Кім білгір, кім алғыр? » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
январь
2023

Кім білгір, кім алғыр?

Сайыстың тақырыбы: Кім білгір, кім алғыр?

Сайыстың мақсаты:  

Оқушыларды білімді, жан - жақты болуға баулу. 

Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Көшбасшылық қабілеттерін ояту. 

Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, іздене білуге, тез ойлауға тәрбиелеу.

Әдісі: сайыс сабақ

Көрнекілігі: сайыс презентациясы, тақырып, суреттер, мақал-мәтелдер


Сайыстың барысы:


Жүргізуші:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің!


Армандарды жақындатып тым алыс,
 Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
 Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
 О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

       -Армысыздар  құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар мен оқушылар! Егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік мерекесіне арналған 2 «Б» сынып оқушылары  арасында өтетін «Кім білгір, кім алғыр?» атты  зияткерлік ойынымызға  қош келдіңіздер! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мәңгілік болсын!


Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына!

Ұкыптылық пен зеректік,

Жеткізер сіздей өренді

Білімнің нәрлі сырына

Қадамдарың оң болсын, - дей келе сайыскерлерімізге сәт сапар тілеп, бүгінгі ойынымыздың кезеңдерімен таныстырайық.

1-кезең: Таныстыру

2-кезең: Бәйге

3-кезең: Тіл өнері

4-кезең: Біздің өнер

5-кезең: Дода! деп аталады


Өнер менен білімде,

Әркімнің өз жолы бар.

Сайысарлық бүгінде

Өзіндік менің үнім бар, - дегендей білімпаз топтар өздерін таныстырып өтсін


І кезең Таныстыру кезеңі. 

Ітоп

Біздің топ: «Тұлпар»
 Біздің ұран
: «Тұлпардай біз шабамыз,
                       Бәйгеде біз озамыз!»


ІІ топ
 
Біздің топ: «Барыс»

Біздің ұран: "Барыстай  жүректі, қайраттымыз, 
                         Жігерлі де, білімді, айбаттымыз!"


ІІІ топ
 
Біздің топ: «Қыран»

Біздің ұран: «Қырандай қалықтаймыз, оқудан жалықпаймыз!»


Осымен «Таныстыру» кезеңіміз аяқталды.


- Қарап тұрмай  бәйгеге  еріңіз,
 Шәкірттерге  әділ  шешім  беріңіз.
 Жүзден  жүйрік, мыңнан тұлпар  шығарар,
 Бәйге, бәйге, бәйгелерді  көріңіз, - дей келе  біз  келесі «БӘЙГЕ»  кезеңін бастайық.
 Бұл кезеңде әр топқа 10 қарапайым сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
 Жауапқа он бес секунд уақыт беріледі, одан кейінгі жауаптар қабылданбайды.


 І топ сұрақтары:

1.1метрде неше сантиметр бар? (100см.)

2.Қазақ тарихында ғарышқа алғаш болып кім ұшты?(Т. Әубәкіров)

3.Л,м,н, ң, р, й, у қандай дыбыстар? (үнді)

4.Астана қай өзеннің жағасында орналасқан?(Есіл)

5.Тудың авторы?(Ш.Низбеков)

6.Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесі қашан тойланады?(22-

    қыркүйек)

7.Ұлы Жеңіс күні? (9-мамыр.)

8. 1сағаттың үштен бірі қанша минут? /20минут/

9.«Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы? /Ы.Алтынсарин/

10.ҚР-ның президенті кім? /Қ.Тоқаев/


ІІ топ сұрақтары:

1.Тәуелсіздік мерекесі қай күні ? /16 желтоқсан/

2.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. /қазақ тілі/

3.«Үш бақытым» өлеңінің авторы ? /М.Мақатаев/

4.1 жылда қанша күн бар? /365 күн/

5.Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал /тұсбағдар/

6.Әнұранның авторлары? /Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев, Ш.Қалдаяқов/

7.б,в,г,ғ,д,ж қандай дыбыстар? /ұяң/

8.Жуан дауысты дыбыстарды ата. /а,о,ұ,ы/

9.1 ғасырдың екіден бір бөлігі неше жыл? /50жыл/ 

10.Байды үнемі алдап кететін кейіпкер. /Алдаркөсе/


1.1 тоннада неше килограмм бар? /1000кг/

2.Елтаңбаның авторлары. /Шота Аман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков/

3. Конституция күні /30 тамыз/

4.Жіңішке дауысты дыбыстарды ата? /ә, е, і, ө, ү/

5.Дүние жүзінің чемпионы, балуан атамыз? (Қажымұқан)

