Біз планетамызды сақтаймыз » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
октябрь
2022

Біз планетамызды сақтаймыз

Біз планетамызды сақтаймыз
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға қоршаған орта жайлы білім беру,
табиғат адамзаттың еңбек етіп, өмір сүретін
ортасы екендігін түсіндіру.
2. Оқушылардың қоршаған орта, табиғат жайлы
білімдерін кеңейту, табиғатқа деген
жанашырлықтарын арттыру. Шығармашылық
ізденіс арқылы жергілікті жердің табиғатын оқып
- үйренуге дағдыландыру.
3. Табиғаттың байлығын бағалай білуге, табиғатты 
сүюге, туған жер табиғатын қорғауға, аялай білуге 
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: слайд, қанатты сөздер
Сабақтың әдісі: ой қозғау, шығармашылық ізденіс, мақал – мәтел, сұрақ- жауап 
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Табиғатты адамзат аялаған,
Егін егіп, мал бағып саялаған.
Қарасындай көзінің қорғай жүріп,
Қамқорлықты ешқашан аямаған.
Табиғат - күллі тіршілік атаулысының құтты қоныс мекені, алтын ұя, тал бесігі. Барша адамзат өкіліне ауа, су, жер ортақ. Сондықтан жердің қадірін, байлығын бағалай білу, жалпы табиғатты қорғау баршамыздың міндетіміз. Бүгінгі табиғатты қорғауға арналған
ІІІ. Ой қозғау.
1. Табиғат дегеніміз не? 
2. Табиғат байлықтарына не жатады? 
3. Біз қай ғаламшарда өмір сүреміз? 
4. 22 сәуір қандай күн? 
5. Табиғаттың тазалығын сақтау үшін, табиғат байлықтарын қорғау үшін не істеуіміз керек. Сендер қандай үлес қосып жатырсыңдар? 
6. Экология дегеніміз не? 
7. Табиғат тазалығын сақтау үшін қандай үлес қосып жатырсыңдар?
ІV. Шығармашылық ізденіс.
1. Қалибек Айзере «Табиғатты тарылтпайық».
1. Ақсу ауданы Алматы облысының оңтүстік шығыс бөлігінде орналасқан. Жер аумағы 12,6 мың шаршы шақырым.
2. Климаты континентов. Гранит, мрамор кен орындары бар. Топырағының басым бөлігі сұр, бозғылт сұр.
В. Табиғат жайлы мақалдар айту.
VІІ. Сұрақ - жауап.
1. 1962 жылы 16 маусымда Қазақ КСР жоғарғы кеңесі Президиумының «Қазақстан табиғатын қорғау» туралы жарлығы шықты.
2. Қазақстанда 10 қорық бар. Жануарларға арналған қызыл кітап 1978 жылы, өсімдіктерге арналған қызыл кітап 1981 жылы жарық көрді.
3. Қазақстан Республикисы Президентінің «ҚР 2004-2015 жылдарына арналғанэкологииқ қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы» жарлығы 2003 жылы 3 желтоқсанда Астанада қабылданды.
4. 1918 жылы өзінде - ақ табиғатты қорғайтын арнаулы комитет ұйымдастырылды. 
ВІІІ. Қорытынды.
ҚР Конституциясының 38- бабында «ҚР азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті» делінген. 
Көз алдымда жатты қайран сұлулар,
Қайта оларды тірілтетін кімің бар?
Ей, адамдар тағыларға жем этпей,
Сұлулықтың күзетінде тұрыңдар - дей келе тәрбие 
сағатымызды аяқтаймыз.