«Азаматтық қорғаныс» күніне орай өткізілген іс – шара » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
март
2022

«Азаматтық қорғаныс» күніне орай өткізілген іс – шара

  • 1 наурыз 2022 жыл – «Азаматтық қорғаныс» күніне орай, іс – шара өткізілді. Мектебімізде сағат 10:00 де ұзак қоңырау соғылып, төтенше жағдай дабылы ойнады. Әр қабаттағы кезекші мұғалімдер әр сыныптағы оқушылар мен пән мұғалімдерін сыртқы қауіпсіз алаңға шығарды. Ғимараттағы қосымша есіктердің барлығы ашылды. Сынып жетекшілер әр сынып оқушыларын сапқа тұрғызып, тізім бойынша түгендеді. 

Барлау тобы, медициналық қызмет тобы, радициялық және химиялық бақылау тобы, қоғамдық тәртіпті бақылау тобы, өрт сөндіру тобы ғимаратты толығымен тексеріп шықты. Сапта – бастауыш сынып оқушылары, жоғарғы сынып оқушылары сынып жетекшілерінің бақылауында тұрды. 

Жоспарланған уақытқа сәйкестендірілді. Штаб бастығына АӘжТДпән мұғалімі баянат жасады. Штаб бастығы пән мұғалімдеріне, техникалық қызметкерлерге, оқушыларға – азаматтық қорғалыс жайлы толық ақпарат берді. 

Тосыннан болған қауіпсіздікті тексеру  жаттығу өз деңгеінде өтті.