Еңбек-қуаныш,жалқаулық-азап
Сабақтың тақырыбы: Еңбек- қуаныш,жалқаулық-азап.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың “еңбек” құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, еңбек пен жалқаулық туралы түсінік беру;еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың кезеңдері:
І арал: Кел, балалар оқылық!
ІІ арал: “Ой-жүйрік ”
ІІІ арал: “Көңілді шаттық шеңбері”
ІІІ арал. Кел досым, би биле
V арал. Шығармашылығыңды шыңда
Сабақтың барысы:
1-жүргізуші:
-Армысыздар құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар мен оқушылар! 3«Г» сынып оқушылары арасында өтетін «Еңбек- қуаныш,жалқаулық-азап» атты саяхат сабағымызға қош келдіңіздер! Еңбекқор азаматтарымыз көп болсын! 2-жүргізуші:
Біз бүгін сынып оқушылары кемемен «Еңбексүйгіштер еліне» саяхатқа шығамыз.Ал саяхатты бастамас бұрын оқушылар , еңбектің пайдасы қандай?
-Тәрбиелейді-Қуантады - Еңбектің пайдасы - жігерлендіреді
Бақытты етеді - үнемшіл болуға үйретеді - өмір сүруге үйретеді
Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға баулиды, жігерлендіреді, шынықтырады. Ия, балалар, еңбек етсең, ерінбесең барлық мақсат – мұраттарға жетесіңдер.
Ал жалқаулықтың зияны қандай?
Жалқаулықтың зияны
Ұқыпсыз – еріншек – тәртіпсіз – ұйқышылдық болып табылады.
1-жүргізуші: «Еріншекке бүгіннен ертең оңай», «Бағайын десе малы,Ауырайын десе ауруы жоқ» «Еріншектің ісі – екі»,- деген ата-бабаларымыздың мақал сөздері бар. Абай атамыз: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар: Содан қашық болу керек: біріншісі- надандық, екіншісі- еріншектік, үшіншісі- залымдық» еріншектік адамды қор қылады,-деуі де сондықтан.
2-жүргізуші:
Балалар, біз болашақта ата –ананың үмітін ақтар, еңбекқор саналы азамат болатынымызға сенімдімін. Біздің қазіргі міндетіміз жақсы оқып, тәртіпті болу. Жақсы оқудың да өзі де еңбек. Олай болса бізге«Еңбексүйгіштер еліне» баруға 1ші аралдың тапсырмасы да дайын екен.
І арал: Кел, балалар оқылық! Оқушылар дайындап келген тақпақтарын айтады.
2-жүргізуші: «Еңбек түбі – зейнет». Еңбек әрбір адамды зейнетке жеткізеді. Еңбек етсең еш нәрседен кем болмайсың. Еңбек етсең барлық нәрсеге қол жеткізесің. Балалар сендердің еңбектерің сабақты жақсы оқып, әке – шешелеріңді қуанту. Жалқау, еріншек балалар үнемі 2, 3 бағаларын алып жатады. Өйткені олар еңбектеніп оқымайды.Олай болса білімімізді келесі аралда сынап көрсек.
ІІ арал: “Ой-жүйрік ”
«Зерделі болсаң жетерсің биік шынарға» Көп нүктенің орындаған сөздерді табу.
1. Бейнетің қатты болса, Татқаның ...(тәтті болар)
2. Көз қорқақ, қол ...(батыр)
3. Еңбекшіге әр күн ... (сәт)
Еңбексізге бір күн ...(сәт)
4. Адамды адам еткен .. (еңбек)
5. Еріншек түске дейін ұйықтайды,
... (Кешке) дейін есінейді.
6.Еңбек етсең .. .(емерсің)
7.Еңбек бәрін . .. .(жеңбек)
8.Еңбектің наны ….(тәтті)
Жалқаудың жаны ….(тәтті)
1-жүргізуші: Абай – Адам, ең бастысы, еңбектенуге, бір іске күш – қуатын, ақыл – ойын жұмсауға ерінбеуі керек. Өйткені жалқаулық, еріншектік адамның өзін және өмірін тоздырады. Ал ерінбей еңбек етсең мақсатыңа, арманыңа жетесің. Арманың орындалса, өзіңді бақытты санайсың.
ІІІ арал: “Көңілді шаттық шеңбері”
Сөзі мен әнін жазған А. Меңжанова
Жақсы бала еңбекшіл
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүл толады.
Қайырмасы:
Еңбекшіл осындай ,
Болайықшы досым-ай.
ІV арал. Кел досым, би биле
1-жүргізуші:Ал оқушылар соңғы аралымызға да келіп жеттік.Олай болса экранға зер салайық.
V арал. Шығармашылығыңды шыңда
Экраннан «Құмырсқа мен қоңыз»мультфильм көрсетіледі.
Кейіпкерлерді сипаттау.
Олай болса біз Еңбексүйгіштер елінің астанасына да келіп жеттік.Ендеше еңбекқор жандармен сұхбаттасып көрсек қалай болар екен.
Қорытындылау
2-жүргізуші:Адам бойындағы ең бір жағымсыз қылық – еріншектік, ондай адамның іске мойны жар бермейді. Осыған байланысты Абай атамыз 38 – қарасөзінде «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек. Әуелі – надандық, екінші - еріншектік, үшінші – залымдық – деген екен.Жақсылыққызы Алима би