11
февраль
2023
Шөл. Шөл далаға саяхат.
Бөлім: | Табиғат құбылыстары | |
Мұғалімнің аты-жөні | Зейнуллақызы Қ | |
Күні: | 18.01.2023 | |
Сынып: 4 Г | Қатысушылар саны: 19 | Қатыспағандар саны: - |
Сабақтың тақырыбы | Шөл далаға саяхат. Шөл. | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 4.1.2.1 Шығарма мазмұнының баяндау тәсілдерін өзгертіп, жағдаяттарды қосып, оқиғаларды өрбітіп, шығарманы қысқаша мазмұндау. | |
Сабақтың мақсаты |
|
Сабақ тың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурс тар |
Ұйым дас тыру, өзін – өзі тексеру 8 мин | Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді. Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. Топқа бөлу «Санау» әдісімен жүреді. -1,2,3 - ке саналып, топқа бірігіп отырыңдар. Өткен тақырыпқа шолу: -Үй тапсырмасын сұрау. -Толағай тауы туралы дереккөздерден мәлімет іздеп келу берілген. Жаңа оқу материалын жариялау 1.Суретпен жұмыс (Шөл дала көрініп тұр) 2. «Шөл» сөзін естігенде ойымызға не келеді? 3. «Шөл» сөзіне сәйкес келетін сурет қайсы деп ойлайсыңдар? Шөл - ауа температурасы құбылмалы, жауын – шашын өте аз түсетін, климат жағдайында қалыптасатын ландшафтың, яғни жердің кедір - бұдырының бір түрі. 4. Шөлде жүретін көлікті тап: Түйе – өте шыдамды, әрі ыңғайлы көлік болып есептеледі. 5. Шөл далаға алатын лайық киім – кешек, алатын заттарды дайында? Су, көзілдірік, жабық , ашық түсті киімдер. | Топқа бірігеді. Сұрақтар қойып, жауап береді. | «Ауызша мадақтау» әдісі: Жарайсың! Тамаша! Жақсы! | Сахара суретін көрсету. Бейне ро ликке назар аудару. https: //youtu.be/rfaFP8Qnx2U |
Жаңа білім 15 мин 3 мин Бекіту 15 мин | (ҰЖ) 1- тапсырма «Түртіп алу» әдісі «Сахара» аялдамасы. Мәтінді мұқият оқы. Шөл Шөл - Жер шарының ыстық әрі құрғақ өңірі. Дүниежүзіндегі ең үлкен шөлдер - Африкадағы Сахара, Аустралиядағы Виктория, Оңтүстік Америкадағы Атакама шөлі. Азияда орналасқан ең үлкен құмды шөлдер Қарақұм мен Қызылқұм. Енді осы оқыған мәтін бойынша мына сұрақтарға жауап берсеңдер. 1.Шөл өсімдіктерінің қандай ерекшеліктері бар? 2.Бетпақдаланың сипатын тауып оқы? 3.Шөл даланы игеру дегенді қалай түсіндің? «Виктория аялдамасы» «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісімен орындалады. Шөл жәндіктері де аптап ыстықтан пана табудың жолдарын біліп алған. Олардың көпшілігі күндіз ін түбінде жатып, күнкөріс қамына түнде қарай кіріседі. Міне, сусыған қызыл құмның жалында тас мүсіндей қатып кесіртке тұр. Ол құйрығын әредік қайқаң еткізіп қойып, өзінің қорегін - майда қоңыз бен көбелекті аңдуда. Ендеше, балалар шөлде тіршілік етуге бейімделген жан - жануарларды көрсет. Жылан, кесіртке. Сергіту сәті: Кім нені жақсы көреді жаттығуы. «Қарақұм аялдамасы» Шаңқай түсте шөлдегі тіршілік мүлде толастағандай , жануар, жәндік атаулы қыбырсыз, көлеңкелеп жатады. Жал – жал құмды түнде қолшаммен араласаң, неше түрлі жануарды кезіктіресің. - Қазақстанда орналасқан тастақты саздақ шөлді ата. 1. Қызылқұм 2. Атакама 3. Бетпақдала 4. Виктория «Бетпақдала» аялдамасы. Білгенге маржан! Күнделікті ақпарат құралдарынан: газет – журнал, энциклопедиялық анықтамалардан қоғамдағы өмір, ғылым, мәдениет, т.б. жайлы әдеби - танымдық мақалаларды, хабарларды, күнделікті жаңалықтарды оқуға болады. | Тапсырма орындай ды. Сұрақтарға жауап береді -Тапсырма ны орындап, өз пікірлерін білдіреді. Жарайсың дар балалар! | Дескриптор: -Мәтін туралы оқып, әңгімелейді-1балл. -Мәтінді оқиды, танысады-1балл. Дескриптор: - Салыстыра отырып, сұрақтарға жауап береді-3балл. - Бетпақдала ның сипатын тауып оқиды- 2балл. - Шөлде тіршілік етуге бейміделген жануарды көрсетеді -1балл. Қазақстанда орналасқан тастақты саздақ шөлді атайды - 1балл. энциклопедия лық анықтамалар дан керекті мағлұматтар ды дәптерге жазып алады. -1балл. | «Әде- биеттік оқу» оқулы ғы 4 сынып 2019ж |
Қоры тынды 4 мин Бағалау | Кері байланыс «Еркін әңгіме» әдісі арқылы өтеді. Бүгінгі сабақта не үйрендің? Сабақтағы қай тапсырма қызықты болды? Үй тапсырмасы: Мәтінді түсініп оқу. Шөлді аймақтар туралы қосымша ақпарат жинақтау. | Сабақтан түйген ой-пікірін айтады. Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады. | ҚБ қойылады. |
Аты- жөні: ____________________________Сыныбы _______
Тапсырмалар | Толық мәлімет алдым | Мазмұндай аламын | Әлі де сұрақтарым бар... |
«Сахара» аялдамасы | |||
«Виктория» аялдамасы | |||
«Қарақұм» аялдамасы |