«Әліппеге мың алғыс!» 1 "Д" сыныбы » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
январь
2023

«Әліппеге мың алғыс!» 1 "Д" сыныбы

«Әліппеге мың алғыс
Әліппемен қоштасу тәрбие сағаты
 Мақсаты:
Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу. Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру және өзін-өзі басқаруға үйрету. 
 Көрнекіліктер: Шарлармен безендіру,слайдтар, нақыл сөздер.
Ана тілі:
Қайырлы күн, уа, халайық!
 Көз салып қараңызшы бойымызға
 Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
 Қош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар, 
 Әліппемен қоштасу тойымызға.-Құрметті ата-аналар,ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Әліппеге мың алғыс!» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Осыдан 5 ай бұрын мектеп табалдырығын қысыла да қызыға аттаған бірі отбасының тұңғышы,бірі кенжесі, ата-әжесінің сүйікті де еркесі болып жүрген ұл-қыздарымыз, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған Әліппемен бүгін қоштасқылы отыр. 
 - Ендеше, кішкентай бүлдіршіндеріңіздің білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдары құтты болсын! Сонымен «Қош, сүйікті Әліппем!» атты тәрбие сағатымыздың кейіпкерлері 1«Д» сынып оқушыларына қол соғып, қошемет көрсетейік. 
?00
1.Ән: Зулкапил Раянаның орындауында «Ұстаз ана» әні , қабыл алыңыздар
Ана тілі: Балалар, мен сендерге бір сұрақ қояйын....
Іші толған әріпке,
Білімдегі жарық не ?
Оқушылар: Ол сүйікті Әліппе!
Ана тілі: Олай болса,бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырамыз.
Әліппе: (Әліппе әнін айтып кіреді)
- Армысыңдар жас достар!
 Армысыңдар, ата - ана!
 Болашаққа жол бастар,
 Әліппең келді ортаға.
 Жақсы білім көрімдік,
 Болсын бізге халайық.
 Не үйретіп, не білдік,
 Қане, ортаға салайық! 
Ал балалар,осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіңдерші! 
  1. Қазақ тілінде 42 әріп бар (Ерасыл)
  2. Дыбыстар дауысты, дауыссыз дыбыстар бөлінеді (Мурагер)
  3. Дауысты дыбыстар деп (Сафина)
  4. Дауыссыз дыбыстар деп (Нурасыл)
  5. Сөз  буындардан, дыбыстардан, әріптерден құралады (Жәнібек)
  6. У дыбысы дауысты да, дауыссыз да болады (Жоламан)
  7. 2 дыбыстан тұратын әріптер ю,я,ё (Ильзат)
  8.  Дыбыс бермейтін әріптер ъ айыру белгісі, ь жіңішкелік белгісі (Аружан)
  Ана тілі:
-Балалар,   білімнің нәрімен  қай жерде сусындаймыз?
-Алтын ұя мектебімізде.
Ендеше мектебіміз бізге не үйретеді?
2.Хор:«Үйретеді» әні
Әліппеге арналған тақпақтар:
Ерасыл: Рахмет саған, Әліппе!
 Көп нәрсені үйреттің.
 Таныстырып әріппен,
 Тақылдатып сөйлеттің.
 Інжу: Бар кітапқа бас болған
 Әліппе - ғылым анасы.
 Әліппеден басталған
 Даналықтың данасы.
 Нұрасыл: Келгенде алғаш мектепке,
 Білмеуші едік әріпте,
 Оқимыз қазір ертекте,
 Үйреткен оны Әліппе!
Ермек Айша: Ең алғаш алғанымда Әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерге.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді
Ұстазым оның кілтін алып берді. 
Ерзат: Әліппе-білім бұлағы,
Әліппе –өмір шырағы.
Әліппе-білім көзі,
Әліппе – мұғалімнің асыл сөзі.
Сафина: 
Әке-шеше атын сен
Бізге үйреттің әліппе.
Бізге нағыз жақынсың
Сенен білдік әріпті. 
Раяна: Таныстырған 42 әріппен 
Қош бол, менің қасиетті әліппем.
Сенің арқаң, оқи, жаза аламын.
Сауатты адам санатына кіргенім.
3.Ән: «Әліппе» орындайтын Тойлыбай Дінмұхаммед
Ана тілі: Ерте, ерте ертеде, 
 Ешкі жүні бөртеде, 
 Орманда екі үй болыпты: біреуі көк, біреуі қызыл. Көк үйде дауыссыз дыбыстар, қызыл үйде дауысты дыбыстар тұрыпты. Олардың әжесі  «Әліпби» деген дана болыпты. Осы екі үйдің қызыл үйшіктегі әріптері дауыс шығарып көңілді тұрыпты да, ал көк үйдегі әріптер үнсіз өмір сүріпті. 
Мұны көрген Әліппе:
- «Мен осы екі үйдегі әріптерді араластырсам не болар екен?»
Ана тілі:
 -деп ойланып,  әріптерді араластырыпты. Сөйтсе, ғажап бір жайға куә болыпты. Әріптері сөйлей жөнеліпті. Ендігі кезекті осы әріптерге берейік. 
Қ Мерей:  Қыркүйекке келдім де
 Сыныпқа кірдім қуанып.
 Қарсы алды ұстаз мейірмен
 Қадамымды құп алып.
А С.Айша: Атыраудың айдыны,
Алтай таудың айбыны.
Астанамыз – Нұр-сұлтан ,
Алматымыз - бас қала.

