"Барыс септік" қазақ тілі пәнінен ашық сабақ. Нурдинова Ч.А. » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Барыс септік" қазақ тілі пәнінен ашық сабақ. Нурдинова Ч.А.
13
февраль
2023

"Барыс септік" қазақ тілі пәнінен ашық сабақ. Нурдинова Ч.А.

Сабақтың барысы.
Сабақтың кезең
уақыт
Педагогтің әрекетіОқушының
әрекеті
БағалауРесурстар
Ұйымдастыру кезеңі, 
өзін-өзі тексеру
Басы
-Ынтымақтастық атмосферасы
Күн күлімдеп нұр төкті, бізге жолдап...
Балалар: Сәлем!
Жақсы сөздер нұр септі, бізге жолдап...
Балалар: Сәлем!
Еске сақтап кеңесті, достарға сыйла...
Балалар: Сәлем!
Кел,қосылып айтайық бір-бірімізге...
Балалар: Сәлем!
- Жұпқа бөлу.
- Бағалау парағын  оқушыларға тарату.
-Үй тапсырмасын сұрау.
44-жаттығу. 23-бет.
«Жаңбыр тамшысы» әдісі 
1.Морфология нені зерттейді? 
2.Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
3.Зат есім деген не?
4.Зат есімнің септелуі деген не?
5. Қазақ тілінде неше септік бар? Атап беріңдер.
 6.Атау септігі деген не? Сұрақтарын айтып беріңдер
7. Ілік септігі деген не? Сұрақтарын айтып беріңдер
Ынтымақтастық атмосферасын құрады.
Жұпқа бөлінеді.
Бағалау парағымен танысады
Тапсырманы мұқият орындайды
Морфология- сөз тұлғаларының түрленуін, бөлшектенуін, әртүрлі өзгеріске түсуін зерттейді. 
Зат есім дегеніміз- заттың атын білдіретін сөздер. 
Зат есімнің септелуі дегеніміз-зат есімнің септік жалғаулары арқылы өзгеруі
ҚБ:
«Ауызша мадақтау»  әдісі
Жарайсыңдар!
Жақсы!
Оқушылар жауабын толықтырып, әр қайсысына тиімді кері байланыс беріп отыру. 
Оқулық
Суреттер
Қолшатыр
Сұрақтар жазылған тамшылар
ОртасыЖаңа тақырыпты ашу
3 топқа тапсырма беріледі.
І топ.     Сәйкестендіру
Атау септік                          Алма
                                                     Кітап
                                                     Ағаштың
Ілік септік                            Әкенің
                                                     Мектеп
                                              Достың 
  
 ІІ топ.  Суретті сөзжұмбақ шешеді
ІІІ топ. Берілген сөйлемнің ішінен қара сөздерге сұрақ қойып, жалғауларын табады
1.Қына тасқа бітеді
Білім басқа бітеді.
2.Аталы сөзге
Арсыз жауап қайырар.
 
 Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу
    - Балалар, байқап отырған шығарсыңдар, бүгінгі сабақтың тақырыбы «Барыс септік» Сабақта жеті септіктің бірі барыс септігінің сұрақтары, жалғауларымен кеңірек танысатын боласыңдар. 
Қазақ тілінде дыбысталуы бір мағынасы әр түрлі сөздер бар екенін білеміз.                       «Барыс» деген сөзді естігенде ойға қандай сөздер оралады? 
Видео 
Ережемен  жұмыс
  • Барыс септіктің сұрақтары: Кімге? Неге? Қайда?
  • Барыс септіктің жалғаулары: -ға, -ге, -қа –ке
  • Барыс септіктегі сөздер етістіктен болған мүшелермен байланысады.
  • Сөйлемде толықтауыш (Кімге? Неге?), пысықтауыш (Қайда?) қызметтерін атқарады.
  • Барыс септік жалғаулары сөз мағынасын өзгертпейді, тек сөз бен сөзді байланыстырып тұрады.
«Өрт қауіпсіздік ережелерін білесің бе?»
Өрттің алдын алу үшін:
 Газ плитасын қараусыз қалдыруға болмайды;
 - Электр  мен газ құбырларын үнемі тексеріп отыру қажет;
 - От жағуға арналған сіріңке, оттықтарды балалардың қолы жетпейтін жерге қою қажет;
 -Өрт болған жағдайда 101 нөміріне хабарласуды ұмытпа !
 
