Әліппеге мың алғыс! 1 "Б"сыныбы » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
январь
2023

Әліппеге мың алғыс! 1 "Б"сыныбы

Тақырыбы: Әліппеге мың алғыс!
Мақсаты:
 
Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.
 Әр оқушының іс - әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;
 Оқушылардың елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
 Көрнекілігі: «Әліппе», «Ана тілі», слайд.
 
 
Барысы: 
1 жүргізуші: Елнұр
Армысыздар, аналар!
Бармысыздар, балалар!
Сөзіме құлақ салыңдар,
Бір серпіліп қалыңдар!
Әліппеге арналмақ,
Бүгін жыр-әніміз.
2 жүргізуші: Жансая
Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Бүлдіршіндерді шақырайық ортаға.
(Оқушылар кіреді)
Әжесі немересін жетектеп келеді.
Әжесі:
 
Балам, балам, жақсы бол,
 Міне, сенің мектебің.
 Сабағыңа зейін сал
 Ақылды бол тентегім.
Немере: Ақзия
 
Қыркүйекте келдім де
 Сыныпқа кірдім қуанып,
 Қарсы алды ұстаз мейіріммен
 Қадамымды құп алып.
Мұғалім:
Мектебім мынау класың
 Осында он жыл тұрасың.
 Тарыдай болып кіресін
 Таудай болып шығасын.
 
   -Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі - әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер! Осыдан 
4 ай бұрын мектеп табалдырығын қысыла да,қызыға  да аттаған бірі отбасының тұңғышы, бірі кенжесі, бірі әзірше жалғызы , ата- әжесінің сүйікті де еркесі болып жүрген ұл- қыздарымыз, өздерінің ең алғышқы оқулығы болған  Әліппенмен қоштасқалы отыр. Ендеше кішкентай бүлдіршіндеріміздің   білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамы құтты болсын!
Өсті міне бойларың,
Өсті  ақыл –ойларың,
Құтты болсын тойларың!
Жантөре
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар,
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, әнде бүгін шырқалар.
Балым
Қош келдіңіздер, ақ жаулықты аналар
Жүздеріңнен  мейірім нұр тамар
Алдарыңызда жауқазындай құлпырған.
Біз алаңсыз балғын шақты балалар
Ақзия
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Б.Ерназар
Армысыздар аналар
Бармысыздар балалар
Сөзіме құлақ салыңыз
Бір серпіліп қалыңыз
Әліппеге арналмақ
Бүгінгі жыр-әніміз.
Жантөре
   Біз бүгін өте қуаныштымыз! Себебі оқуды, жазуды үйреткен, алғашқы оқулығымыз — әліппемен қоштасамыз! 
Б.Ерназар
  -Біз жарты жыл бойы көп еңбек еттік. Қырық екі әріпті түгел үйрендік. Әліппемен аштық білім есегін,
Тербетеміз Тәуелсіз ел бесігін атты 
Әліппемен қоштасу ертеңгілігімізге хош келдіңіздер.
ХОР  «ӘЛІППЕ»
Мұғалім:
Іші толы әріпке,
Білімдіге жарық не?
Хор: Ол сүйікті ӘЛІППЕ!
Мұғалім:
 -Олай болса,алғаш хат танытып,сауатымызды ашқан бәрімізге ең қымбат досымыз-«Әліппені» ортаға шақырайық.       
Хор: ӘЛІППЕ! ӘЛІППЕ! ӘЛІППЕ!
Әліппе: Жансая
Армысыздар , жас достар!
Армысыздар, ата –ана !                                                                                  
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің.
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың
Жақсы білім-көрімдік
Болсын сізге халайық!
Не үйреніп, не білдік
Қане, ортаға салайық !
Айсұлтан
Өмірге жол бір өзіңнен бастадым
Алфавитті алғаш сенен жаттадым.
Ұстаз-ана естен кетпес мәңгілік
Мейіріммен жауырыннан қаққаның.
Айым
Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты болып шықты міне балаңыз!
Айбек
Ең алғаш алғанымда әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді
Ұстазым оның кілтін алып берді.

