2021-2022 оқу жылында тәрбие жұмысы бойынша II тоқсанда жүргізілген жұмыстардың есебі » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2021-2022 оқу жылында тәрбие жұмысы бойынша II тоқсанда жүргізілген жұмыстардың есебі
06
январь
2022

2021-2022 оқу жылында тәрбие жұмысы бойынша II тоқсанда жүргізілген жұмыстардың есебі

2021-2022 оқу жылында тәрбие жұмысы бойынша II тоқсанда жүргізілген жұмыстардың  есебі

Тәрбие- кең мағынасымен алғанда,  қандайда болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз.

Мағжан Жұмабаев

       «Тәрбиелеуде мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні маңызды-ақ. Бірақ оның ықпалымен  шәкірттердің не біліп, не істейтіні онан да маңыздырақ. Мұғалімдер міне, осынысымен бағаланады» деген Цицеронның сөзімен ойымды ұштастыра  келе, II тоқсанда жүргізілген жұмыстардың  есебіне қысқаша тоқталып өтейін.

Тәрбие саласының 8 бағыты бойынша айлық, апталық жоспарлар бекітіліп, іс-шаралар өз уақытында жауапкершілікпен жоғарғы деңгейде өтті. Атап айтсақ, 12-қараша күні 5-7 сынып оқушыларының арасында «Күз-мереке, күз береке» атты экибана байқауы, 8-11 сынып оқушыларының арасында  "Аяулы күз, алтын күз" тақырыбында  күзгі балл байқауы өтті. Ұйымдастырушы 11 «б» сыныбы,  жетекшісі Атамбаева Эльзат. Бас жүлдені 10 «Б» сынып оқушылары    Молдахметов Ильшат, Имерахунова Зульфира                                 ие болды. Байқауға қатысқан барлық оқушылар   мақтау қағазымен марапатталды.

        Сондай-ақ, бастауыш сынып мұғалімі  Малжанова Шағала Бекмұратқызы «Кім білгір, кім тапқыр?» зияткерлік сайысын , А.Қасымжанова  «Кітап-біздің досымыз» , М. Сағымбекова «Сәлемдесу - әдептілік белгісі»,  9 «Г» сынып жетекшісі Б.Салқынбаева «Экология-табиғат жүрегі», 10 «А» сынып жетекшісі  Г.Якупова «Ғасырдың қасіретті дерті-СПИД»    8 сынып жетекшілері «Ақселеу Сейдімбектің туғанына -80жыл», Шарипбаева Әсия «Парыз тәртіптен басталады» ,Сарсебаева Мадина «Өмір неткен керемет!»  атты ашық тәрбие сағаттарын жоғарғы деңгейде өткізді.

        Мектебімізде   22 қараша  мен 22 желтоқсан   аралығындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына  арналған  30 іс-шара өтті.

1-11 сынып жетекшілері «Егемен елдің кемеңгер басшысы», «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздікке-30 жыл!» тақырыбында әдеп сабақтарын өткізді. Мектеп кітапханашылары «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына- 30 кітап» көрмесін   ұйымдастырды. 2 «а» сынып  жетекшісі        Исабекова Бибігүл «Менің тұңғыш Президентім» атты ашық тәрбие сағатын жоғарғы деңгейде өткізсе, Т.Балғабеков 8-10 сынып оқушыларымен «Тәуелсіздігіміздің 30 жылы: еліміздің Тұңғыш Президенті –Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ел мемлекеттілігінің   қалыптасуы мен дамуындағы рөлі» атты сыныптан тыс сабақ өткізді.

      6-7сынып жетекшілері онлайн форматта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елін сүйген Елбасы» челленджін ұйымдастырып, оқушылардың потриоттық сезімін арттырды. 1-11 сынып жетекшілері әр сыныпта  «Менің елім –Тәуелсіз Қазақстан» сынып бұрышын сапалы ұйымдастыра білді.

2-3 сынып жетекшілері «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты мәнерлеп өлең оқу сайысын  офлайн форматта өткізді. «Азамат» дебат клубының жетекшісі М.Айдаров және Мұраталы Айсұлу «Тәуелсіздік және тіл» аудандық дебат турниріне қатысып, сертификатпен марапатталды.

1 сынып жетекшілері «Бәйшешек пен бәйтерек» ертегісінен көрініс ұйымдастырды. Жауапты  Н.Үкібасова . 8-10 сыныптармен  А.Жакупбаева «Ел еріне, ері еліне сенген ұлы тұлға» онлайн эссе байқауын өткізді.

 «Өнер» бірлестігі «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздікке-30жыл!» атты  аудандық көрмеге жоғарғы деңгейде дайындалды.   Жауапты мұғалімдер  Е.Жұмабеков  және А.Бегімбекова.

