Тәрбие сағаты » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
май
2023

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Ұстаз - үлгі - өнеге, ұлағатым ! Мақсаты:оқушыларға ұстаз-екінші ана екендігін түсіндіру.Мерекелерімен құттықтау.Танымдық қабілеттерін арттыру,мұғаліммен оқушы арасындағы байланысты нығайту. Айналасына білім,тәрбие нұрын шашып.адамгершілік нұрын төгетін ұлы тұлға –ұстазға деген құрмет білдіруге,адамгершілік қасиетке тәрбиелеу. Әдіс-тәсілі:әдеби монтаж,көркем сөз. Көрнекілігі:нақыл сөздер,презентация. Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру. 2.Құттықтау сөз
1-жүргізуші:Балалардың бағы болып басты әні,
Ұстаз елді болашаққа бастады.
Нұрын шашып ұстаздықтың дастаны,
Ашық болсын туған елдің аспаны.
2-жүргізуші: Аспандағы жұлдыздардай жанды үміт,
Арайлап ата берсін таң күліп.
Жақсы ойлары жүректерді жаңғыртып,
Ұстаз ісі жасай берсін мәңгілік.
1-жүргізуші:Сәлеметсіздер ме,құрметті ұлағатты ұстаздар!
Сіздерді дәстүрлі ұстаздар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. 2-жүргізуші:Баршаңыздың отбасыңызға амандық ,бақ-береке ,еңбекте ріңізге шығармашылық табыстар тілейміз!
Мұғалімнің сөзі: Ұстаз!Осы бір сөздің өзінде қаншама мән-мағына ,қасиетті ұғым жатыр.Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «Жақсы мұғалім—мектептің жүрегі»-деген Ы.Алтынсарин атамыз.Жүрексіз өмір болмаса ,мұғалімсіз білімнің,тәрбиенің іске аспайтыны белгілі.Небір данышпан адамдар,қарапайым еңбеккерлер,тіпті
арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.Ол-ұстаз!Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес.Адамды тәрбиелеп,оны азамат етудің өзі бір үлкен күш,сондықтанда ұстаздың еңбегі - ұлы еңбек.Сонымен «Ұстаз-үлгі-өнеге,ұлағатым!» атты тәрбие сағатымызды ашық деп кезекті оқушыларға беремін.
1.Мұғалім деген-ерекше тұлға дара шың,
Ұмытылмастай өмірде мәңгі қалатын.
Мұғалім деген –аяулы адам асыл жан,
Шәкірт көңіліне күй болып жайнап жанатын.
Хормен барлығы:
Құрметіне ұстаздың тік тұрайық.
Алаңдап басқаға біз бас бұрмайық.
Аяулы ұстаздардың бұл мерекесін Барлығымыз қуанып қарсы алайық!

2.Жадыраған жаздай жылы жаны бар,
Жақсылықтың шырағы болып шағылар.
Қадірлі ұстаз гүлмен бірге жолдаған,
Шәкірттеріңнің жүрек сөзін қабыл ал.

3.Армысыздар,мұғалімдер –әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би-билеп,әнде бүгін шырқалар.

4.Ізгілікті өн бойына жинаған ,
Шәкірттерге жан жылуын сыйлаған.
Қалап берген ірге тасын білімнің,
Хош келіпсіздер-дүниеге сыйлы ұстаздар!

5.Әр жүйенің еңбекте тірегісің,
Тәрбиенің мектепте жүрегісің.
Жасыл баққа сән берген бағбандай-ақ
Жас ұрпаққа үлгі боп жүрер ісің.

6.Ғылым иесі ғалым да,ел қорғаған батыр да,тілінен бал тамған ақын да, мал бағып терін төккен шопан да,ғарышкерде бәрі-бәрі ұстаздан тәлім- тәрбие алған,сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады.


7.Әдетте оқушының бойына білім-білік дағдыларын дарытып,зердесіне ғылым негіздерін тоқитын,алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрететін—ұстаз. Ән:Хор. «Мұғалім ол біздің»
8. Анадай бесік тербеткен
Түн қатып,сансыз дәптерге ғана түнейсің.
Суарып білім шәрбетпен
Дүниеден бізге жақсылық қана тілейсің.