6.«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы? /А.Құнанбаев

7.1 тәуліктің ширегі қанша сағат? /6 сағат/

8.Қазақтың үш биі /Қазыбек, Төле, Әйтеке/

9.Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? /үшке/

10. Қазақ тілінде бір адамның өз ойын білдіріп сөйлеуін не дейді?/монолог/



Жүргізуші:

  • Мәңгі  бақи  есте  қалар,
     Ғажайып  бір  сайыс  болсын.
     Білімдірек  шәкірт  озар,
     Қиынырақ  сұрақ  болсын, - деп біз  енді  сайысымыздың  келесі кезеңіне келдік. Келесі кезең «Тіл өнері» деп аталады. Бұл кезеңде сайыскерлерге кезектесіп жұмбақтар оқылады, жауабын үш тілде беру керек. Толық жауап берілген жағдайда 3 ұпай, екі тілде жауап берген жағдайда 2 ұпай, бір тілде айтылса 1 ұпай беріледі. Егер де толық емес жауап берілсе, басқа сайыскерлер жауап бере алады.


1. Ұрсаң оны зулайды, Қарғып жерде тұрмайды (доп, мяч, ball) боол

2.Құрғақ жерде сақтайсын, онсыз тамақ татпайсың.(тұз, соль, salt) солт

3.Аяғы жоқ жүреді,

   Аузы жоқ сөйлейді.( хат, письмо, letter ) летте

4.Бұл үйге көзсіз боп басың сұғасың,

   Бұл үйден көреген болып шығасың.( мектеп, школа, school ) скул

5.Қарап тұрсаң өзіңе,

   Сурет түсер көзіңе.

   Ол суретің ұқсайды,

   Дәл қазіргі өзіңе. (айна, зеркало, mirror) мирор

6.Қабат-қабат қаптама,

   Ақылың болса аттама. (кітап, книга, book) бук

    7.Шәкіртке жанашыр, 

   Мейірман кім, жаны асыл. (ұстаз, учитель, teacher) тиче
 
8.Қыста киімін тастайды, 

   Көктемде киіне бастайды. (ағаш, дерево, tree ) триү
 
9.Қардай аппақ, балдай тәтті. (қант, сахар, sugar) шуга

10. Кең әлемді кернейді, бірақ көзің көрмейді.(ауа, воздух, air) эйа

11.Әрі қызыл, әрі тәтті Татқан жанды таңырқатты (алма, яблоко, apple).аппл
 

 
Осымен, үшінші кезеңіміз де аяқталды. 


Шалқытып мерекеде ән салайық,
 Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Өнеріңді қане бүгін көрсетші, 

Ал біз оған қошеметпен қол соғайық –дей отырып топтарды өз өнерлерін көрсету үшін ортаға шақырайық


 Әр топ өз өнерлерін көрсетеді.


Ең қиыны жарыстың “Дода” келді,
 Мықтылары жарыста жеңсін енді.
 Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,
 Осы ойыннан көреміз ерен ерді.

Келесі кезеңіміз «Дода» деп аталады. Бұл кезеңде мектеп бағдарламасына сай 4 пәннен сұрақтар қойылады. Әр топ бір пәнді таңдайды және ұпай санын таңдайды, егер сұраққа дұрыс жауап берілген болса, таңдалған ұпай санын өз қоржындарына салады.

Қазақ тілі!

  1. Зат есім дегеніміз не?
  2. Мәтін түрлерін ата
  3. «Дәптер» сөзін тәуелде

Әдебиеттік оқу!

  1. Қаныш Сәтбаев кім?
  2. «Ақдауыл хан» әнгімесінің негізгі ойы неде?
  3. Халық қаһарманы Хиуаз Доспанова туралы не білесің?

Математика!

  1. Уақыт өлшем бірліктерін ата

3.     Тіктөртбұрыштың ауданын қалай табамыз?

  1. Көптаңбалы сандарда екінші класс не деп аталады?

Дүниетану!

  1. Күн жүйесінде неше ғаламшар бар?
  2. Өсімдік мүшелерін ата.
  3. Төменгі сатыдағы өсімдіктерге не жатады? Оның түрлерін ата


  • Сонымен, бүгінгі сайысымыздың соңғы кезеңі де аяқталды. Бүгінгі сайысымыздың жеңімпазы анықталған болар. Сөзді әділқазылар алқасына берейік.
  • Бүгінгі интеллектуалды сайысымызға қатысушыларға, ұстаздарға және көрермендерге үлкен алғысымызды білдіреміз.