    8 «В» Жакаева Айжан « Желтоқсан жаңғырығы» ,7 «Б» сынып жетекшісі Карипжанова Ардақ «Біз- тәуелсіз елдің ұрпағымыз»,   7 «А» сынып жетекшісі Абдыкаримова Гүлнар апай «Тұғыры биік-Тәуелсіздік» атты ашық тәрбие сағатын өте жоғарғы деңгейде өткізді.   Карбузова Гүлжан 4 сынып оқушыларынан   «Қазақстан-мәңгілік ел» тақырыбында  диктант алды.

     15 желтоқсан күні Мусаева Балжан Нурмолдаевна   «Желтоқсан тәуелсіздік шежіресі» тақырыбында желтоқсан  ардагерлерімен кездесу кешін өткізді. Ұ.Болатбеков, С.Джексенбаев, Т.Түктібаев сынды кеш қонақтары желтоқсан құрбандарын еске ала отырып, олардың ерліктері мен батырлығын насихаттап өз естеліктерімен сыр бөлісіп, оқушыларға тілектерін білдірді.

        Алтынсарин мектеп ұжымы Раушан Бердібекқызының басшылығымен«Шежірелі білім ордасына- 90 жыл» атты мерейтойға арналған  салтанатты мерекелік жиынды өте жоғарғы деңгейде өткізді. «Тағылымды тарих – жарқын болашақ бастауы» атты тарихи кітаптың тұсаукесері мектеп тарихындағы үлкен қуанышты оқиға болды. Әр бірлестіктің ұйымдастыруымен «Келешекке кемел біліммен» атты мектеп тынысымен таныстыруы келген қонақтарымызды зор бақытқа бөледі. Жан-жақтан келген қонақтар, зейнеткер ұстаздар, мектеп түлектері, мекеме басшылары өз алғыстарын айтып, ізгі тілектерін білдірді. 

   Мектеп директоры Баякеева Раушан Бердібекқызы іс-шараның жоғарғы деңгейде өтуіне атсалысқан ұстаздарды және кіші қызметкерлерді   марапаттап, еңбек кітапшаларына алғыс жариялады.

 Білім негізі - бастауышта! 1сынып жетекшілері  Г.Абдрахимова, Д.Трусбекова, Н.Үкібасова, С.Джакиева, Ұ.Атабаева, А.Инканбекова


«Қош бол, құтты әліппем!» атты ашық тәрбие сағаттарын өте жоғарғы деңгейде өткізіп, ата-аналардың алғысына бөленді.

     1-11 сынып жетекшілері «Қош келдің, жаңа жыл!» тақырыбында әдеп сабағын және  «Жарқыра, жайна, жаңа жыл- Тәуелсіз қазақ елінде» атты құттықтау видеожазба түсіріп, ата-аналарды құттықтады. «Жас ұлан» ұйымының қатысуымен және 11 «А» сынып оқушыларымен жаңа жылдық көрініс, құттықтаулар, концерттік бағдарламалар видеожазба ретінде әзірленіп, ауданға жіберілді. Барлық аталған іс-шаралар әлеуметтік  желі парақшаларына жарияланды. 

Тәрбие саласы бойынша оқушылардың жетістіктері:

  1. 8 «А» сынып оқушысы Бетімбай Алмас Алматы облыстық жас патриоттар Академиясының ұйымдастыруымен өткен патриоттық тәрбие беру байқауына қатысқаны үшін сертификатпен марапатталып, «Жас патриот» медалін иемденді.
  2. 10 «Ә» сынып оқушысы Жүніс Мерейлім Ресей Федерациясы Мәскеу қаласында өткен Грэпплинг күресінен жасөспірімдер мен ерлер арасындағы жарыстан 1 орынға ие болды.
  3. 8 «А» сынып оқушысы Амантай Дінмұхамед «Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейтойының аясында» Түркістан қаласында өткен баскетболдан Халықаралық жарыста 2 орын иеленгені үшін дипломмен марапатталды. 

     Алмабекова Нұргүл Жылқыбаевна, Қасымжанова Гүлбақыт, Сарсебаева Мадина сынды мұғалімдер Білім және жаңа инновациялық технологиялар орталығы «Орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшінің жұмысын ұйымдастыру парадигмасы» тақырыбында 80 сағат көлемінде біліктілігін арттыру курсынан өтті.

     05.01.2022ж күні сынып жетекшілер семинары өтті. Семинарға жауапкершілікпен дайындалып келген Райымбекова Нұржамал , Жұмаханова Гүлбақыт, Сарсембекова Гүлжанат, Алмабекова Нұргүл, Қасымжанова Гүлбақыт, Сарсебаева Мадина сынды ұстаздарға алғысымды білдіремін.

     «Тазалық, тәртіп –басты міндет» оқушыларға  және ата-аналарға мектептің ішкі тәртіп ережесі мен оқушылардың тәртібін сақтау ережесі туралы үнемі түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сынып жетекшілері  қауіпсіздік дәптеріне қол қойдырып, ата-анамен тығыз байланыста.


