«Менің туған өлкем» (ашық тәрбие сағаты) » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
февраль
2023

«Менің туған өлкем» (ашық тәрбие сағаты)

3 «А» сыныбының  «Менің туған өлкем» атты ашық тәрбие сағаты

Мақсаты: Жас ұрпақты Отанын сүюге, қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру;
 Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, өлең мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
 Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу; 
 
 

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, қанатты сөздер, шарлар, слайд, Жаркент қаласына байланысты суреттер.
 
 Барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі
 2.Көңілді музыка ойнап тұрады


1-бастаушы: 

Қазақстан туған Отан,алтын бақ

Ұлы жолға келіп түсті жарқырап.

Қазақстан-көпті көрген қария,

Қазақстан мейірім, ана, жер қымбат.

Атады әлі тағы бір таң күліп,

Жүректерде арман отын жандырып,

Қазақстан бізді туған Ұлы Отан, 

Жайнай бер сен, жайнай бер сен мәңгілік.


2-бастаушы:

Сүйемін туған елімді,

Отаным өскен жерімді.

Маржандай асыл қасиетің,

Жүреккке жыр боп төгілді.

Бақытым сенсің аңсаған,

Туған жер – алтын мекенім.

Қарыз да болып мен саған,

Мәңгі бақи өтемін.


1-бастаушы: Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны- Қазақстан Республикасы.
 Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасының жері өте кең. Жерінде тау да, жазық та, ойпат та, қырат та кездеседі. Үлкен-үлкен көлдер, өзендер бар. Республикамыз өсімдікке, жануарларға , қазба байлыққа бай.Онда әр түрлі халықтар тұрады. Олар бір-бірімен тату, дос.
 
 

2-бастаушы: Әрбір адам туғаннан - ақ ел бесігінде тербеледі. Өйткені, ол сол жердің топырағында өсіп, суын ішіп, ауасымен тыныстайды, табиғатпен біте қайнасып, адам болып қалыптасады, сол ортадан тәрбие алады. Сол себепті, өз елінің, өз Отанының азаматы ретінде Отанына сүйіспеншілікпен қарайды. Әрбір адам үшін туған жерден ыстық, қадірлі, қымбат ештеңе жоқ. Болуы да мүмкін емес!

1-бастаушы:- Балалар, «Туған жерсіз адамның күні жоқ» - дегенді қалай түсінесіңдер?

1. «Туған ел, туған жер» деген сөздер адамның жүрегіне жылы әсер етеді. Туған елін, өскен жерін сүю әр адамның парызы.Әр адам туып өскен жерін аялайды, қастерлейді, қорғайды, мақтан тұтады 

2.Менің туған өлкем - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Осы үлкен өлкенің ішінде әр адамның өзі туған, өзіне өте жақын ауылы, қаласы, көшесі бар. Әрбір адам үшін туған ел, туған жер әруақытта да қымбат. Өйткені, сен туған өлке, саған алтын бесік - атамекен болып саналады. Атамекен - адамның туып- өскен жері, туған- туысқандарымен, жақындарымен, бірге тұратын мекені. 

             Көрініс: «Қара жерге халық ие»

Автор: - Даулетқали  деген жер қорып елдің түйесін  жайғызбаған соң, Тұрлан келеді.

Тұрлан: -Түйені  неге қайырасың?

Даулетқали: -Түйеңді қайырмай, мұнда сенің бақтырып қоятындай жерің бар ма еді?

Жоғал, ақ сүйек! Төренің елі дегенді қайдан көрдің?

Автор: Осы кезде  «Төре тұқымына тіл тигізіпті»  деген хабар Орынбордағы Әлен ханға жетеді. Хан қаһарланып, Тұрланды өлтірмек болып, жендеттерімен Даулетқалидың аулына келіп, Тұрланды шақыртып алдырады. 

Тұрлан (Әленге келіп): - Әлен соқыр! Мені неге шақырдың?

Әлен (хан қылышын қыныбынан суырып алып): -Мынаның жазасын беріңдер!

Автор: Осы кезде  Айтуар шешен орнынан ұшып тұрып:

Айтуар шешен: -Уа, хан ием! Бұрынғыдан қалған сөз жок па еді, «қара қазаққа хан ие, қара жерге халық ие»  деген қайда? Хандығыңды берде жерді ал, хандығыңды қимасаң, қара жарде нең бар?

Әлен (хан): -Бас тақсыр! Төреңе құлдық!   (деп , тізерлеп отыра кетеді)

Автор:  -Міне осы оқиғадан кейін   қара жерге халық ие болыпты.

3. Асыр салған таласып,
 Біз - туған ел баласы.
 Қандай байтақ өлкеміз
 Жан - жағыңа қарашы.
 
 4.Өлкеміз кең көсілген
 Төсінде ырыс өсірген
 Қаптаған мал, алып дән,
 Бәрі менің несібем.
 
 

5.Жайнатар кең өлкені
 Болашақтың ертеңі.
 Біз - бақытты балдырған
 Ата - ананың өркені.

