«Еңбек түбі береке» тәрбие сағаты » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
сентябрь
2021

«Еңбек түбі береке» тәрбие сағаты

Тақырыбы : «Еңбек түбі береке»

Мақсаты:

 Оқушылардың  еңбек туралы түсініктерін кеңейту.

Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;  еңбек жасай білуге  дағдыларын   қалыптастыру. 

Еңбекке қызығушылықтарын дамыту;еңбектенуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: бейне ролик, мақал- мәтелдер, слайд 

Ұйымдастыру бөлімі:

Бейнеролик

Гүл өсірсең терлеп, 

Мұның аты- еңбек.

Кесте тіксең зерлеп,

Мұның аты- еңбек.

Сабағыңды жөндеп,

Әзірлесең еңбек.

Қиындықтың бәрін, 

Еңбек қана жеңбек!

Ал балалар мына бейне роликтен нені түсіндік?

Балалар өз ойларымен бөліседі


Балалар адамға өмір сүру үшін нелер қажет?

-Ауа, су, тағам. 

Ауа мен су- табиғаттың адамға беретін сыйы. 

Ал тағам дегенде бірден еске түсетіні нан.   Нан еңбекпен келеді.  

Тағы басқа заттар адамның өмір сүруіне қажетті киім, білім, үй, оның ішін заттар мен  толықтыру,  денсаулықты сақтау бәріде  еңбекпен келеді.

Балжан: Нан қадірі

Олай болса, бүгінгі 6 «Д» сыныбының ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Бүгінгі «Еңбек түбі береке» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!


Жүргізуші:Итальяндық ғалым, суретші Леонардо да Винчидің «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді» деген екен. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. 

 Адамның адам болуында еңбек шешуші роль атқарған.  Адамзат еңбекті, еңбектің құралдарын жетілдіре отырып, өзі де жетіліп кемелдене берген. Сондықтан қоғамның даму тарихын еңбек пен еңбек құралдарының өзгеру, жетілу тарихы деуге де болады. Тіршілік жағдайының қиындауы еңбекті күрделендірді. Еңбектің арқасында табиғат заттарын еңбек құралы етіп, отты сөндірмей пайдаланды, топтасып аң аулады, бір-біріне көмектесті.Ф. Энгельс айтқандай «Адамды адам еткен- еңбек»

Еңбектену  тек адамға ғана тән деген пікірмен келіспеймін. Жануарлар да дамылтаппайеңбектенеді . Жануарларқалайеңбектенедіекен? Алдыменсоғанмысалкелтірейік, сондаойымызға дәлелболады. Біз «Құмырсқаелінде» дегенәңгімесінесімізгетүсірейік. Құмырсқаилеуініңішіндеқаншама «бөлмелер» бар. Әрбөлменіпайдалануретінеқарай «аналыққұмырсқабөлмесі», «балаларбөлмесі», «азыққоймасы»  т.б. депатауғаболады. Сондай-ақ бал арасыныңқалайұясалатынынайтсақ та жетпейме? Соныменбалалар, жануарлар да еңбектенедіекен. Біраққаншаеңбектенгенменадамеңбегініңоларданзорайырмасы бар ғой.

Қандайайырмасы бар?  

Адам еңбегіоймен, санамен, ақылменістеледі. Табиғатзаттарынөңдеп, өзінеқажет, табиғаттакездеспейтінбұйымдаржасайды. Соныменадамныңеңбегі- саналыеңбек, оған  мысалкелтіріпайтуғаболады. 

Мысалы:

Мейрамбек:  Аспандақалықтапұшқанқұсқақарапұшақтыойлапшығарды.

Бахрам:  Бал арасыныңұясын, ағашжапырақтарыныңдіңі, бұтақтарыныңорналасуын, құрылымынт.бзерделеп, алуантүрліғимараттарсалды.

Руфат:  Құмырсқаилеуіненегізделгенқалалартұрғызды.

Исмайл:  Балықтыңжүзуінеқарайотырыпкемелержасалды.

Әмірғазы:  Табиғаттағыинеліккеқарайотырыптікұшақжасады.

 Осы айтылған аз мысалдан-ақадамеңбегініңжасампаздығынбайқаймыз.

Сонымен  тіршілікүшінауадайқажет, онсызбіркүн де өмірсүругеболмайды. Заттыңбәрінадамбаласыөзқолы, өзеңбегіменжасайды. Адам өзқолыменжасайтынеңбегіәрісарқылмасжігеріменқұдіретті.    


 Жүргізуші:

«Еңбек» деген сөзге топтастыру жасау.

 сүйікті іс,  күш,жігер береді.

Жарқын болашақ қуаныш,

ләззат алу ЕҢБЕК ақша

пайдалы,   өмір сүруге үйретеді.

ауыр шынықтырады жеңіл

Жүргізуші:

Келесі кезекті еңбек туралы тақпақтарға берейік.

