«Оқуға құштар мектеп» жобасы » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
январь
2022

«Оқуға құштар мектеп» жобасы

«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп» кмм

«Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша атқарылған іс-шаралардың анықтамасы.


1-БАҒЫТ. «БАРЛЫҚ ПӘНДЕР АРҚЫЛЫ ОҚУ»

МАҚСАТЫ:Оқушыларды кітап оқуға , оның ішінде ертегілерді оқуға шақыру. Ертегілер арқылы жалпы дамуға, рухани құндылықтарды бойына сіңіріп, маңызын ашу.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕОқушылардың оқу дағдысын, сауаттылығын қалыптастыру. Ертегіні оқи отырып қиялдайды, ертегі туралы шағын әңгіме жазып келеді, сурет салады, ермексаздан ертегі кейіпкерлерін бейнелеп береді.

   Бастауыш сынып мұғалімдері   Г.Абдрахимова, С.Джакеева, Д.Трусбекова, Н,Укибасова, А,Иканбекова  сынды мұғалімдер «Әжемнің ертегілері» 1сынып оқушыларына үзіліс кезінде бір мезетте ертегілер ұйымдастырды.

2-бағыт. «Еркін оқу кеңістігі» (20 минут оқы да, 3-минут эссе жаз)

Мақсаты: Кітап оқуды насихаттау және оқуға шақыру, жас ұрпақтың бойына ұлтжандылық қасиеттерін сіңіру және патриоттық тәрбие беру. Кітап оқуға басшылық жасау.

Күтілетін нәтиже: Оқушылардың оқу дағдысын, оқу сауаттылығын қалыптастыру. Тақырып бойынша эссе жазуға дағдыландыру.

    «Асыл сөз» бірлестігінің мұғалімдері «20 минут оқы да, 3 минут эссе жаз» кітап оқу акциясын үзіліс кезінде бір мезетте жас мамандармен кітап оқуды ұйымдастырып, 3 мин эссе жазғызды.Бірлестік жетекшісі Г.Абдыкаримова.

«Кітаппен өткен демалыс күнім қызық» марафон.

Мақсаты: Жас ұрпаққа әлем және қазақ халықтарының озық көркем шығармаларын насихаттау, каникул уақытында бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру.

Күтілетін нәтиже: Оқыған кітабы бойынша кейіпкерлердің суретін салу, шағын әңгіме жазу, кітапты жарнамалау. 

«Кітаппен өткен демалыс күнім қызықты»  атты жас мамандар күзгі, қысқы, демалыс кезінде қашықтан кітап оқу марафонын ұйымдастырды. Жауапты Б.Салқынбаева.

 «Оқы және өзгеге сыйла» Bookcrossing

Мақсаты: Мектеп кітапханаларының қорын заманауи кітаптармен толықтыру.

Күтілетін нәтиже: Кітапхана фойесіндегі кітап сөресінде көркем әдебиеттер жинақталады. Әр оқушы өзіне ұнаған кітабын сөреден алып оқиды. Әр оқыған оқырман өзінің оқыған кітабын жарнамалайды.

«Оқы және өзгеге сыйла» әр бірлестік челленд ұйымдастырып, бір-біріне кітаптар сыйлады.

3-бағыт. «Кітап оқу арқылы өзін-өзі дамыту» 

Мақсаты: Әр түрлі жанрдағы кітаптарды оқу. Кітап оқуға басшылық жасау.

Күтілетін нәтиже: Білім алушылардың сыныбымен таңдап алған кітаптарын түгел оқуға шақыру. Сыныппен оқыған кітаптарын, кітап кейіпкерлері болып жарнамалау.

6 «Е» сынып оқушылары «Бір сынып-бір кітап» іс-шарасын өткізуге белсене атсалысты.Сынып жетекшісі А.Жакупбаева.

4-бағыт «Отбасылық оқудың дәстүрлері»

Мақсаты: Оқырмандарды отбасымен кітап оқуға шақыру. Оқушыларды жас кезінен отбасымен кітап оқуға дағдыландыру. Кітапхана мен отбасы арасындағы тұрақты қарым-қатынасты қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже: Отбасымен бірге кітап оқу. Кейіпкерлердін суретін салу. Ынталандыру (сыйлық беру)

«Бір отбасы-бір кітап» іс-шарасы бойынша «Берекелі отбасы» конкурсына қатысқан Мамутқалиевтер отбасы белсенділік танытты.

5-бағыт. «Оқу уақыты» (Өзін оқып, өзгеге ұсын) READx book жобасы.

Мақсаты: Оқырмандарды кітап оқуға қызығушылығын арттыру, кітап оқуды насихаттау.

Күтілетін нәтиже: Оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен көпшілік алдында бөліседі, оқырмандарды шабыттандырады.

«Өзін оқып, өзгеге ұсын» педагог ұйымдастырушы М.Айдаров өзі оқыған М.Әуезовтың «Қазақ солдаты» атты кітабын оқып, өз ойын жас мамандармен бөлісіп, өзгеге ұсынып, шабыттандырды.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары    С.Б.Көбенбаева