» тақырыбында 5-7 сынып оқушыларының қатысуымен сурет көрмесі ұйымдастырылды. 6 «Д» сынып жетекшісі Ақбөпе Сұлтанғазы  «Еңбек-елдің мұраты» атты ашық тәрбие сағатын өткізді.

 18-25 қыркүйек аралығында «Тіл-менің тағдырым» атты қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі бірлестіктерінің апталығы өтті. Айдана Жакупбаева «Тіл тағдыры-ел тағдыры» атты  ашық-тәрбие сағатын өткізді. Атқарған жұмыстар жинақталып, желі парақшаларында жарияланды. 

   1-11сынып жетекшілері 1қазан күні қарттар күніне арналған «Аман-сау жүрші, менің ата-әжем!» атты әдеп сабақтарын өткізіп, зейнеткер ұстаздарды құттықтады. 4 «В» сынып оқушылары «Қарттарым-асыл қазынам» атты ашық сабақ өткізді. Сынып жетекшісі Карбузова Гүлжан Ажибековна.


    Алуа Болатбекова Ұланқызы және Бақтыбаева Мадина Достанқызының ұйымдастыруымен «Ұстаздарға мың алғыс!» атты концерттік бағдарлама өте жоғарғы дәрежеде өтті. Көптеген ұстаздар еңбегі еленіп, мектепішілік, аудандық, облыстық мақтау қағаздарымен және дипломдармен марапатталды.   7 «В» сынып жетекшісі   Гүлзада Оңғарбаева Қайдаулқызы «Ұлттық тәрбие-ұлағат көзі» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді, ақпараттар желі парақшаларында жарияланды. 6 «Б» сынып жетекшісі Сламқұлова Нейля Кадирбаевна «Ш.Уәлиханов» музейіне ZOOM-мен виртуалды саяхат жасады. 9 «ә» сынып жетекшісі Мусаева Балжан «Дін және тәрбие» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. 

   8«Б» сынып жетекшісі Г. Қылышбаева «Терроризм-елге төнген қауіп» атты ашық-тәрбие сағатын жоғарғы дәрежеде өткізді. 

 Сондай-ақ, бастауыш сынып мұғалімдері жоспарға сәйкес мынандай ашық тәрбие сағаттарын өткізді: 2 «Ә» сынып Р. Керимкулова «Отбасы-Отанымыздың ошағы», 3 «ә» сынып М. Маямерова «Отбасы-өмір аясы», 4 «А» сынып Нұрымова Мира Сейітқазықызы «Тіл мәртебесі-ел мәртебесі», 4 «Г» сынып Н. Оразова «Мың бір мақал-жүз бір жұмбақ» білгірлер сайысы, 4 «Ә» сынып М. Джумабаева «Мемлекеттік  рәміздер-ұлт мақтанышы», 

3 «В» сынып Н. Крыкбаева «Отбасым-күншуағым» тақырыбында ашық тәрбие сағаттарын өткізді .  Атқарған жұмыстар жинақталып, желі парақшаларында жарияланды.

     18-25 қазан аралығында «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!» атты апталық өтті.Іс-шара жоспары құрылып, бекітіліп мынандай жұмыстар атқарылды. 5 «В» сынып жетекшісі А. Сламжанова «Жол ережесін жадыңда ұста!» атты ашық-тәрбие сағатын өткізіп, оқушыларға қауіпсіздік ережесін жан-жақты түсіндірді.     21 қазан күні мектеп инспекторы А.Сағатов пен М.Е. Нурахметов құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында  «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында  түсініктеме жұмыстарын жүргізді. Түсініктеме жұмыстары барысында кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдерге қала көшелерінде , ойын-сауық орталықтарында, беймезгіл уақытта себепсіз жүруге, зиянды заттар (алкаголь, темекі т.б) заттарды қолдануға болмайтынын заң жүзінде түсіндіріп өтті.

   «Асыл сөз» бірлестігінің мұғалімдері «Тиым салынатын белгілер» тақырыбында диктант алды. Алия Тазабекова Болатханова мен Г.Оңғарбаева Қайдаулқызы «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік» тақырыбында 5-6 сыныптармен сурет көрмесін ұйымдастырды. 2-4 сыныптар арасында  бастауыш сынып мұғалімдері «Мектепке барар қауіпсіз жол!» тақырыбында плакаттарға сурет салып жарыс ұйымдастырды. Инспектор М.Е.Нурахметов «Мектепке барар қауіпсіз жол» тақырыбында 8-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Педагог ұйымдастырушы Айдаров Медет  5-7 сынып оқушыларына «Абайла, балақай!» тақырыбында бейнефильмдер көрсетіп, оқушыларды қызықтыра отырып мазмұнын түсіндіріп, 

    1-11сынып жетекшілері «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!» тақырыбында әдеп сабақтарын өтті. «Жас инспектор» үйірме жетекшісі Ұлжан Сұлтанғали «Ел сенімін ақтаймыз, жол ережесін сақтаймыз» атты сайыс ұйымдастырды. Атқарған жұмыстар жинақталып, желі парақшаларында жарияланды.

1-5 қазан күзгі демалыс кезіндегі іс-шара жоспары бекітіліп, жұмыстар атқарылып жатыр.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары       С.Б.Көбенбаева

                                                                                            А.У.Болатбекова