«Қош бол, құтты Әліппе!» 1 "Г" сыныбы » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
январь
2023

«Қош бол, құтты Әліппе!» 1 "Г" сыныбы

Тақырыбы: «Қош бол, құтты Әліппе!»
Мақсаты:   Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Әр оқушының іс-әрекеті арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу. 
Көрнекілігі: «Әліппе», «Ана тілі» оқулығының мұқабасы, суреттер, сөздер, 
1-  Жүргізуші:        Қуаныш бүгін мереке,
                              Шуағын шашып тұр әлем.
                              Тойға келген қуанып,
                              Қонақтар, сізге мың сәлем.
Құрметті ұстаздар, ата-аналар! Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған жас бүлдіршіндер бүгінгі саналы оқушы болып, барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі - Әліппені бітіріп отырмыз.Міне, бүгін сіздер «Қош бол,құтты Әліппем» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Ән: «Біз бақытты баламыз!»
(Әліппе жүгіріп ортаға шығады)
Әліппе: Достарым, достарым, қайдасыңдар? 
          (Достары жүгіріп шығады)
Әліппе: Бүгін мектепте мереке, мереке.
Тапқышбек:        Қандай мереке?
Әліппе:        Кешегі 1-сыныпқа келген оқушылар міне, бүгін Әліппемен, яғни менімен  қоштасады. Соған мен сендерді шақырамын.
(Бәрі бірдей:            Барайық! Барайық!)
Жалқаубек:            Мен бармаймын. (Бәрі кетіп қалады)
Жалқаубек:           Жоқ, барайын, көрейін, олар не біледі дейсің?
Әліппе:        Армысыңдар, жас достар!
                     Армысыңдар, ата-ана,
                     Болашаққа жол бастар,
                     Әліппең келді ортаға.
Тапқышбек: Өтті-ау оқу сан сабақ,
                     Бүгін үлкен салтанат.
                     Оқулықпен достассақ,
                     Әліппеміз қоштаспақ.
                     Әріптерді таныған,
                     Өңкей білгіш балдырған!
2-жүргізуші:Бала деген, шіркін-ай балдай екен,
                     Тәттілігі жая мен жалдай екен.
                     Арып-ашып даладан келгеніңде,
                     Бал иісін таттырып алдайды екен – деп Кенен Әзірбаев атамыз айтқандай  оқушыларымыздың  бал тіліне құлақ салайық.
 (Әліппе туралы тақпақтары)
1-оқушы:     Әліппем менің Әліппем,
Аяла             Сені қолға алып мен.
                     Есігін аштым мектептің,
                     Ертеңгі сәуле жарықпен.
2-оқушы:     Әліппе деген – алтын жол,
Рамазан        Апарар сені алысқа.
                     Жеңіл емес, ауыр жол,
                     Тырысып бақ намысқа.
3-оқушы:     Қош бол, құтты Әліппем,
Айша           Көп нәрсені үйреттің.
                     Таныстырып әріппен,
                     Тақылдатып сөйлеттің.
4-оқушы:     Әліппем менің Әліппем!
 Дидар         А деген бастап әріптен
                     Сөз құрап жаза бастадым
                     Тақылдап таңба танып мен .
                     Осылай алға аттадым
                     Әр әріпті жаттадым
                     Жаттаған сайын әріпті
                     Сөз құрап жаза бастадым.
5-оқушы:     Енді біз жаза білеміз,
Нұрсулу       Әріпті қосып әріпке.
                     Риза боп саған жүреміз,
                     Сүйікті біздің Әліппе!
6-оқушы:     Үйретті бізді Әліппе,
Мергенбай  42 дербес әріпке
                     Сөз, сөйлем құрап әріптен,
                     Лайық болды дәріпке.
7-оқушы:     Әліппе даңғыл жол ашты
Амина          Жаңадан пәндер жалғасты.
                     «Әліппе» сырын ұқтырған,
                     Рахмет, ұстаз алғашқы!
8-оқушы:     Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,
Айсұлтан     Қызығып қарай бердім әріптерді.
                     Мен үшін жұмбақ сыр боп қалар еді,
                     Ұстазым оның кілтін алып берді.
9-оқушы:     Әліппемен қош айтысып қаламыз.
Айғаным     Енді қолға басқа кітап аламыз.
                     Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
                     Сауатты боп шықты міне, балаңыз!
1-жүргізуші:  Ән: «Рахмет саған Әліппе!» Орындайтын Жеңіс Адия     
Әліппе:        Балалар, сендер менен не оқыдыңдар, не үйрендіңдер?
Хор:             Жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ   үйрендік. Енді кітапты өзіміз оқи             аламыз. 
Әліппе: Олай болса оқушылар мен сендерге  жұмбақ жасырамын.Шешуін тауып айтайық.
                       Қабат - қабат қаптама.
                      Ақылың болса аттама.
                                                                 (Кітап)
                      Теңіздей түбі терең,
                      Сүңгіген жетер әрең.
                                                             (Білім)
                    Бiлiмнiң дәнiн тередi,
                    Балаға тәлiм бередi.   (Ұстаз)
                   Бар бiлiмнiң бастауы,
                  Бар ғылымның бастауы.
                  Жас балаға нұр шашқан,
                  Қандай кiтап тiл ашқан?    (Әлiппе)
                   Бiрiн-бiрi қоштаған,
                  Бiр үйден көрдiм,
                  Қырық екi дос-жаран.   (42 әрiп)
Әліппе: Ал, оқушылар кім санамақ жатқа айтып береді. (Еркежан)
2-жүргізуші:  Би: «Джентлмен»
1-жүргізуші:  Балалар, айтыңдаршы, оқу не үшін керек?
Балалар:     Білімді болу үшін.
2-жүргізуші:           Алфавит дегеніміз не?
Балалар:     Әріптер қатары.
           (Алфавиттегі әріптер туралы тақпақтар айтылады.)
Рината   А – Әліппе менен басталып,
          Болған соң өзім бас әріп.
          Мереке, дулы жиынды
           Жүремін әр кез басқарып.
Қуаныш   Ә - Бас әріпке інімін,
             Дауыстының бірімін.
              Ә дегенің - Әліппе,
             Бастауы бар білімнің.
Адия          Б – дегенім білім,
               Білім-жарық күнің,
              Ашып берер саған,
              Бар әлемнің сырын.
Диас           Ғ – дегенім ғарыш
              Болса дағы алыс
                Қазақ ұшып барған,
               Ғарыш бізге таныс.
Еркежан    Д – Дария- дарқан, даламын,
             Дарамын да данамын.
              Добы да боп кетемін,
              Ойынқұмар баланың.
Б.Нурали    И – Инабат пен ибада,
               Ол тұрады алдында.
                Күллі адамзат сыйлаған,
                Имандылық бар мұнда.
Зерде           З- Қаздан көре аласың
Қағаздан да табасың
Байқамасаң анықтап
Үш екен деп қаласың.

