Құстар - қанатты достар » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
февраль
2023

Құстар - қанатты достар

Сабақтың тақырыбы: Құстар   -  қанатты достар
Мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға  құстар   жайлы мағлұмат беру, құстарды қорғау, оларды қарсы алу. Халық қазынасы  мақал - мәтелді, жұмбақ,  болжамдарды пайдалана білуге үйрету; 
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу мәдениетінің белсенділігін дамыту.
Тәрбиелік:  Отанын, жерін, табиғатын сүюге, аң - құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Түрі: жаңа білім беру
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, видео көру, ойын, жұмбақ шешу, мақал- мәтел  айту; 
Сабақтың көрнекілігі: Құстардың суреті, үнтаспа, қанатты сөздер, шар, гүл, көктем көрінісі.
Көктемнің   келуі: Мен өздеріңнің сүйікті көктемдерің боламын. Барша тіршілік атаулыға жан беріп, сән беретін менмін. Менің келуіммен табиғатта көрікті тіршілік басталады. Менімен бірге көркімен де, әсем әуенімен де сымбатты менің достарым құстар да келе жатыр.
Мұғалім: Иә, көктемнің келуімен бірге біздің жылы жаққа кеткен құстарымызда  өздерінің туған жеріне оралады. Міне, біздің де бүгінгі тәрбие сағатымыз « Құстар - қанатты достар» деп аталады. Көктем, біздің сабағымызға қош келдіңіз, төрлетіңіз!
Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Құстар –қанатты достар» атты
тәрбиелік іс - шараны бастауға рұқсат етіңіздер. Кәне, бір сәтке көзімізді жұмып отырып, әдемі бір музыка тыңдайықшы!
Тренинг «Өзіммен өзім»
Үнтаспадан, ормандағы табиғаттағы құстардың алуан түрлі дыбысы, өзеннің  ағысы естіліп тұрады.
Музыка аяқталған соң оқушыларға сұрақ қойылады.
-Қәне, балалар, біз жаңағы музыкадан нені сезіндік?  (Оқушылардың жауабы тыңдалады)
1 – кезең: Құстар туралы өлеңдер оқу
2 – кезең: Құстарға  арналған   халық болжамдары
3 – кезең: «Кім жылдам ойыны»
– кезең: «Сен құстарды білесің бе»  жұмбақтар сайысы
5 – кезең: Құстар жөнінде викториналық  сұрақтар
1 – жүргізуші Әлихан: Балалар, біз бүгін табиғаттың бір бөлігі құстар туралы әңгіме қозғаймыз.