6.Отанды біз атамекен,
 Деп аялап атаймыз.
 Өйткені онда мекен еткен,
 Бабамыз бен атамыз.
 
   Ән: Мадидың орындауында «Туған жер»

7.Өлкемізді жас - кәріміз де,
 Туған жер деп сүйеміз.
 Өйткені онда бәріміз де,
 Туып өмір сүреміз.
 
 

8.Туған жерді әркім анасындай,
 Қастерлейді, қолдайды.
 Өйткені Отан баласындай,
 Бізді асырап қорғайды.


9.Туған жер – алтын бесігім,

Тербеттің мені төсіңде.

Жүреді сенің есімің,

Мәңгі де бақи есімде.

10.Біздің облыс, Жетісу облысы — 2022 жылдың8 маусым айында құрылған Қазақстанның оңтүстігіндегіоблысы. орталығы – Талдықорған қаласы. Облыс 8 аудан құралған. Жетісу облысының әкімі болып Бейбіт Исабаев тағайындалды.

      Нұрдаулет Фатиманың  орындауында өзбек биі

11.Ауылым – ырысы мол – құт мекенім,

Мәңгіге ақ бесігін тербетемін.

Саяңда ойнап-өсіп, білім алып,

Алаңсыз біліп алып, ер жетемін.


12.Туған жер, туған ауыл қымбат маған,

Ешкімге бұл сезімді былғатпаған.

Мен оның өзім ғана сезінетін,

Қастерлі қасиетін жырлап бағам.


13.Топырағына бабам тері тамған жер,

Перзентінің сағынышы болған жер.

Бәрінен де қымбатсың-ау, бәрінен,

Атамекен, туған жерім Жаркентім!

    Ән: «Жаркентім»

   Суреттер сөйлейді:

14.Жаркент қаласы жеті өзен, жеті арасан, жеті көл мен жеті таудың арасында орналасқан.Оны кейде Құлжа қақпасын күзеткен Жаркент деп те атайды. Өйткені Қытай жеріне жақын орналасқан.

Жаркент қаласы- қазіргі таңда Жетісу облысы, Панфилов ауданының орталығы.


15.Жаркент жерi – баяғы заманнан-ақ халықтық қадiр-қасиеттi айрықша қастерлеп, айрандай ұйып отырған, ата-баба дәстүрiмен ерлiктi, елдiктi ту еткен өңiр. Халқымыздың талай аяулы перзенттерi осы топырақта дүниеге келген.Солардың бірі Желтоқсан көтерілісінің қос қаһарманы Ербол Сыпатаев пен Ләззат Асановаға 2008 жылы ескерткіш орнатылған.

16.Қазақ бейнелеу өнерiнiң дарабозы Әбiлхан Қастеев пен жезтаңдай әншi, көзi тiрiсiнде «Жетiсудың бұлбұлы» атанған Дәнеш Рақышев есiмдерiн бұл күнде күллi республика жұртшылығы мақтанышпен атайды.

17. Кешегi өткен Бейжiң олимпидасының алғашқы күндерi қоржынымызға алтынға бергiсiз қола медальдi салып берген жерлесіміз,палуан ұлымыз Нұрбақыт Теңiзбаевтың есiмi де бұл күндерi мақтанышқа айналған.

    Нұрғалым Кәусардың орындауында «Шашу» биі

18. Жаркент мешіті – Орта Азия сәулет өнері үлгісімен тұрғызылған. 1892-95 жылдары ұйғырдың ірі бай адамы Уәли Юлдашев Қытай сәулетшісі Хон-Пикке Жаркент қаласында салдырды. Мешіт биіктігі 14 жарым метр, мұнарасының биіктігі -19 м. Мешітті құрастыруда шеге қолданылмаған, тек қиып, қашап қиюластырған және нәзік өрнектермен безендірілген

19.Жергілікті ел-жұрт әр қилы кезеңде «Әулиеағаш», «Үлкенағаш», «Жуанағаш» атаған осынау табиғаттың таңғажайып туындысы - жеріміздің, еліміздің мәңгілік мақтанышы! Бұл өңірдің бұлайша әйгілі болуының бір ұшы осынау киелі топырақта жеті ғасырдан бері жайқалып өсіп тұрған, діңінің жуандығына жеті адамның құлашы әрең жететін алып ағаштың қасиетінде екенін еске саламыз.

20.Жазира дала Жаркентім,

Өрнектеп өмір сәнді еттің.

Бар байлық тұнған өлкемді,

Жүректен тербеп әндеттім.



21.Айналдым Жаркент жеріңнен,

Күн нұры көктен төгілген.

Алыстап кетсем арман боп,

Анамдай асыл көрінген.


22.Жаркент жасыл арайлы,

Әр таңың ән боп тарайды.

Тербеткен самал сая бақ,

Секілді жәннат сарайы


Ән: Әминаның орындауында «Туған жердей, жер болмас»

1-жүргізуші: Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді.


 2-жүргізуші: Қазақстан-менің туған өлкем! сен заңғар биіксің, кеңсің. Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңбіз, тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын  жас жеткіншекпіз!

Хор: «Туған ел»