Біз таланттыларды іздейміз » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
сентябрь
2022

Біз таланттыларды іздейміз

«Біз таланттыларды іздейміз» сайыс сабақ

Мақсаты: 

1)  оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдік деңгейлерін байқау, саралау; 

2) оқушыларды еңбексүйгіштік, адалдық борыш, ар-ұят секілді адами қасиеттерге тәрбиелеу; 

3) ана тілі арқылы оқушылардың рухани дүниесін, шығармашылық қабілетін арттыру; (сыныптан тыс іс-шара 6-сыныптар оқушыларымен ұйымдастырылады..)  

Мұғалім:  Құрметті  қонақтар, ұстаздар, оқушылар!

         Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне энді. Болашағымызды баянды етер басты қарумыз – тіліміз.

         «Адамға екі нәрсе тірек тегі,

Бірі – тіл, бірі – дінің жүректегі», - деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез-келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.

Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Сонимен қатар өз тілі бар.

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қай елде жүрсең де бұл дұрысы,

Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар, - демекші «Біз таланттыларды іздейміз» атты сайыс сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Асыл тастан, өнер жастан шығады деп дарынды, 

          «Халық айтса қалып айтпайды», әрқашан да нанымды, - дей келе сайыскерлерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар

Әділқазылар мүшелер  Қ

1. Г.С.Абдыкаримова, 

2. Б.М Байғонысова, 

3. М.Капарова.

Шартты: Сайыс    III -кезеңнен тұрады. 

І. «Өлең-сөздің патшасы». Өлең мәнерлеп оқу 

II. «Өлең өрнегі» деп аталатын бөлімде тақтада көрсетілген ұяшықтарды таңдап, ұяшықта жасырынған тақырыпқа (ана тілі, тәуелсіздік, білім, туған жер) ҩлең шыару. (әуен ойнап тұрады) Уақыт 3 мину


III. «Жүйріктен жүйрік озар жарысканда» викториналық сұрақтар. (сұрақтарға шапшаң жауап беру).

           Кім білімді, өнерпаз, білейікші, 

Оқушылар алғыр деп жүрейікші.

Әділқазылар алқасына тек әділдікті,

Сайыскерлерге сәттілік тілейікші, - деп сайысқа қатысып отырған оқушыларды қошеметпен ортаға шақырамыз .

  1. 6 «ә» сынып оқушысы Тұрған Айбарыс
  2. 6 «ә» сынып оқушысы Салқынбек Інжу
  3. 6 «б» сынып оқушысы Жомарт Нұрлыбек
  4. 6 «б» сынып оқушысы Әлиби
  5. 6 «б» сынып оқушысы Қадыр Назерке
  6. 6 «б» сынып оқушысы Жаппай Назерке
  7. 6 «в» сынып оқушысы Даулетжан Даяна
  8. 6 «в» сынып оқушысы Әмірғазы Ерасыл
  9. 6 «г» сынып оқушысы Құрманбай Айша
  10.  6 «г» сынып оқушысы Қалиақын Айназ

І. «Өлең-сөздің патшасы» 

Өлең деген тумайды жайшылықта,
 Өлең деген тулайды қайшылықта.
 Ақын болсаң, жарқыным, алысқа аттан,
 Күнделікті тірлікке бой суытпа - деп, Мұқағали Мақатаев жырламақшы І бөлімімізді бастаймыз. «Толқыннан толқын туады, толқынды толқын қуады» демекші сайыстың бұл кезеңінде жас ақындар өздерінің  дей отырып сайысымыздың бірінші кезеңіне кезек берейік.

«Өлең-сөздің патшасы» бөлімі бойынша оқушылар мәнерлеп өлең оқиды. 

Оқу мәнері, дауыс ырғағы, образға ене білуі ескеріледі.


II. Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,
 Қиыннан қиыстырар ер данасы.
 Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
 Теп - тегіс жұмыр келсін айналасы, - деп Абай данамыз өлеңге осылай талап қояды. Енді бірде «Болмасаң да ұқсап бақ» деп өнерге, ғылымға жақын болуға шақырады. Бұл бөлімде жас ақындарымыз өздерінің ұшқыр ойлылықтарын, шапшаңдықтарын көрсетеді.

 «Өлең өрнегі» деп аталатын бөлімде тақтада көрсетілген ұяшықтарды таңдап, ұяшықта жасырынған тақырыпқа (ана тілі, тәуелсіздік, білім, туған жер) ҩлең шыару. (әуен ойнап тұрады) Уақыт 3 минуты 


ІII   «Алтын асық» викториналық сұрақтар. 

(сұрақтарға шапшаң жауап беру).

Білімнің миніп алып тұлпарына,                      Қиналмай шықты білім шыңдарына.                      « Алтын асық » сайысы , 1.Құлақтан кірген    сөз....       Жүрекке барып мұз болар
 

 

 

   2.Ілім – бұлақ    білім... – шырақ!

   3.Асқар тауда, қара орман.     ( шаш )

   4.Темір тілді, күміс үнді (қоңырау)

   5. Тіземнен сүріндірсең, сүріндір,………… (Тілімнен сүріндірме). 

   6.Абайдың неше қара сөзі бар ?

   7.  Тілдер мерекесі қай айда тойланады?

   8. Көзіңмен көресің, бірақ қолыңмен ұстай алмайсың? (көлеңке) 

    9. Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы кім? 

   10.  Өлеңді жалғастыр.....

        Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

        Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

        Өссе тілім мен де бірге өсемін,

        Өшсе тілім мен де бірге өшемін



– Жеңістер мен жеңілістен тұратын, 

Өмір – күрес, жеткізе ме мұратын?

 Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімеген, 

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын 

Енді ортаға әділқазылар алқасын шақырайық, сайыстың шешімін оқиды. 

Әділ қазылар сөз кезегі өздеріңізде. Марапаттау

-Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Келесі сөз кезегін қазылар алқасына беріп, сайысымыздың жеңімпазын анықтайық! «Біз таланттыларды іздейміз» атты сайыстың жеңімпазы атанған топты ортаға қол соғып, шақырайық. Сонымен қатар сайыста ерекше өнер көрсеткен оқушыларымызға да рақмет айтамыз.

 -Біздің тіліміз – ең қымбат мүлкіміз. Они қорғау, қолдау, өркендету – біздің міндетіміз. Әр адам өз ана тілінің болашағына жауапты. Тәуелсіз еліміздің ертеңі – сендер өз тілдеріңнің мәртебесін жоғары көтереді деп сенеміз. 

Ана тілсіз тарих та жасалмайды, 

Ана тілсіз іс өрге аса алмайды 

Желмаяның үстінде желіп тұрып; 

Күңіренбеген тектен-тек Асан Қайғы –дей отырып бүгінгі сайымызды аяқтаймыз. Келіп, көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!