Жаңа жылдық көрініс .
Жаңа жылдық көрініс . Күлше қыз ертегісі
Шешесі екі қызымен отырады. Күлше қызды шақырып, көп тапсырмаларды береді. Күлше қыз істеп жатып жылайды.
Сол кезде жылан келеді де:
--Неге жылап отырсың?Жаңа жыл келе жатыр, жылауға болмайды, жаңа жылды қарсы алуға аяз ата мен ақшақар келе жатыр. Аяз атаның сыйқырлы таяғы бар, ол арманыңды орындайды.Жылама
Күлше қыз: --Мен барлық жұмыстан шаршадым, маған өте көп жұмыс береді. Мен де шешейдің қыздары сияқты жаңа жылдық кешке барғым келеді. Бірақ менің көйлегім жоқ.
-Сен жылама, біз саған көмектесеміз. Ол үшін аяз ата мен ақшақарды шақырайық.
Күлше қыз: -Шақырсақ шақырайық.
Хормен –Аяз ата, ақша қар! Аяз ата, ақша қар!
-Аяз ата келеді:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар, жаңа жыл құтты болсын! Ескі жылмен қоштасып, жаңа барыс жылын қарсы алайын десем, сендерді таппай жүрмін. Мешін, жылан, жылқы, қой бәрің осында екенсіңдер ғой.
-Ал күлше қыз, сен неге жылап отырсың?
Мешін:-Оның жаңа жылдық кешке киетін көйлегі жоқ. Көмектессек қайтеді?
Аяз ата: Әрине көмектесемін.Мен бір құпиямды айтайын, сендер шыршаны жақсаңдар, менің сыйқырлы таяғым өз күшіне енеді.
Хормен: 5,4,3,2,1 Шырша жанады.
Аяз ата таяғымен Күлше қызды сыйқырлайды.
Аяз ата: Күлше қыз, қандай әдемісің, бірақ сенің көйлегің мен туфлиіңнің сыйқыры сағат 12-де бітеді.Соны ұмытпа!
Аяз ата: Ал, қанекей балалар, қандай өнерлерің бар?
Музыка ойнап, вальс басталады, бір жігіт Күлше қызды биге шақырады.
-