"Кітап оқы,рухани бай бол" » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
февраль
2023

"Кітап оқы,рухани бай бол"

                             Сынып  сағатының жүрісі 
 Мұғалімнің кіріспе сөзі
1-жүргізуші 
 Кітап адамның   зияткерлік  дамуының негізгі құрамдас  бөлігі. Мазмұнының толықтығымен тиімділігі  бойынша ол  басқа ақпараттар  көздерімен салыстырғанда бәрінен де  артық тұр.
2-жүргізуші:
--Иә, дұрыс  айтасың .............. Атақты  адамдардың   кітап  оқу туралы айтқан ойлары  мен көз қарастары қаншама.
1-жүргізуші:
-Мемлекет басшысы өз  сөзінде кітап оқу  арқылы   әлемге деген қызығушылық  мектеп  қабырғасынан қалыптасуы  тиіс   екенін айрықша атап  айтқаны  баршаға белгілі.
2-жүргізуші:
-Бұл  тапсырманы   орындау  үшін «Оқуға  құштар   мектеп» жобасы  енгізілді.
1-жүргізуші:
«Оқуға  құштар мектеп   жобасы» оқушылардың,кітапханашылардың, ата-аналардың  арасында оқу   сауаттылығының  қалыптастыруы  мен жетілдіруде.
2-жүргізуші:
 Оқу   мәдениетінің  деңгейін  арттыруға және  оқуды   насихаттауға бағытталған. «Кітап   мен  үшін  тақтан   да  қымбат»  деген   сөздің  мағынасы қандай тамаша!
1-жүргізуші:
  • Бұл  іс-шара жобасы  бойынша «Кітап оқы, рухани  бай   бол» атты сыныптан  тыс сағатымызды бастайық.
Әділқазы   алқаларымен таныстырып өтейін
1....................................................................
2........................................................................
3..............................................................................
2-жүргізуші:
-Ондай  болса   экранға  назар  аударыңыздар.   
«Отбасымызбен  оқуға   құштармыз» атты бейнероликті тамашалаңыздар.
«Библиофреш»
(Кітапханадағы жаңа  кітаптарға библиографиялық шолу  жасау     )
1-кезең 
 «Әдеби джем»(Ақын-жазушылардың өлең  жолдарын дұрыс орналастыру)
 1-оқушы 
  Кітап оқыған адамның сөздік қоры көбейеді. Ойлау қабілеті артады.Бір ғана шығарманы оқыған   адам өз ойын еркін жеткізе  алады. 
 2-оқушы 
  Адамзат баласы миын  дамыту үшін әрқашан  жаттығулар жасау керек .  Ол үшін үнемі кітап оқып,оқыған кітаптың мағынасын түсіну қажет.Ең көп кітап оқитын елдер олар Ресей,Қытай,Испания.Бұл елдерде 8-10 сағат уақытын кітап оқуға арнайды екен.Мен енді аптасына 4 сағат кітап оқимын.
3-оқушы
 Кітап оқыныз!Кітап аяулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интелегент бола бастадым деп санауына болады ,- деп Мухтар Әуезов атамыз айтып кеткен.
4-оқушы 
 Кітап оқымаған адам-тамырсыз қаңбақ, Кітап-ол ең сабырлы ұстаз.
2-кезең «Мен жазушымын» (эссе жазу)
Ана  асыл   жан
Әке –асқар  тау
Туған жер-алтын       бесігім
«Кітаптар» биі   
3-кезең  «Оқылған мәтін  жарнамасы» 
4-кезең «Әдеби  аукцион» 
1 Мақал мәтелді   жалғастыр 
1-топ
1 Білетінің бір тоғыз,
    Білмейтінің .................  (тоқсан тоғыз ) 

2  Киіміне қарап  қарсы  алады,
    (Біліміне).............. қарап шығарып салады. 

3 Күш — білімде, білім — .................(кітапта).
4Қына тасқа бітеді,
 (Білім)..........басқа бітеді.

 5Білегі күшті бірді жығады,
    (Білімі күшті).......... мыңды жығады.

  6 Өз білмегеніңді кісіден сұра,
          Үлкен жоқ болса..........( кішіден) сұра.

7 Ақыл — тозбайтын тон,
     Білім –.........................( таусылмайтын кен.)

     8  Білім арзан, (білу).............. қымбат.
 2-топ
1Екпей егін шықпас,
 Үйренбей( білім)............ жұқпас. 

2  Наданмен дос болғанша,
 (Кітаппен)................. дос бол.3Алтын алма, (білім)................. ал.

4 Ғылым — теңіз, білім — (қайық)................ 
5 Тіліңмен жүгірме, (біліммен)............. жүгір 
6 Өнер — ағып жатқан бұлақ,
 (Білім)............... — жанып тұрған шырақ. 

  7 Білім басы — бейнет, соңы — (зейнет)..............
8 Оқусыз білім жоқ,
 (Білімсіз)............. күнің жоқ. 

3-топ 
1Оқу (инемен)................. құдық қазғандай. 
2 Ойнада күл,
     Оқыда............. (біл). 

3 Оқу — (білім)............... азығы,
     Білім — ырыс қазығы.

4 Білімдіге дүние жарық,
  ( Білімсіздің) ...............күні қаріп. 

  5 Білім таппай мақтанба,
    Өнер таппай( баптанба)................ 

6Қолдағы бар алтынның (қадірі).......... жоқ 
  7 Ақыл азбайды,
 (Білім)............... тозбайды. 

8 Көре –көре көсем   боласың,
(Сөйлей-сөйлей) ................. шешен  боласың.
2 « Жаңылмай қайтала»  20 балл
1-топ
1 Арқада алты арқар бар,
 Қырқада қырық арқар бар.
 Қырық арқарда ақ арқар бар.
 Алты арқарда марқа арқар бар.
 
 2 Ақ тайыншаның қатығын,
 Аппағыма беремін.
 Аппағымның атын тез,
 Айтқаныңа беремін.
 2-топ 
  3 Ала бие құлындады,
 Қара бие құлындамады.
 Әжем соны ырымдады,
 Атам оны ырымдамады.
                                                   
4 Көк аспанда жұлдыз бар,
 Мөлдір суда құндыз бар.
 Жұлдыз түнде жылтырар,
 Құндыз түнде жылтырар.
3-топ 
5 Үш кіші ішік піштім,
 Бес кіші ішік піштім, –
 Неше кіші ішік піштім?!
6 Көк аспанда жұлдыз бар,
 Мөлдір суда құндыз бар.
 Жұлдыз түнде жылтырар,
 Құндыз түнде жылтырар.
3  Кітап оқудың  пайдасы 30-балл
(оқушылар кітап оқудың   пайдасы  туралы ойларымен бөліседі)
Қорытынды сөз әділқазы алқасына беріледі.