Мұхаммед: Еңбек еткен

Қырманын қызылға 

Дихан бұл толтырған

Айналам алтын дән

Сол дәннен тау тұрған

Кең өлке, байсын жер

Думанға кенелген

Туған жер төсінен 

Ерлерді көрем мен

Ажар: Егін алқабы

Толқиды айнала

Тербеліп желменен

Ұқсаттым айнала

Алқапты көлге мен

Не деген көп еді

Жайқалған көк егін

Күн нұрын төгеді

Аямай көмегін

Әсет: Еңбек

Еңбек сүйсең жасыңнан

Бақыттысың жас ұлан

Дейді атам ылғида

Сипап менің басымнан

Әлібек: Байлық мекені

Егін өсіп көгерді 

Байтақ далам көлемді

Арнаймын мен өлеңді

Жерім-байлық мекені

Әдемі: Еңбек етсең

Ерінбе әркез еңбектен

Шын еңбек елді тербеткен

Еңбектенбесең егер де

Таппайсың бақыт жер-көктен

Еңбекте өшпес арай бар

Еңбектен сол бір арайды ал

Еңбектерінің күшімен

Табысқа жеткен талайлар

Эльянора: 

Шын еңбек етсең емерсің

Еңбек дегенің өнер шын

Ешқашан еңбек еш кетпес

Рахатын оның көрерсің

Еңбегін ешке арнаған

Еріншектікті таңдаған

Қол-аяғы аман сау

Ерінгендерге таң қалам

Әділбек: Қызу тірлік қырманда

Алтындатып күз келді

Ел жайлаудан түсті енді

Жапырақтар түрденді

Алуан ғажап түске енді

Көк аспанда тербеліп

Туған жерін қимастан

Құстар ұшып барады

Жылы жаққа тынбастан

Қызу тірлік қырманда

Сары масақта терілді

Көк аспаннан сұр бұлттар

Жиілетіп көрінді

Аружан: Ерлік, даңқ еңбекте

Тау орнына көлдер орнап

Құм орнына өсірдік гүл

Табиғатты еркін қолға ап

Жаңарттықь біз жайнады өмір

Кіп-кішкентай бидай дәнін

Балқытады баптап еңбек

Қара түнек қастық зәрін

Жауыздықты көмген жерлеп

Ерлік, даңқ бәрі еңбекте

Тағдыры да табиғаттың

Еңбек ие жер мен көкке

Өршіл күші адамзаттың

Жанель: Еңбек еткен емеді

Көкебайдың кемелі

Еңбек еткен емеді

Еңбектен еш қашпаңдар

Ерінбеңдер деп еді

Қарады Арман елеңдеп

Ал етейін мен еңбек

Сыпырайын үй маңын

Содан соң не емем?- деп


Сергіту сәті: «Дұрыс па, бұрыс па»

(Дұрыс болса, қол көтереді,  бұрыс болса, көтермейді)

Қойшы балаларды оқытып жүр.

Жүргізуші машина жүргізеді.

Аспазшы дәмді тамақ пісірді.

Дәрігер адамды емдейді.

Жазушы хат, газеттер тасып жүр.

Дәрігер етік тігіп отыр.

Мұғалім балаларды оқытады.

Ұшқыш әдемі киім тігеді.

Өрт сөндіруші, өртті сөндіреді.

-Жарайсыңдар, балалар!

Балалар еңбек туралы мақал-мәтелдер білеміз бе?

1 Еңбегі ештің күні кеш, тұзы сор           Анель

2 Еңбегің болмаса елге өкпелеме            Асия

Ынтасының болмаса желге өкпелеме

3 Еңбегі аздың өнбегі аз                       Ғ Айбек

4 Еңбегің сайлы болса, ішің майлы болар      Али

5 Еңбегің өнімді болса          Бейбарыс

Көңілің сенімді болар

6 Еңбек адамнынң екінші анасы    Бекзат

7 Еңбек адамның көркі    Ерсұлтан

Адам заманның көркі

8 Еңбек ердің санаты      Шыңғыс

Білім ердің қанаты

9 Еңбек ерлікке жеткізер      Д Айбек

Ерлік елдікке жеткізер

Хормен  Еңбек еткен мұратқа жеткен   

-Жарайсыңдар, балалар!


Күй орындайды Жанболатұлы Ақжол

Қорытынды

Еңбек адамның денесін шынықтырып, мінез-құлқын қалыптастырады. Еңбек ету адам баласынан тапсырылған іске деген табандылық пен ынта-жігерді, құндылықты, тындырымдылық пен жауапкершілікті талап етеді.  Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа, шаттыққа бөленеді. Еңбексүйгіштік, еңбекқорлық және еңбекті бағалай білген адам ғана өмірде құрметке бөленетіндігін түсіндік деп ойлаймын. Қорыта айтқанда адам тек  еңбектің арқасында жетіліп дами бермек.