Әнуар      М – дегенім мектеп,
          Кітабымды беттеп.
          Мен өсемін оқып,
          Мектебімде көктеп!
Ақнұр  Н-  Ас біткеннің анасы
                 Қасиетті нан осы
                 Қайсы әріптен басталған
                 Соңғы әрпінеде қарашы. 
Әмір      Ң – Кем көре ме өзгеден,
            Басталмайды сөз менен.
           Ортадамын шаңғыда,
            Мен шығарам шаңды да.
           Соңына кеп тұра қап,
            Аттырамын таңды да.
Байасыл  О- Қамқор болып орманға
                  Ағаштарын қорғаңдар.
                 Жақсы азамат болмайды
                 Көк орманды орғандар.
А. Нурали Ө- дегенім өзен
                 Өзен бойын кезем
                 Өзенде бар балық
                 Өзім бірден сезем!
Раяна      С – дегенім сурет,
                 Көрдің бе сен бір рет.
                 Сонша неге тәтті,
                 Суреттегі сүр ет?!
Қайсар   Ы –Кесе, шыны, пияла
                Оларсыз шай құя ма?
                Қасықсыз тамақ жемейміз
                Бәрінің атын не дейміз?
Төрехан Ф- Қос бүйірін таянып
                Тұратын ол қай әріп.
Аяна      Х дегенім халық
               Оқып, білім алып,
               Халық үшін іс қыл,
               Бар күшіңді салып!
2-жүргізуші  Ән:   «Әліппе» Орындайтын Тергеусіз Байасыл
1-жүргізуші  Би: «Шашу» қыздардың орындауында.

Әліппе:— Менің сендермен қоштасатын уақытым таяп қалды. Сендерге де рахмет балалар! Өздеріңдей тәртіпті, оқуға ынталы балалардың талабына қуанамын. Енді Білімдеріңді жалғастырып, әрі қарай білімді болу үшін Ана тілі кітабымен таныстырайын.(Ана тілі оқулығы шығады)
Ана тілі:      Сәлеметсіңдер ме балалар!
Туған елдің тілімін,
                     Ақылы мен танымын.
                     Түсіндірер бәріне
                     Ана тілі пәнімін.
Балалар, енді бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар. Ынта қойып оқысаңдар көп нәрсеге үйренесіңдер!
Бәрі: Құрметті Ана тілі, біз сізді әліппе сияқты жақсы оқимыз, құрметтейміз!
Жалқаубек: Тапқышбек, мен бүгінгі мерекеге келгеніме қуаныштымын, мен де осы балалар   сияқты білім аламын, өнерлі боламын.
Әліппе: Әр сөзімді жаттаған,
             Балалар үшін мақтанам.
             Рахмет айтып, шаттанам,
             Риза болып аттанам.
            Оқумен өсіп толыңдар,
            Аман-есен болыңдар!
1-жүргізуші: Ән: «Егемен ел Қазақстан»
2-жүргізуші Бүгінгі кеш әр үйдің «Той басы» деп саналар,
                     Балалардың есімі әуелеттерге таралар.
                     Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңына,
                     Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар – дей отыра, 
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ құттықтау сөзі беріледі.
          
1-жүргізуші Достарым, білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!
Міне, осымен бүгінгі ертеңгілігіміз аяқталды.Уақыт бөліп қатысқандарыңызға рахмет! Қош сау болыңыздар!