 30.12.21 - 09.01.2022жаралығында «Қазақстан балалары – қысқы ертегі!» тақырыбы аясында қысқы демалыс кезіндеіс-шара жоспары жасалып,  өткізілуде.  

Құқықтық білім мен тәрбие беру саласы бойынша

2021-2022 оқу жылының ІІ тоқсанында жүргізілген жұмыстарға талдау

  Құқықтық білім мен тәрбие беру саласы бойынша оқушылар бойына   құқықтық сана мен мәдениетті қалыптастыру мақсатында әр түрлі тақырыптарда  ауызша журнал, лекциялар, байқаулар мен кездесулер жоспарланып өткізілді.. Аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен  кездесу өткізілді Мектеп инспекторы А.Сағатов  оқушыларға құқық бұзушылық, оқушының міндеттері туралы түсінік беріп әңгімелер жүргізіп отырды.

2021 -2022 оқу жылының  басында мұғалімдермен, ата-аналармен және оқушылармен өткізілетін құқықтық оқулардың жоспары жасалып бекітілген.  Құқықтық оқулар барысында құқықтық тәрбиеге байланысты тақырыптар қамтылып, баяндамалар оқылды. Оқушылармен 1-4 сынып жетекшілері «Денсаулықты сақтау құқығы», «Біз және біздің дағдыларымыз»,5-8 сынып жетекшілері «Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі-тонау,қауіп қатер баптары», «Денсаулықты қорғау құқығы.Шылым шегу, алкоголизм,нашақорлықтың зияны»,9-11 сынып жетекшілері «Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі», «Отбасындағы зорлық.Зорлықтың түрлері» құқықтық сабақтарын өткізді.Г.Қылышбаева «Педагог мәртебесі»туралы заң»тақырыбында мұғалімдер арасында құқықтық оқулар уақытында жүргізіліп, оқу материалдары жинақталған.

5-11 сыныптар арасында «Қоғамдық орындарда, көпшілік ортада өзіңді ұстай білу» тақырыбында сынып сағаттары өтілді. 8 «А» сынып жетекшісі Т.Турабаева «Біздің таңдауымыз құқықтық мемлекет» тақырыбында дөңгелек үстел, 6 «Б» сынып жетекшісі Н.Сламкулова «Адам қапында қалыңыз» тақырыбында сынып сағаты өткізді.Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам ата-аналардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты түсініктерін кеңейту мақсатында сынып жетекшілер әңгімелер жүргізді.

Кәмелетке толмағандармен құқық бұзушылықтармен, қадағалаусыз, панасыз қалудың алдын алу мақсатында мектеп инспекторымен бірлесе жұмыс жасайтын мектепшілік жедел жастар тобы мереке, демалыс күндерінде мектеп мұғалімдері,ата-аналармен бірлескен рейдттер ұйымдастырылды.  Мектепке қарасты аумақта және кейбір оқушылардың үйлеріне сынып жетекшісі, әлуеметтік педогог, жедел отряд тобы тарапынан рейд жұмыстары жүргізілді. Рейдтің бүйрықтары,актілері,анықамалары жазылып жинақталған.         «Зорлық – зомбылықсыз және қатыгездіксіз балалық шақ» тақырыбында апталықтың іс-шаралар жоспары жасалынып, түрлі іс-шаралар өткізілді. Жоспар бойынша оқушылармен ата-аналарға сауалнама жүргізілді. Мақсаты ата-аналарға балаға жыныстық тәрбие беруде өз рөлін сезінуге көмектесу, оқушыларды жағымыз әрекеттен сақтандыру. Сауалнамаға 9-11 сыныптар 243 оқушы қатысты. Сауалнама бойынша ешқайсысына мектептегі құрдастарымен, мұғалімдерімен, үй жағдайында зорлық жасалмағаны анықталды.  Құқықтық кеңестің 4 отырысында 1.Оқушылардың әлеуметтік жағдайы бойынша көрсетілген көмектердің есебі тыңдалды. «Балаларға қатігез қарым қатынас» туралы Н.Нурпейсов баяндама  оқыды. 5отырыснда А.Болатбекова І –жартыжылдықтағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстардың есебі тыңдалды. Аудандық кәмелеттік жасқа толмаған істер жөніндегі бөліммен бірлескен жұмыстың жоспары талқыланды.

  «Жасөспірім және заң» тақырыбында құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесу өткізілді.Кәмелетке толмағандармен құқық бұзушылықтармен, қадағалаусыз, панасыз қалудың алдын алу мақсатында мектеп инспекторымен бірлесе жұмыс жасайтын мектепшілік жедел отряд тобы құрылды.  Мектепке қарасты аумақта және кейбір оқушылардың үйлеріне сынып жетекшісі, әлуеметтік педогог, жедел отряд тобы тарапынан рейд жұмыстары жүргізілді. Назарларыңызға рақмет!


Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары          С.Батыканқызы