 З.Арсен:Зебр деген жануар
   Жылқыға ұқсас күші оның.
   Сала құлаш жалы бар,
    Жолақ-жолақ түсі оның.

 А Камиля: Ана тілің арың бұл  
                      Ұятың боп тұр бетте
                       Өзге тілдің бәрін біл
                       Өз тіліңді құрметте!
Қ.Мұрагер:  Қарағанды көмірі
                        Қостанайдың егіні.
                        Даласындай жомарт қой
                        Қазағымның көңілі.

 С   Димаш:  Жағасында Ертістің
                       Семей деген қалам бар
                       Туған мұнда атақты
                       Абай, Мұхтар, бабалар

 
 
Т:Жәнібек:Жарақты жаумен жұлқысқан
 
                     Қылышты жаумен қырқысқан
                      Ең ежелгі астана
                       Қасиетті Түркістан!
А.Иляс: Алфавитті үйрендік,
 Онда жүйе, қалып бар.
 Біздің қазақ тілінде
 42 әріп бар.
Н. Жоламан:       Нұрсұлтан, ұлы, Астанам
                                  Ұлылыққа бастаған!
                                  Мақтан тұтар өзіңді,
                                  Кіп-кішкентай жас балаң
Ана тілі: Балалар осы әріптердің барлығын қосқанда қандай сөз шығады екен?
 ҚАЗАҚСТАН
 Қазақстан сөзін естігенде көз алдарыңа не елестейді?
 Оқушылардың жауаптары тыңдалады?
 Ендеше, сендер  Қазақстан деген ұлы мемлекеттің бақытты балдырғандарысыңдар. Отан туралы қандай әндер, өлеңдер үйрендік, соны ортаға салайық. 
Ана тілі
4.Ән « Біз бақытты баламыз»,орындайтын Аружан,Ақбаян ,Айша


 

Ақбаян:
Отан- сенің ата-анаң
Отан-досың бауырың
Отан-өлкең, астанаң
Отан-аудан,ауылың
Мұрагер: Отан-тарих, Отан –тіл
Жасаған ерің, ер халқың
Отан-өлең, Отан-жыр
Көтерген көкке ел даңқын.
Аружан:Отан осы достарым
Көңілге мұны түйе біл.
Отан деп өс,жас қауым,
Оны ардақтап,сүйе біл.
Гүлназ:
Тәуелсіз азат елім,
Туып өскен байтақ жерім.
Мәңгі жайнап тұра бер,
Қазақстаным менің!
Ана тілі:
- Рахмет, балалар! 
-«Жарайсыңдар ,енді ортада үнді биін орындайтын биші қыздарымызды шақырамыз!»
5.Үнді биі
Біз бүгін шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан әліппені бітірдік. Міне, біз әліппені аяқтадық
Ильзат: «Әліппе»даңғыл жол ашты
 Жаңадан пәндер жалғасты
 Әліппе сырын ұқтырған
 Рахмет ұстаз алғашқы.
Айсұлтан:
Келгенімде алдыңа,
Қызыл арай гүл алып.
Жақын тарттың өзіңе 
Шәкіртім деп қуанып.
Әліппе:Менің сендермен қоштасатын уақытым таяп қалды. Сендерге де рахмет балалар! Өздеріңдей тәртіпті, оқуға ынталы балалардың талабына қуанамын. Енді білімдеріңді жалғастырып, әрі қарай білімді болу үшін Ана тілі кітабымен таныстырайын. Ана тілі, мында келші!
Ана тілі: Армысыңдар балалар?!
 Туған елдің тілімін
 Ақылыммен танылам.
 Түсіндірер бәріне
 Ана тілі мен болам.Балалар,енді бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар.Ынта қойып оқысаңдар көп нәрсеге үйренесіңдер.
Әліппе: Әр сөзімді жаттаған,
Балалар үшін мақтанам.
Рахмет айтып, шаттанам,
Риза болып аттанам. 
Оқумен өсіп толыңдар,
Аман есен болыңдар! 
6.Ән: «Рахмет саған, Әліппе!»
Ана тілі: Құрметті ұстаздар, ата-аналар,оқушылар! Бүгін міне өздеріңізге арналған  «Әліппеге мың алғыс !» атты тәрбие сағатымыз аяқталды! Рұқсат  болса балаларды бүгінгі мерекелерімен құттықтау үшін және Әліппені аяқтағаны жөнінде сертификат табыстау үшін ортаға  мектеп директоры Баякеева Раушан Бердібекқызын шақырамыз.  
Куәлікті тапсыру.
 Ата-аналар арасында ортаға шығып сөз сөйлеймін деушілерге сөз кезегі беріледі.