9.Үйретіп өмір ұстазым
Үлгілі іске нұсқадың
Ақкөңіл ,іскер қашан да,
Ақылшым –менің ұстазым!
10.Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін
Ұстаздық алып жүрген атын еркін
Біз сізге алуан гүл ғып ұсынамыз
Жүректің алғысы мен рахметін.
(Өздерінің гүлдерін ұстаздарға беріп, құттықтайды)

11.Шәкірттерін азамат қып саналы,
Ұстаз ана –дана бола алады,
Ең бастысы ұстаз мына өмірде
Ұлағат боп,ұлылық боп қалады.
Мұғалім:Ендеше ұстаз сөзінің формуласы қандай?(сол сәтте бес оқушы шығып ұстаз сөзінің формуласын көрсетіп айтады)
Ұ – ұлағатты
С – салмақты
Т – тапқыр
А – ардақты
З – замандастай зиялы
12.Ұстаз болу –жүректің батырлығы
Ұстаз болу –сезімнің ақындығы
Ұстаз болу мінездің күн шуағы
Азбайтұғын адамның алтындығы

13. Ұстаз мейірі мен ана мейірімі егіз
Ұстазы бейілді болса,
Шәкірті зейінді келеді
Өмірдің діңгегі—ұлы ұстаз. 14. Мұғалім! Бұл адамның ардақты аты ,
Білімдік бар биікке шығар саты
Ең алғаш басталады осы адамнан,
Сүйеді сондықтан да жақын жатты
15.Жайраңдап көктемім
Күледі көкте күн
Құшағын жайып
Аяулы мектебім
Санама нұр құйған
Ұстазым көп менің.
16.Сөз сөйлесе,жарқын-ақ
Күніміздей жарқылдап
Қызық өтіп сабағы
Өсіреді ой- сананы ,
Біздермен ойнап күледі,
Сырымызды біледі
Қасымызда қашанда
Қамқор болып жүреді.

Алғаш рет өзіңнен Білім алды балалар! Оқу сырын өзіңнен Білім алды балалар!
Хор«»
17.Кемшілікті кезінде
Кесіп айтар өзіңе
Өнеге мол өзіңе
Өсиет көп өзінде
Көзімнің хошын-ай
Көп шәкірттің досындай
Ақ ниетті, кеңпейіл
Ұстаздарым осындай.

18.Қоңырау дауысы сыңғырлап құлаққа,
Естіледі,тынбады созылды ұзаққа.
Жүректі тербеді,сезімді серпілтіп
Мектепке ұмтылдым,жүрсем де жырақта.

19.Мынау менің сезгенім
Ол—сыныптың анасы
Өзінің де,өзгенің
Баласы—оның баласы

20.Күнде бестік алсаң сен
Онда басқа жоқ арман
Ал, оқымай барсаң сен
Бір тал шашы ағарған.

21.Әліппені қолға алып
Әріпті алғаш таныдық
Талай тоқсан толғанып
Сырын ұқтық қанығып

22.Ардақты менің ұстазым
Әліппені оқытқан
Білімнің кілтін ашатын
Кеудеме сырды тоқытқан.

23.Білімді де зейінді
Білмейтін еш кеюді
Ұстаз болам мейірлі.
Білетін бар өнерді ,
Білгір сөзі мәнерлі,
Ұстаз болам өнерлі.
Зерттеп терең ғылымды
Зерлеп ерен ілімді.
Ұстаз болам білімді.
Көп шәкіртті баламдай
Көретін,ой санам бай.
Ұстаз болам анамдай!
Хор «Мектебім аяулы мектебім»
24.Мұғалім:Сүйікті ,парасатты мұғалімім
Өзіңдей жанымды ұғады кім?
Бас иіп,шәкіртіндей құрмет тұтып
Алдыңнан алғыс өлең шығар бүгін.
Қолыңнан әр шәкіртің ұшқан түлек 1-жүргізуші:Келесі кезекті ұстаз ұлылығы жайлы айтылған ұлағатты сөздерге береміз.

1.Ұстаздық—ұлы құрмет, себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді.Болашақтың басшысын да,данасын да,ғалымын да,еңбекқор егіншісін де ұстаз өсіреді.