Видео. «Ойыңды дәлелде» 
46-жаттығу. Мәтінді оқы. Қайсысы ғылыми-танымдық мәтін, қайсысы көркем мәтін?
1-мәтін. Үйден  өрт шыққан жағдайда өртсөндірушілер итті іште қалған балаларды алып шығуға жұмсайды. Осындай ит Лондонда он екі баланы өлімнен сақтап қалған.Оның аты  Боб екен.                    Бірде үй өртенді. Өртсөндірушілер әлгі үйге келіп жеткенде алдарынан бір әйел жүгіріп шықты. Ол жылап тұрып, үйде екі жасар қызының қалып қойғанын айтты. Өртсөндірушілер Бобты жұмсады. Боб баспалдақ арқылы жүгіріп барып, түтіннің арасына еніп кетті. Бес минуттан соң ол көйлегінен тістеп, қызды көтеріп үйден шықты. Ана қызының тірі екенін көргенде қуанғанынан көз жасын төгіп, құшақтай алды. 
2-мәтін. Өрт негізінен электр желісі мен газ балондарын дұрыс пайдаланбаудан болады. От жағатын үйлерде пеш ақаулы болса, ол да өрттің шығуына себепші болады. Қолына сіріңке ұстап ойнаған балалардың абайсыздығынан өрт жиі шығады. 
Ой-қозғау. Сұрақ-жауап әдісі  
Жабық сұрақ
-Мәтін не тұралы?
-Мәтіндегі кейіпкерлерді ата
-Өрт неден пайда болады? 
-Барыс септік деген не?
- Өрт сөндірушілерге кім көмектесті? 
Ашық сұрақтар
-Өрт сөндіруші мамандығы қажет пе?
- Итті тағы қандай мақсатта көмекке шақыруға болады?
-Әскери қызметтегілерге, шегарашыларға иттің көмегі қажет пе? Не үшін қажет?
-Үйден жүгіріп шыққан ананың іс-әрекеті дұрыс па? Қалай ойлайсың?  
-Үй сөндірушілер неліктен Бобты жібереді, неге өзі кірмейді?
-Ананың көз қуанышы бар жерді тауып оқы.
Өрт неден пайда болуы мүмкін?
-Пештен қандай қауіп бар?
-Қыстыгүні болатын апаттар пеш ақаулары, мұржаның толып кетуі
-Сіріңке ұстаған балаларға қандай кеңес берер едің?
 
 Дәптермен жұмыс. 
Көркем жазу. Бб  Бб Бб 
  Берік Баянауылда барысты байқап бақылады
47-жаттығу 23 бет.
«Орындап көр»
Тиісті тыныс белгісін қойып, көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой. 
      Адамның киімі өртенсе суға түскені дұрыс. Су болмаса топыраққа  аунатып үстіне құм шашу керек. 
Топпен жұмыс.
І топ.  Сөйлемдерді толықтырыңдар ІІ топ.  Семантикалық картадағы тапсырмаларды орындайды

Атау септікІлік септікБарыс септік
Мектеп


Үйге


Гүлімнің


Бақшада


Арман


Ұстаздың


Қалаға


Інімнің


Дәрігерге


Бала


ІІІ топ.Мәтіннен барыс септіктегі сөздерді тауып, теріп жазу.
Балдырлар суды жасыл түске енгізеді. Егін өсірілген алқапқа күзде мал жайылады.Бөдене- қыста жылы жақтарға ұшып кететін жыл құсы.Оқушылар кітапханаға келді.
47-жаттығу. Өздік жұмыс 
 Берілген сөздерді  барыс септігіне қойып, сөйлем құрап жаз. 
Теңіз, ауыл, мал, мектеп, тай. 
М:  Тай – тайға. Азамат тайға мінді.
 