Іңкәр
Әліппем менің Әліппем!
А деген бастап әріптен
Сөз құрап жаза бастадым
Тақылдап таңба танып мен .
Осылай алға аттадым
Әр әріпті жаттадым
Жаттаған сайын әріпті
Сөз құрап жаза бастадым.
Абдусаид
«Әліппем», менің «Әліппем»,
Сені қолға алып мен,
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Сара
Алфавиттің А тұрады басында
Әрқашанда Ә тұрады қасында
Байқадың ба,
Б тұрады үшінші,
Ал осының
Сыры неде түсінші?
Ая 
А- деген ол аналар ғой, ардақты
Ә- деген ол әкелер ғой салмақты
Б- деген ол балалар ғой әдемі
Біздің елде үшеуі де кәделі
Сондықтан да алшақ кетпей расында
Тұрады олар- алфавиттің басында.
Айару
Бар кітапқа бас болған
Әліппе ғылым анасы
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Айсұлтан
Мектебім мынау класың
 Осында он жыл тұрасың.
 Тарыдай болып кіресін
 Таудай болып шығасын.
Ә.Асыл
Әліппем, менің әліппем
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен!
Арман 
Ашыла бердің алдымнан,
Кең дүние есігін.
Соғылған сомдап алтынан
Әліппе-білім бісігі.
Ринат 
Жеміске құты толама,
Бір-бірлеп теріп алмасаң.
Ұғып ал: білім боларын
Шамшырағың жолыңда.
Хор «Рақмет саған,Әліппе!»
Әліппе: Жанся
Ризамын балалар
Болмады еңбегім бекер.
Ана тілі атты ағам бар
Сендерді жетелеп әкетер

Ана тілі: Елнұр
Сәлеметсіздер ме, балалар.
Туған елдің тілімін
Ақылымен танылам
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен, балам.
Ана тілің – арың бұл,
Ұяттың боп тұр бете.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Балалар, мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін.
Аяжан 
Ана тілің, біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің, біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.
Кәусар
Ана тілім – елдігің,
Ана тілім- ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім.
Алинур
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
«Оқуда озат Боламын»   Серік Айсұлтан
Іңкәр
Ыбырай Алтынсарин - тұңғыш қазақ мұғалімі. Ол алғаш мектеп ашқан.
Бір Аллаға сиынып, 
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық!
Оқысаңыз балалар,
 Шамнан шырақ жағылар,
 Тілегенің алдыңан
 Іздемей-ақ табылар.
Айым
Сиса көйлек үстінде
 Тоқуменен табылған.
 Сауысқанның тамағы
 Шоқуменен табылған.
 Өнер-бөлім – бәрі де
 Оқуменен табылған.
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық!
Тамырлан
Абай- қазақ халқының ұлы ақыны.
Әсемпаз болма әрнеге, 
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сенде бір кірпіш дүниеге, 
Кетігін тап та бар қалан.
Фатима
Отан менің ата анам
Отан досым бауырым
Отан өлкем астанам
Отан туған бауырым.
Аружан
Отан-тарих,Отан-тіл.
Жасаған ерің, ер халқың.
Отан-өлең,Отан-жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.
Раяна
Отан осы достарым
Көңілге мұны түйе біл.
Отан деп өс жас қауым,
Оны ардақтап сүйе біл.
Ә.Асыл
Отан деген-атамекен,
Отан деген-туған жер.
Отан-ана,
Отан үлкен,
Қазақстан-туған ел.
«Мен қазақпын!» әні
Бақберген Ерназар, Мұқтар Абдусаид, Әскер Диас
Т. Асыл
Келгенімде алдыңа
Қызыл-жасыл гүл алып.
Жақын тарттың жаныңа,
Шәкіртім деп қуанып.
Арсен
Сипадың да басымнан,
Әліппені ұсындың.
Бақытымның осыдан,
Басталғанын түсіндім.
Қуаныш
Ұсынғаны адамдық,
Текті мінез, даналық
Бар ұстазға тілейміз:
Бақыт, табыс, амандық!
Н.Ерназар
Ұстаздарға мың алғыс
Алғыстарым көп менің,
Асыл анам, мектебім!
Үйреткені адалдық.
Орыстың халық әні «В саду ли, в огороде» орындайтын Нұрдаулет Тамырлан
 «Мектеп» әні   Дүйсенбек Кәусар
«Шашу биі» би
 Ұлдар биі   

«Етегілер» әні  Нұрбек Балым
 «Тәтті» әні   Бекет Айым, Мұқатай Фатима, Арман Айру.
Ажырамай мектептен бір елі Сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз береміз құрметпен өзіңізге,
Балаларға арналған тілегіңіз — дей келе Қожаберген жырау атындағы № 6 орта  мектеп директоры: Мустафина Сайран Бекенқызына сөз беріледі.
Источник: https://www.tarbie.kz/7903Жүргізуші:Бүгінгі кеш әр үйдің «Той басы» деп саналар, 
Іңкәр:
Ажырамай мектептен бір елі Сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз береміз құрметпен өзіңізге,
Балаларға арналған тілегіңіз — дей келе Ы.Алтынсарин атындағы  орта  мектеп директоры: Баякеева Раушан Бердібекқызына сөз беріледі.
Іңкәр:
Ата-ананың тілегі,
Адам болып өскенің.
Адамдықтың тірегі,
Адал болып өскенің — деп келесі сөзді ата-аналарға береміз.
Мұғалім: 
Балалардың білімі құтты болсын,
Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын.
Білімдерін әрі қарай дамытатын,
Ерінбейтін енбекқор күшті болсын! 
Осымен «Әліппеге мың алғыс» ертеңгілігімізді аяқтаймыз!