"Қазақстан дауысы-2022" балалар жобасы
Жауқазын :Біздің қатысушыларымыз өздерінің таланттарын, шығармашылықтарын ең бастысы өздерінің керемет дауыстарын ортаға салмақшы!
Дінмұхамет : Бұл байқау 3 кезеңнен тұрады.
1- кезеңде барлық қатысушылардың таза дауысын тыңдау арқылы қазылардың әрқайсысы өз топтарын құрады.
2- кезеңде жұптық сайыс өткізіледі.Тәлімгер үміткерге ән таңдауға көмектеседі.
3- кезеңде жеңімпаздарды 50 пайыз көрермендер SMS дауыс беру арқылы, 50 пайыз тәлімгерлер баға беру арқылы анықталады.
Айым: Бүгінгі өнер додасының ерекшелігі, әншілердің дайындап келген әндері аяқталғанша тәлімгерлерді өздеріне қарату керек.
Дінмұхамет: Әнші, жыршыларымызды өз көрермендерімен жақын таныстырып, табыстыратын бірден-бір орта ол — сахна. Ендеше осы киелі сахнада өнер көрсететін қатысушыларымызға сәттілік серік болсын!
Айым:Ал енді бүгінгі сайыста төрелігін айтатын тәлімгер ұстаздарды таныстырып өтейік:
1.Музыка өнерінің майталманы-Жұмақанова Гүлбақыт Әбдікерімқызы
2. Өнерімен өрге жүзген талантты ұстаз - Мырзахмет Бегайым Ерболқызы
3. Талантымен танылған ұстаз- Бейсеғұлов Еркебұлан Еркінұлы
Дінмұхамет:
Үміткерлер өнерін келді танытуға,
Бойында таланты бар дара тұлға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Тәлімгерді өзіне қаратуға.
Біздің қатысушыларымыз қашан басталады деп асыға күтіп тұр. Олай болса біз көп созбай ән додамызды бастайық.
1. “Билеші биле” әнін шырқайтын алғашқы қатысушымызды ортаға шақырайық. (5 а сынып оқушысы Мұхамедқали Қарақат )
2. Екінші қатысушымыз «Домбыра» әнін орындайды. Қошеметтеп отырайық! (5 а сынып Садвақас Іңкәр)
3. «Титаник» әнімен үшінші қатысушымызды шақырайық. Сәттілік тілейміз! (5 а сынып Қайрат Айару)
4. Төртінші үміткеріміз “Ауылым” әнін орындайды. (5 ә сынып оқушысы Капенов Алихан )
5. Келесі өнерлі үміткер “Отан” әнін шырқайды. (5 б сынып оқушысы Әділхан Айерке)
6. “ Туған ел ” әнімен келесі алтыншы қатысушыны ортаға шақырамыз. (5 в сынып Орал Каусар )
7. Өнерлі жігіттің орындауындағы “ Мен қазақтың ұлымын ” әнін қабыл алыңыздар (5 в сынып оқушысы Барлықбаев Мерекем)
8. Сегізінші қатысушы ару қызымыздың орындауында “ Көзің әдемі ” әнін қабыл алыңыздар (5 в сынып оқушысы Ташен Інжу)
9. «Әке – ана » әнімен келесі қатысушымызды ортаға шақырайық (5 в сынып оқушысы Тұрған Бейбарыс)
10. Келесі қатысушымыз “Домбырасыз ән қайда” әнін орындайды (5 г сынып Қаратай Ильяс)
11. “Атамекен” әнімен он бірінші қатысушыны ортаға шақырайық. (6 ә сынып оқушысы Кеңесбай Нұрсұлтан )
12. Он екінші үміткердің орындауындағы “Ана туралы жыр” әнін қабыл алыңыздар
(6 ә сынып оқушысы Тұрған Айбарыс )
13. “Қобыз” әнімен келесі үміткерді ортаға шақырамыз
14. Келесі қатысушының орындауындағы “Балқадиша” әнін қабыл алыңыздар (6 б сынып оқушысы Тұрлығазы Мадияр)
15. “ Қазақ жүрегі” әнімен келесі он бесінші қатысушыны ортаға шақырайық. (6 б сынып оқушысы Қайрат Мадияр)
16. “ Ұстазым ” әнін орындайтын үміткердің әнін қабыл алыңыздар! (6 г сынып оқушысы Амангелді Еркенұр)
17. 17-ші қатысушы үміткердің орындауындағы “Ана туралы жыр” әнін қабыл алыңыздар (7 а сынып оқушысы Бейсенғали Амина )
18. “16 қыз ” әнін шырқайтын келесі өнерлі үміткерді ортаға шақырайық. (7а сынып оқушысы Нұрлатұлы Есіл )
19. “ Отан-ана ” әнін қабыл алыңыздар! (7 а сынып оқушысы Мұқатай Айша)
20. Үміткер арудың орындауындағы “Жұмақ мекен” әнін қабыл алыңыздар (7 ә сынып оқушысы Мұрат Жасмин)
21. “Балқадиша” әнімен келесі қатысушыны ортаға шақырамыз (7 б сынып оқушысы Бақытбек Айзере)
22. Келесі қатысушының орындауындағы “Қазақстан бақыты” әнін қабыл алыңыздар (7 б сынып оқушысы Тұрдақын Арнай )
23. “Аман ба ” әнімен келесі үміткерді ортаға шақырайық (7 г сынып оқушысы Біржан Айзере )
24. 24-ші қатысушының орындауындағы “Аққу арман” әнін қабыл алыңыздар (7 г сынып оқушысы Әділхан Каусар)
25. Келесі талантты үміткердің орындауындағы “Қазақ елі” әнімен ортаға шақырамыз (8 а сынып оқушысы Сеитбек Бекжан )
26. “Айқаракөз” әнімен келесі қатысушы шақырайық (8 ә сынып оқушысы Аукен Мерей )
27. “Ананың қадірін біл аманда” әнін шырқайтын үміткерді шақырамыз (8 ә сынып оқушысы Сакиева Камила)
https://www.instagram.com/reel/Cm1HhaAI9eI/?igshid=OGQ2MjdiOTE=