"Қазақстан-мәңгілік ел" Нурдинова Ч.А. » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
февраль
2023

"Қазақстан-мәңгілік ел" Нурдинова Ч.А.

Тәрбие сағатының барысы:
Гимн орындалады.
1.Ұйымдастыру. Амандасу, сабаққа ынтасын аудару.
Кіріспе сөз.
І-жүргізуші: Мен - қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
 Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
 Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
 Айта бергім келеді, айта бергім – деп ақын ағамыз Жұбан Молдағалиев жырлағандай, биыл қазақ халқының қайта дүниеге келгеніне 31 жыл толып отыр. Осыған орай, өткізілгелі отырған сабағымыздың тақырыбы « Қазақстан – мәңгілік ел»
 ІІ-жүргізуші. Тәуелсіз Қазақстан деп айтарлықтай, еліміздің, өз жері, Елбасы, рәміздері, халқы, ұлттық теңгесі, тарихы, бас қаласы бар. (2 - слайд)
 Қазақстан – республикам, мақтанышым,
 Мен сенi жырлаймын мақтан үшiн.
 Құдайым маған кұйттай ғана жүрек берген,
 Лүпiлдеп сенi сүйiп, сақтау үшiн!
Бүгінгі күні  4 «Б»  сыныбында   ұйымдастырылып  отырған  «Қазақстан-мәңгілік ел!» атты  ашық    тәрбие  сағатына қош келдіңіздер!  
І-жүргізуші: Бүгінгі сабағымызда болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін мақсат бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. Еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамыз бой көтерді. Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры -ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел! Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Міне, сол армандар ақиқатқа айналып келеді. Мәңгілік Елдің іргетасы қаланды.
ІІ-жүргізуші:Мәңгілік ел – Мәңгілік ел ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. 
І-жүргізуші:  Ол арман – тұрмысы байқуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. мәңгілік елдің іргетасын қаладық. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы 
мақсаттарға жетелейтін идея бар. 
 Бәрі: Ол – Мәңгілік ел идеясы. (бәрі бірге) 

 
 
