"Қазақстан дауысы-2022" балалар жобасы
Тақырыбы: «Қазақстан дауысы. Балалар» ән-байқауы
ӨТІЛУ БАРЫСЫ:
Фанфары ойналады («Қазақстан дауысы» музыкасы ойналып, жүргізушілер ортаға шығады)
Дінмұхамет:Армысыздар, құрметті, көрермендер! Бүгінгі әр баланың ерекше өнерін анықтайтын «Қазақстан дауысы. Балалар» атты ән байқауымыздың ІІ кезеңіне қош келдіңіздер!!!
Құлпырған еліміздің ұл - қызымыз,
Ертеңгі жарқыраған жұлдызымыз.
"Өнерлі өрге озар", - дейді халқым
Бұл кеште бар өнерді ұсынамыз.
Айерке:
Қазақтың қайтпас қайсар қыранымыз,
Болашаққа жол бастар ұланымыз,
Алдымызда - арман көп, таудай талап,
Сіздерге арналады жыр - әніміз.
Айерке: Өздерінің таланттарымен, шығармашылықтарымен, ең бастысы керемет дауыстарымен тәнтті еткен, киелі сахнада өнер көрсететін қатысушыларымызға сәттілік серік болсын!
Дінмұхамет:
Көңілім тағы жырлашы,
Сұңқардай көкке самғашы.
Әсем әнім шырқалса,
Туған жердің арқасы
Айерке:
Халқымда саңлақ сана бар
Солардан шыққан даналар
Ән салып, би билейтін
Өнерлі біздің балалар! – деп ақындарымыз жырлағандай өнердің қандай түрі болмасын адамдарды шабыттандырып рухани таза әлемге жетелейтіні бәрімізге аян.
Біздің мектебімізде де өнерлі балалар аз емес.
Дінмұхамет : Ал енді бүгінгі сайыста өз тобын дайындаған тәлімгер ұстаздарды атап өтсек:
1.Музыка өнерінің майталманы-Жұмақанова Гүлбақыт Әбдікерімқызы
2. Өнерімен өрге жүзген талантты ұстаз - Мырзахмет Бегайым Ерболқызы
3. Талантымен танылған ұстаз- Бейсеғұлов Еркебұлан Еркінұлы
Айерке: Біздің қатысушыларымыз қашан басталады деп асыға күтіп тұр. Олай болса біз көп созбай ән додамызды бастайық.
Дінмұхамет: Ендеше Жұмақанова Гүлбақыт Әбдікерімқызының алғашқы жұбын ду қол шапалақпен қарсы алайық!
Алғашқы қатысушы жұптарымыз Бейсенғали Амина мен Біржан Айзеренің орындауындағы «Ана - әке» әнін қабыл алыңыздар! (әндерін айтады)
Дінмұхамет: Қыздар көп рахмет! Ал енді әділ-қазы алқаларына сөз кезегін береміз. Еркебұлан Еркінұлы сөз кезегі өзіңізде.
Айерке:Келесі өнерлі жұбымыз Әділхан Каусар мен Мұхтархан Аминаның орындауындағы «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар!
Айерке: Бәрекелді қыздар! Әнді тамаша орындадыңыздар! Сөз кезегін Гүлбақыт Әбдікерімқызына береміз.
Дінмұхамет: Ендеше 3-өнерлі талантты жұбымыз Садвакас Іңкар мен Мұқатай Айшаның «Дударай» әнін тыңдайық! Қошеметтеп отырайық!
Дінмұхамет: Жарайсыздар қыздар! Олай болса әділ қазы алқаларының пікірін тыңдайық. Бегайым Ерболқызы сөз өзіңізде.
Айерке: Келесі өнерлі қыздарымыз Мәулет Жанель мен Амангелдіқызы Еркенұрдың «Бұлбұлым» әнін тыңдайық!
Айерке: Өте жақсы орындадыңыздар қыздар! Ендеше сөз кезегін әділ қазы алқаларына берейік!
Дінмұхамет: Келесі өнерлі үміткерлеріміз Мұрат Жасмин мен Аукен Мерейдің орындауындағы «Ана туралы жыр» әнін қабыл алыңыздар! Қошеметтеп қояйық!
Дінмұхамет: Жарайсыздар қыздар! Аруларымыздың өнеріне баға беретін әділ қазы алқаларының пікірін тыңдайық!
Айерке: Талантты жігіттер Капенов Алихан мен Кеңесбай Нұрсұлтанның орындауындағы «Мен қазақпын» әнін қабыл алыңыздар!
Айерке: Жарайсыздар жігіттер. Ал ендеше сөз кезегін әділ қазы алқаларына берейік!
Дінмұхамет: Келесі өнерлі жұптарымыз Тұрлығазы Айбар мен Ташен Інжудің орындауындағы «Аға мен қарындас» әнін қабыл алыңыздар!
Дінмұхамет: Жарайсыздар! Сөз кезегін әділ қазы алқаларына берейік!
Айерке: Талантты жұп Қайратқызы Айару мен Әділхан Айзеренің орындауындағы «Отан» әнін қабыл алыңыздар!
Айерке: Ал ендеше әділ қазы алқыларының пікірін тыңдайық!
Дінмұхамет:
Қаншама адам танылған өнерменен,
Өнердің арқасында, шалқып жүрген.
Денеңді шымырлатып, толқытатын,
Мәңгілік басымды ием, өнерге мен
Айерке:
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,
Уақытта біраз жерге таяп қалды.
Келесі кездескенше күн жақсы деп
Бүгінгі байқауды біз аяқталық – деп, үшінші кезеңге өткен қатысушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Дінмұхамет :Сіздерге сәттілік әрқашанда серік болсын дегіміз келеді.
Екеуі: Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға көп рахмет! Қайта көріскенше, Сау саламат та болыңыздарhttps://www.instagram.com/reel/CmMYDVxuIpA/?igshid=OGQ2MjdiOTE=