"Тіл-достықтың алтын көпірі" Қайранбекова Э. » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
февраль
2023

"Тіл-достықтың алтын көпірі" Қайранбекова Э.

1-жүргізуші 
Қайырлы күн!  Қымбатты қонақтар! Ұлағатты ұстаздар мен оқушылар!
2-жүргізуші 
  Қазіргі ең таза, ең бай, ең табиғи және бұзылмай, бұрынғы қалпында сақталып қалған тіл болса, ол – қазақ тілі 
1-жүргізуші 
Ана тілім, Жүрегісің анамның.
Жүрек-ана, Мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін, 
Сенсіз мынау керегі не ғаламның!
Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем, 
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
2-жүргізуші:
 «Родной язык - святой язык.
Отца и матери язык
Как ты прекрасен! Целый мир
В твоём богатстве я постиг!».
1-жүргізуші:
 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күніне орай өздеріңізбен қауышып отырмыз. Тіл мерекесіне арналған ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
2-жүргізуші: Олай болса, тіл мерекесіні бастайық!( музыка ойналады)
Би «Шашу» 
Көрініс  «Тілім менің»(Күй орындалып тұрады)
           Ханшайым
- Уа халайық , Бұл жерде  қандай мереке болып жатыр?
1-жүргізуші Хош келдіңіз тілдер мерекесі өтіп жатыр.
Ханшайым : Тілдер патшалығына саяхат жасауды көптен көңіліме түйіп жүр едім. Соның сәті бүгін түскен сияқты. Мен қазақ тілі туралы білсем деймін.
  1-оқушы     Алинур
- Сонау 5 - 6 ғасырдан бастап уақыт санына төтеп беріп, бүгінгі күнге дейін жеткен Орхон - Енесей, Талас сына жазулары қазақ тілінің кезінде өркендеп, гүлденген дәуренін айғақтайды.
 2- оқушы     - Қазақ тілі - Әйтеке, Төле, Қазыбек билер сынды шешендердің, Абай, Жамбыл, Ахмет, Мағжан, Сәкен, Мұхтар сияқты алып ақын - жазушылардың, Қажымұқан, Бауыржан батырларың тілі. Қазақ тілі - қазақтың жоғын жоқтап өткен Ш. Уәлиханов пен Т. Рысқұловтай арыстың тілі.
 Ханшайым  :  - Туған тілім туралы өлең тыңдасам деймін.
3-оқушы 
Сүйемін туған тілді - анам тілін,
 Бесікте жатқанымда-ақ берген білім
 Шыр етіп жерге түскен минутымнан
 Құлағыма сіңірген таныс үнім.
4- оқушы
Ерлiк, елдiк, бiрлiк, қайрат, бақ, ардың, —
 Жауыз тағдыр жойды бәрiн не бардың...
 Алтын Күннен бағасыз бiр белгi боп,
 Нұрлы жұлдыз, бабам тiлi, сен қалдың!
 
 
Ана тілім,
 Жүрегісің анамның.                   Хормен 
 Жүрек-ана,
 Мен өзіңнен жаралдым.

 5-оқушы 
Қадірлі, бағасы алтын анам тілі,
 Сенімен бағаланған балаң түрі.
 Төрт бөліп түн ұйқысын жұбатам деп,
 Сенімен әлдилеген анам мені.
6-оқушы
 Қасиетті қадірлі тілім менің,
 Тілім менің енді алда сүрінбегін.
 Жаңаша ойлау,тәуелсіздік арқасында,
 Мәртебең биіктеп тұр бүгінде бұл.
Ана тілім,
 Алтын ұям, құндағым,
 Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым.              Хор

Ханшайым   ашуланып 
  - Менің кім екенімді білмейді - ау, шамасы, маған ешкім жоғары шық демейді. (жерге хат түсіп қалады ) Нөкері ашып оқиды:
 Дүниеде не ащы?
 Дүниеде не тәтті?
Ханшайым 
 - Мұның мәнісі неде? - деп оқушылардан сұрайды.
1-жүргізуші
 - Мұның жауабын білу үшін «Данышпан атаға» хат жазған болатынбыз. Бүгін сол хатымыздың жауабы келді. Балалардың жауабын салыстырып көрейік. Хатты ашып оқиық.
 
 Хатта:
 О,  Халқым!
 Дұрыс сөйлей білуде өнер, жүйесін тауып сөйлеген сөз жүрекке жетіп, жүйені босатады. Сондықтанда тіл - тәтті. Жебе салған жара жазылар, балтамен оталған орман қайта өсер, бірақ тілдің жарасы жазылмас. Сондықтан да тіл - ащы.
 