І-жүргізуші: Оқушылар мынадай сұрақтарға жауап беріп көрейік. Еш қысылмай, ойымызды еркін жеткізуге тырысайық.
«Ой қозғау» .Сұрақтар қойып, жауап алу.
1.Қазақстан қандай мемлекет?
2. Еліміздің халқы қай тілде сөйлеу керек?
3.Үштұғырлы тіл саясаты туралы не білеміз?
4. Ел президенті кім? Ол туралы не білеміз?
5. ҚР-сы өз тәуелсіздігін қашан алды?                                                                                                         6.Ұлттық рәміздерімізді атаңдар? Ту-ШәкенНиязбеков, Елтаңба-Шота Уәлиханов, ЖандарбекМәлібеков.Әнұран-Ш.Қалдаяқов,ЖұмекенНәжімеденов, Н.Ә.Назарбаев.
Маметқазы Бекарыстың орындауында күй
1-оқушы: Тәуелсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. 
 Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – мәңгілік елордамызды тұрғыздық. 
 2-оқушы: Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – мәңгілік ел! .
 3-оқушы: Мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы.
 «Қазақстан 2050» – мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. 
 Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. (бәрі бірге)
 Бәрі:
- Біз өз Отанымыздың патриотымыз.
-Мы патриоты нашей старны
-We are patriots of our countries
Иса Ерсұлтан мен Бақыт Алиханның орындауында «Мәңгілік ел-Қазақстан» әні 
Қазақстанның бүгінгі жетістіктері:
1991 жыл.
1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1992 жыл.                                                                                                                                    Бүкілхалықтық талқылаудан кейін 1992 жылғы маусымда Жоғарғы Қеңестің сессиясы Республиканың жаңа мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. Ту авторы — суретші Шәкен Ниязбеков, Елтаңба авторлары — сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов.
1992 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мемлекеттік Әнұранның мәтіні бекітілді.                                                                                                                                                           1992 жылы Алматы қаласында Дүниежүзі қазақтарының І Құрылтайы өтті.                                            1993 жыл.                                                                                                                                                   1993 жылғы қаңтардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды.                                                                                                                                                  Сөйтіп, төл теңгеміз 1993 жылдың 15 қарашасында айналымға түсті.     
1994 жыл.                                                                                                                                                          1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес депутаттары астананы Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдады.           
1995 жыл.                                                                                                                                                         1995 жылғы 1 наурызда мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық консультациялық-кеңесші орган — Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Оның мақсаты — қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты нығайту болды.  1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды.
2001 жыл.                                                                                                                                                                     2001 жыл автомобиль жолдары жылы болып жарияланды. Трансевразиялық магистраль «Батыс Еуропа —Батыс Қытай» жобасы басталды. Еліміздегі жолдардың көп бөлігі жөнделіп, жаңа жолдар салынды. Әуежайлар мен Каспийдегі теңіз порты қайта құрылды.                                                                                                                           Қалың жұртшылықты Қазақстан халқының тарихи-мәдени игіліктерімен таныстыру мақсатында 2000 жылы Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығы құрылды.
2011 жыл.                                                                                                                                                     2011 жылғы халқымыз үшін ең басты мереке бұл Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы. Бұл -Тәуелсіз еліміздің тарихындағы осы күнге дейінгі ең атаулы оқиға. Елбасымыздың тәуелсіздік пен мемлекеттілікті одан әрі нығайтуға және еліміздің болашақта дамуын қамтамасыз етуге бағытталған
Қыздардың орындауында қазақша би
1.Елiмнiң атын айтсам – Қазақстан,
 Жерiмнiң атын айтсам – Қазақстан.
 Қойнауы қазынаға толған мекен,
 Байлығым атын айтсам – Қазақстан.
2.Тәуелсіз елім көрікті,
 Әнұран, елтаңба, туымен.
 Тәуелсіз елім көрікті,
 Самғаған биік құсымен.
 
 3.Тәуелсіздік нышаны,
 Самғайды биік қыраны.
 Бір шаңырақ астында
 Достықтың жанар шырағы.
4.Ауыр күнді артымызға тастауы -
 Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
 Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
 Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
5.Туды ұстап тура жолға түсіріп,
 Жас Отанның өмірін де түсініп,
 «Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
 Бір керемет жасады - ау кісілік!
 
 

 6..Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
 Үлкен - кіші, ағайындар - бәріміз.
 «Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
 Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

 7.Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,
 Болашақтың қасиетті көзіміз.
 Барлық ұлтпен бауырласып жетелеу,
 Ақ, қараны тіліп тұрса сөзіміз!
8.Қазақстан – республикам, мақтанышым,
 Мен сенi жырлаймын мақтан үшiн.
 Құдайым маған құйттай ғана жүрек берген,
 Лүпiлдеп сенi сүйiп, сақтау үшiн!
Темірғали Амираның орындауында «» әні
1..Біз көппіз және бәріміз - бір Елміз, бір халықпыз.
 2.Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты.
 3.Біз бәріміз бір атаның - қазақ халқының ұлымыз.
 4.Бәріміздің де туған жеріміз біреу - ол қасиетті қазақ даласы.
 5.Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол - тәуелсіз Қазақстан.
 6.Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық.                               7.Мен 21 - ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін.                                               8. -Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.                                                  9.-Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.                                                                     10.-Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.                                                                                11: -Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!                                                    12: -Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! 
Хор: «Атамекен» әні
Қорытынды: -Қымбатты оқушылар, міне біз бүгінгі Қазақстан – бұл біртұтас жер, біртұтас халық пен бақытты болашақ екендігін және сол болашақтың тұтқасы 
сіздер екендігін түсінді деп сенеміз.
Тұғырымыз – тыныштық, тірегіміз – тұрақтылық, тілегіміз – татулық болсын!
Осымен бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.