 Сергіту сәті
 
 «Сиқырлы қарындаш» ойыны
«Сақ бол, жаңылма» ойыны Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Олардың ортасында тұрып, бір сөз айтып, балалардың біріне доп лақтырамын. Допты қағып алған бала, сол сөзге барыс септігінің жалғауын жағап, допты кейін лақтырады
Белсенді оқу тапсырмаларын орындайды.
Берілген сызба бойынша сәйкестендіреді. 
Сөзжұмбақтар шешеді 
Тақырыпты, сабақ мақсатын анықтайды
Ережемен танысады
Мәтіннің негізгі ой тұжырымдалған бөлігін тауып оқиды
Қайсысы ғылыми-танымдық мәтін, қайсысы көркем мәтін? екенін ажыратады
Дәптерге көркем, қатесіз жазады. 
Тапсырманы  орындайды, пікірін дәлелдейді
Мәтінмен жұмыс жасайды
Сөйлемде берілген суреттерді барыс септігіне айналдырады
семантикалық картадағы тапсырмаларды орындайды
Атау, ілік, барыс септіктегі сөздерді ажыратады 
Сөйлемнен барыс септікте тұрған сөзді тауып, сұрақ қояды, жалғауын анықтайды 
Берілген сөздерді барыс  ептігіне қойып, дәптерге көшіріп жазады.
Сөздерден сөйлем құрастырады 
Ойын сергітеді
3 Топ қатар тізіліп тұрады. Соңғы тұрған оқушы алдындағы оқушының артына сөздер жазады немесе суреттер салады. Алдындағы тұрған оқушы соны қайталап жазу керек. 
Тақтада 3 қаламсаптың суреті ілулі тұрады. Атау септік, ілік септік, барыс септік
Оқушыларға қарындаштар таратылып беріледі. Сөздерді тиісті қаламсаптың ішіне салады. 
КБ. «Бас бармақ» әдісі 
 
Дескриптор:
-Мәтінді оқып, мазмұны бойынша сұрақтар қояды 1б.
-Тақырыбы мен мазмұны бірбіріне сай келетінін анықтайды 1б.
-Мәтіннің стилін анықтайды 1б. 
Дескриптор:
-Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдайды 1б.
-Жіберілген пунктуациялық қателерді анықтайды 1б. 
-Сөйлемдерді толықтырып жазады 1б.
 .
Дескриптор: 
-Сөйлемнен барыс септікте тұрған сөзді тауып, сұрақ қояды. 1б. 
-Жалғауын жалғап, сөйлем құрастырады 1 б. 
КБ:  
Кесте
Суретті сөзжұмбақтар
Ережелдер жазылған суреттер
Суретті сөйлемдер
Семантикалық карта
Соңы«Кім жылдам?»
1 минутта сөздерді септіктерге септеп жаз.
Гүл
Үй
Ит 
«Өзіңді тексер»
гүлгүлдіңгүлге
үйүйдің үйге
ититтіңитке
Дескриптор: Берілген сөздерді септіктерге септеп жаз
2 б

Кері байланысКері байланыс:
«БББ» әдісі. 
Білемін-Білдім-Білгім келеді
мәтіндерді салыстырып, түрлерін ажыратуды үйрендік;
-сөйлемдерден барыс септіктегі сөздерді табуды үйрендік;
-барыс септік жалғауларын білдік. 
  Өзінің сабақтағы жұмысын бағалайды
Күнделікке тапсырма жазып алады
 Үй тапсырмасы: 49-жаттығу 
25 бет.