 
(Сол уақытта қақпа ашылып, жасанды гүлдермен безендіріп жасаған бұлақ басынан «Ана тілім - қазынам» деген кітапты патша қолына алып, парақтай бастайды).
 Ханшайым
 - Маған көмек қажет болды, кім көмектесер екен? Мына кітапта сұрақтар беріліпті кім жауап берер екен ?
1-сұрақ  «Тіл туралы заң» қашан қабылданды?
     Оқушы
1989 жылы 22 қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданған болатын.Сондықтан біз ана тілімізді – халқымыздың мәдени дәрежесін көтеруге пәрменді құрал болып отырған, мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған қазақ тілін терең де тиянақты меңгеруіміз керек.
2-сұрақ Мемлекеттік статусқа неше тіл енді?
Оқушы 
  Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік деген статусқа ие болған. 1989 жылы «Тіл туралы» Заң қабылданғаннан бері қазақ тілі де осы мемлекеттердің қатарына кіргеніне қуаныштымыз.
3- сұрақ   Ендеше, адамзат тарихындағы көп тілді меңгерген полиглот ғалымдарға тоқталсаңдар 
Оқушы :
 Шығыс ғұламасы Әл-Фараби 70-ке жуық тілді меңгерген. Ұлы Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген.
Оқушы :
А.С.Пушкин француз, ағылшын, неміс, итальян, испан, латын, грек, славян тілдерін білген. Көне еврей тілін зерттеген. Луначарский испан тілін 57 жасында үйренген екен.
Оқушы :
 Қазақ халқының ана тілі – қазақ тілі екенін бәріміз де білеміз. Осы өзіміздің ана тілімізді байытуымыз керек. Халық тілінің мазмұнын байытқан қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы.  
 Оқушы 
Дүниежүзінде ресми тіл саны алтау: қытай тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, испан ті
Оқушы
Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік деген статусқа ие болған. 1989 жылы «Тіл туралы» Заң қабылданғаннан бері қазақ тілі де осы мемлекеттердің қатарына кіргеніне қуаныштымыз.
Тіл – халық тарихы, 
тіл – ұлттық қазына, 
 тіл біздің намысымыз,
арымыз, байлығымыз,барымыз         хормен 
Ханшайым : 
- Ойпырмай! Тілдің құдіреті осы де. Балалар, сіздерге үлкен рахмет.
(Жоғары шығыңыз ханшайым)
Ән :  «Жаса ,жаса   қазақ тілім»
 1-жүргізуші    «Ұлттар достығына кезек берейік»
 Өзбек ұлты
Өзбек ұлты болсам дағы араңда,
Қазақ тілдің қасиетін бағамда.
Қасиетін ұғынамын ендігі,
Дәріптеймін мен әрдайым саған да.
Орыс ұлты
Орыс тілін жаңғыртсам да  мұндалап,
Қазақ тілі тұлғамда ерек тұр қарап.
Құдіретін сезінемін айрықша ,
Мақалы мен мәтеліне бір қарап.
Итальян ұлты
Итальяндық мен боламын ендігі,
Бірақ  болсын қазақ тілдің  теңдігі.
Әуезділік бағыт сондай керемет,
Алға  тартып айтып өтем  мен мұны.
Үнді ұлты
Үнді халқын  паш етсем де әлемге,
Қазақ тілін атай жүрем әр  елде.
Тазалығы  мөлдір аққан бұлақтай,
Қарсы алатын күлімсіреп  «Сәлемге».
Ұйғыр  ұлты 
Ұйғыр халқы өкілі мен боламын,
Қазақ тілмен өсіп –өніп толамын. 
Құдәретін өне бойдан сезініп,
Шын  достықтың тұғырына  қонамын.
Қазақ ұлты
Ана тілің біліп қой,
 Еркіндігің, теңдігің.    Хор  
 Ана тілің біліп қой,
 Мақтанышың, елдігің.
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
(ұлттар биі)
Ән :  «Қазақ тілім»
Қазына  
Салт-дәстүрдің бойындағы қаны – сол халықтың ана тілі. Ендеше, ана тілдің мерейін көтерейік, ағайын!
Балым  
Адам ана тілімен бақытты, ана тілімен асқақ. Өз халқын көркейтпей тұрып, өзге елді жайнатам деу бекершілік.
    Рамазан 
 Өз халқының талай ғасырғы тарихын таратып айтқан өрелі ойлы, өр таланттар алдымен ана тілін ардақтап, туған тілін қадір тұтқан.
1-жүргізуші: Құрметті көрермен қауым! Кешімізді көңіл қойып, тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!
2-жүргізуші: Келесі Тіл мерекесінде жақсылықпен қауышқанша сау болыңыздар!