2.Мұғалім—оқушы үшін ең жоғарғы адамгершіліктің үлгісі.Сондықтан да,ол оқушы жүрегінде ұмытылмас із қалдырады.

3.Мұғалім—өзінің білімділігімен,жүріс-тұрысымен,жайдары мінезімен,тіпті сырт- пішіні, киген киімімен оқушысына жақсы әсер етеді.

4.Мұғалім—өзінің бойындағы,барлық жігерін,білімін,бойындағы барлық бағалы қасиетін өзінің оқушыларына,халқына беріп отырады.

5.Әдетте оқушы бойына білім-білік дағдыларын дарытып,зердесіне ғылым негіздерін тоқитын,алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрететін—ұстаз!

25.Көрдім де соларды-қызықтым ісіне
Сан сұрақ оралды-ұстаздың ісіне
Ұстаз кім?Ұстаз ба, ол—Ана!
Өмірдесеніде,мені де ешкімге қаққызбай,
Ұстаз кім?Мұғалім ол—дана!
Жасқа да,қартқа да қамқоршы сол ғана
Ұстаз ба?Ұстаз ол—ер диқан.


Ұстаз деген — ұлылардың анасы, Ұстаз деген – ұлылардың данасы. Ұстаз деген — жақсылардың жалғасы, Ұстаз деген ұлылардың каласы, —

26.Ұстаз кім—ол зергер,дәрігер,қайраткер.
Ойында оның ел болашағы сайрап тұр.
Бүгінгі ұлан ұстазымыздан үлгі алған.
Ертеңгі ғалым,президент,не маман,
Ғарышкер де,қаламгер де,әртіс те
Мұғалімге де нарық салып салмақты
Мойымайтын дархан тұлға
Ұстаз ғана емес пе?
2-жүргізуші:Сондықтан да ұлағатты ұстаздар,сіздерге бүкіл адам баласы бас иеді. Бәрі (Хор)
Ұстаздарға мың алғыс! Мерекелеріңіз құтты болсын!
1-жүргізуші:Енді ән шашуымызды қабыл алыңыздар!
1. «Ұстаз ана»әні орындайтын Асхат Алибек пен Ерғанатов Ерғали
2.«Шашу» билейтін Шаймурат Амина
3. «Ұстазым менің »әні орындайтын Құлжабек Сағыныш
4.«Шаршама,Ұстаз» әніне вальс 5. «Кел балалар,оқылық!»әні хор

2-жүргізуші:Құрметті қонақтар ұстаздарға арналған мерекелік кешімізді аяқтаймыз.Көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін көп рахмет! Аспандағы жұлдыздардай жанды үміт,
Арайлап ата берсін таң күліп.
Жақсы ойлары жүректерді жаңғыртып,
Ұстаз ісі жасай берсін мәңгілік.
2-жүргізуші:Баршаңыздың отбасыңызға амандық ,бақ-береке , еңбекте ріңізге шығармашылық табыстар тілейміз! 2жүргізуші:Ендеше ұстаз сөзінің формуласы қандай?(сол сәтте бес оқушы шығып ұстаз сөзінің формуласын көрсетіп айтады)
Ұ – ұлағатты
С – салмақты
Т – тапқыр
А – ардақты
З – замандастай зиялы
2-жүргізуші:Ұстаз кім—ол зергер,дәрігер,қайраткер.
Ойында оның ел болашағы сайрап тұр.
Бүгінгі ұлан ұстазымыздан үлгі алған.
Ертеңгі ғалым,президент,не маман,
Ғарышкер де,қаламгер де,әртіс те
Мұғалімге де нарық салып салмақты
Мойымайтын дархан тұлға
Ұстаз ғана емес пе?
2-жүргізуші:Сондықтан да ұлағатты ұстаздар,сіздерге бүкіл адам баласы бас иеді. Бәрі (Хор)
Ұстаздарға мың алғыс! Мерекелеріңіз құтты болсын!
2.«Шашу» билейтін Шаймурат Амина
3. «Ұстазым менің »әні орындайтын Құлжабек Сағыныш
Сөз кезегін мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Көбенбаева Сандуғаш Батықанқызына береміз.
2-жүргізуші:Құрметті қонақтар ұстаздарға арналған мерекелік кешімізді аяқтаймыз.Көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін көп рахмет!